Қала әкімінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 644 қаулысына өзгерістер мен толықтырула енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала әкімінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 644 қаулысына өзгерістер мен толықтырула енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылдың 16 наурыздағы № 331 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 644 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-2-80 тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде № 27 (1362), 32 (1367) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақ 2 тармақшаның 10 абзацдағы және қосымша атауы мен мәтініндегі: «Мүгедектер» деген сөздің алдынан «Жалғызілікті, сондай - ақ жалғыз тұратын қарттарға және» деген сөздермен толықтырылсын; 4 тармақшадағы және қосымша атауы мен мәтініндегі: «ресімдеу» деген сөз «беру» деген сөзбен ауыстырылсын; «өтеулі» деген сөз «өтемін төлеп» деген сөздермен ауыстырылсын. 1 тармақ 5) тармақшасы және 4) тармақшаның 2 абзац алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары О.Нұржаубаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: М.И.Абубикиров 25 маусым 2009 жыл «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Д.Қапарбаев 25 маусым 2009 жыл «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы