Об утверждении Программы реабилитации инвалидов на 2008 годы в Жаксынском районе Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына сәйкес және оңалтудың жүйесін жетілдіру, мүгедектердің өмірінің сапасын жақсартуға және оларға әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту мақсатында, аудан әкімдігінің № А-2/44 2006 жылдың 9 наурыздағы қаулысы бойынша, аудандық маслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жақсы ауданында мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жақсы ауданында мүгекдектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Жүзеге асырылуын бақылау тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аудандық мәслихаттың 2004 жылдың 11 наурыздағы № С-5/7 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шыққанан кейін күшіне енеді. КЕЛІСІЛДІ: 1. Аудан әкімі Е.Нұғыманов 2. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы: Қ.Дүзелбаев 3. Жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: Л. Сейдахметова 4. Аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы: Қ.Бұрғанов 5. Білім беру бөлімінің бастығы: Г.Тоқмырзина 6.Сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бастығы: Р.Әбділдина 7. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы: Д.Ақанов
Басқа 6. МАЗМҰНЫ
2006 жылдың 24 наурызындағы аудандық мәслихат сессиясында № С-28-7 шешімімен бекітілді Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы Жақсы, 2006 ж. МАЗМҰНЫ Бағдарлама құжаты 3 Кіріспе 5
Тармақ 1
1. Мүгедектіктің қазіргі таңдағы ахуалы және мүгедектерді оңалту 6
Тармақ 2
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті 7
Тармақ 3
3. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыты мен тетігі 7
Тармақ 3.1
3.1. Мүгедектік профилактикасы 7
Тармақ 3.2
3.2. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту 8
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Мүгедектерді оңалтудың жүйесін жетілдіру 9
Тармақ 3.2.1.1
3.2.1.1. Дәрігерлік оңалту 9
Тармақ 3.2.1.2
3.2.1.2. Әлеуметтік оңалту 10 3.2.1.3.Кәсіби оңалту 10
Тармақ 4
4. Қажетті қор және қаржыландыру көздері 11
Тармақ 5. Бағдарлама құжаты
5. Күтілетін нәтижелер 11 Бағдарлама құжаты Бағдарлама аты: Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы Әзірлеу үшін негіздеме: Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуірдегі №39-ІІІ «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» 2004 ж. 19 наурыздағы халыққа Жолдауы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 30 қарашадағы №1241 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының 3.2. тармағы. Бағдарламаны әзірлеуде жауапты мемлекеттік орган: Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Бағдарламаның мақсаты: Мүгедектерді оңалтудың жүйесін жетілдіру, мүгедектерге әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс сапасын жақсарту Бағдарламаның міндеті: Мүгедектерді сақтандыру жүйесін қалыптастыру; дәрігерлік әлеуметтік сараптамалық жүйесін жетілдіру; мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту; мүгедектерді оңалту жүйесін жетілдіру және дәрігерлік, әлеуметтік қызметтің спекторын кеңейту және мүгедектерді кәсіби оңалту; мүгедектерге берілетін компенсаторлы техникалық құралдардың, протез-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің сапасы мен атаулылығын қамтамасыз ету; мүгедектердің кедергісіз әлеуметтік транспорттық және рекреациалық инфрақұрылым нысандарына кедергісіз жүріп-тұруы үшін жағдай жасау; мүгедектерді жүмыспен қамтуда ықпал жасаудың белсенді түрін дамыту; бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мен рөлін арттыру; мүгедектердің аудандық мәліметтер жиынтығын құру. Қажетті қор және оларды қаржыландыру көздері: Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық, аудандьгқ бюджеттің қаржысы , сонымен қатар Қазакстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қаржылар бағытталады. Аудан бюджетінің жалпы шығыны 3 млн 385,8 мың теңгені құрайды, соның ішінде 2006 жылы - 1027,6 мың теңге, 2007 жылы - 1147,6 мың теңге, 2008 жылы - 1210,6 мың теңге. Күтілетін нәтижелер: Бағдарламаны жүзеге асыру: - ауданда мүгедектер бойынша бір жүйелі мәліметтер жиынтығын құруға; - дәрігерлік-әлеуметтік сараптаманың сапасын жетілдіруге; - оңалту ұйымының жұмысына осы заманғы технологиялық, ұйымдастырушылық, дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби технологияны ендіруге; -мүгедектерге ұсынылатын медициналық, әлеуметтік, білім және басқа да оңалту қызметінің сапасын арттыру және тізбелердің ауқымын кеңейтуге; -мүгедектер үшін әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарына және ақпараттық ортаға кіруге; - мүгедектердің еңбекке қол жетімділігінің ауқымын кеңейтуге себеп болады. Жүзеге асыру мерзімі: 2006-2008 жылдар. Кіріспе Мүгедектіктің проблемасының өзектілігі және оның кең ауқымдылығы әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға себеп болып отыр. БҰҰ-ның сараптамасының мәліметі бойынша мүгедектердің жалпы әлемдік құрамы 600,0 млн адамды құрайды немесе халықтың 10% . Оның ішінде 385 миллионы еңбекке жарамды жастағылар. Мүгедектердің жағдайын жақсарту әлемде де,сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік саясатта бірден-бір басымдылық бағытта. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы 1991 жылы қабылданып.2005 жылғы дейін қолданыста болды. ТМД ішінде біріншілердің бірі болып қабылданған заңда, әлеуметтік-экономикалық, қүқықтык және мүгедектердің өмірін жақсарту үшін жағдай ұйымдастыру заңдық негізде қарастырылған. Тоқсаныншы жылдың екінші жартысынан басталған экономикалық өсу әлеуметтік саясатты белсенді жүргізу үшін жағдай жасады. Жаңа жағдайда 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың Республикалық Бағдарламасы әзірленді. Осы бағдарламаны нетізге ала отырып мүгедектерді оңалтудың облыстық Бағдарламасы қабылданды және соған сәйкесті Жақсы ауданында - «2003-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың облыстық Бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша шаралар жоспары әзірленді. 2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалтудың Бағдарламасын жүзеге асыру 2005 жылы аяқталды. Сондықтан мемлекеттің мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оңалтудың мемлекеттік саясатының негізін жақын болашақта анықтау үшін жаңа Бағдарламаны әзірлеу қажет. Мүгедектерді оңалту бойынша қабылданған кешенді шара, Қазақстан Республикасында 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын жүзеге асыруды талап етеді. Елде халықаралық нормаға сәйкесті мүгедектер мәселесін шешуде және оған жақындауды аныктауда түбегейлі өзгерістер жүріп отыр. Осы таңда еңбекке жарамдылығы төмендеген немесе жоғалтқан мүгедек жандар ғана емес, сонымен қатар өмір сүруде шектеулілігі бар (өзін-өзі қызмет ету, қозғалыс, ара-қатынас, хабардар болу, мінез-құлқына бақылау, оқу) жандар болып табылады. Бұл мүгедектер үшін мемлекеттік саясатқа өзгерістер енгізуді талап етеді, олар: оңалтуға арналған бағытты күшейту, дәрігерлік-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру, мүгедектерді оңалтудың құрылымын қайта кұру және қызметті қайта ұйымдастыру, мүгедектерге көрсетілетін отандық оңалту мен оңалту қызметінің техникалық құралдардың рыногын қалыптастыру және оңалту индустриясының жүйесін дамыту. Реопубликалық, сонымен қатар аймақтық Бағдарламаны әзірлеу үшін Қазқстан Республикасы Президентінің 2005 ж. 19 наурыздағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» Жолдауы негіздеме, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы және Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуді 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. Сонымен қатар Қазақстан – 2030 стратегиясы және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының дамуы шеңберінде.
Тарау 17. І. Мүгедектіктің қазіргі таңдағы ахуалы және мүгедектерді оңалту
І. Мүгедектіктің қазіргі таңдағы ахуалы және мүгедектерді оңалту Ауданда 2005 ж. 1 қаңтарына барлық санаттағы мүгедектер саны 665 адамды немесе барлық тұрғындардың 2,6% құрайды. Мүгедектіктің көрсеткіші бірқатар факторларға тәуелді: -елдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейине және соның ішінде аудандағы, әлеуметтік саясаттың басымдылығына; -ұлттың денсаулық жағдайына; - денсаулықсақтау жүйесінің дамуына, дәрігерлік қызметке қолжетімділік пен сапасына; - еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің хал-ахуалына; -экологиялық ортаның ахуалына және басқа да себептерге тәуелді. Соңғы жылдары қолайлы экономикалық ахуал және мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір бағыттылығының күшейуі позитивтік ықпал көрсетіп отыр, халықты және бірінші кезекте әлеуметтік әлсіз топтағыларға әлеуметтік қорғау деңгейінің артуы, мүгедектікке жаңа көзқарас қалыптасып және қоғамдық өмірге тең түрде араласуы үшін мүмкіндік жасауға бағытталған. Жағымсыз факторлар: - биологиялық деңгейде созылмалы, іштен туа және генетикалық аурулардың деңгейінің жоғары екендігі анықталды; -дәрігерлік-ұйымдастыру деңгейінде - аурудың кеш табылуы, ауру мен мүгедектіктің алдын-алуға тиесілі көңіл бөлінбеуі, тегін дәрігерлік көмектің қолжетімділігінің төмендігі, дәрігерлік қызметтің сапасы, мемлекеттік органдардың оңалтудың бірегей жүйесінде үйлестірушілігінің жоқтығы; -әлеуметтік-орта деңгейде - денсаулық үшін зиянды әрі қауіпті еңбек шартының болуы; өндірістік жарақаттанушылық, сақталып отырған кедейшілік, әлеуметтік жәпдемақылардың деңгейінің салыстырмалы түрде төмендігі, кейбір аймақтардың экологиялық бейберекетсіздігі. Орталық атқарушы органның облыстық халықты әлеуметтік қорғау аумақтык бөлімшелерінің қызметкерлері халықты әлеуметтік қорғау облысында мүгедектердің шектеулі өмір сүру дәрежесін анықтап, әр мүгедекке оңалтудың жеке бағдарламасын (әрі қарай ОЖБ) әзірледі, оған дәрігерлік, әлеуметтік, кәсіби оңалтулар жатады. Дәрігерлік оңалту аурудың, жарақаттың, зақымның салдарын жоюға бағытталған кешенді диагностикалық, емдеу және оңалту шараларын ұйғарады. Алдыңғы қатарлы дәрігерлік саланы дамыту, күрделі жедел кірісуді ендіру және медикаментозиялық терапияның жетістіктері біздің елімізде тиімді емдеуге және мүгедектердің өмір сүруін қалыпына келтіруге қолайлы мүмкіндік туғызды. Алайда бұл мүмкіндіктер тиісінше пайдаланылған жоқ. Амбулаторлы-поликлиникалық бөлімшелерде және санаторлы-курорттық мекемелерде емдеу мен оңалтудың ұзақтығы төмен тиімділігімен ерекшеленеді. Ағзаның функцияларының қайта қалпына келтірудің толык еместігін және дәрігерлік оңалту сатысында аурудың өмір сүруге шектеулігініңң айқын сақталуы әлеуметтік оңалту шараларын қабылдауды талап етеді. Мүгедектерді оңалту мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, оларды әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік ортаға беиімделуіне бағытталған.
Тарау 18. ІІ. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
ІІ. Бағдарламаның мақсаты мен міндеті Бағдарламаның мақсаты: оңалтудың жүйесін жетілдіру, мүгедектерді әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс сапасын жақсарту. Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді талап етеді: мүгедектер профилактикасы жүйесін қалыптастыру; мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту және атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту; мүгедектерді оңалтудың жүйесін жетілдіру және мүгедектерге көрсетілетін дәрігерлік, әлеуметтік қызмет ауқымын кәсіби оңалтуды кеңейту; мүгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық құралдардың, протезді-ортопедиялық және сурдологиялық көмектің сапасын және атаулығын қамтамасыз ету; мүгедектердің әлеуметтік транспорттық объектілерге және қайта жөнделген инфрақұрылымдарға кедергісіз кіруі үшін жағдай жасау; мүгедектерді жұмыспен қамтуда белсенді түрін дамытуға ықпал жасау; бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру; мүгедектердің аудандық мәліметтер жиынтығын құру.
Тарау 19. ІІІ. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыты мен тетігі
ІІІ. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыты мен тетігі Бағдарлама мүгедектіктің қазіргі таңдағы ахуалына байланысты, жұмыстың төмендегідей негізгі бағыттарын анықтайды: - мүгедектіктің алдын-алу; - мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру мен оңалтудың жүйесін дамыту, мүгедектер үшін білім, денешынықтыру және мәдени ортаның, тұрғын-үй және жұмыс жағдайын, демалу үшін жағдайға қол жетімділігін қамсыздандыру.
Тармақ 3.1. 3.1. Мүгедектік профилактикасы өзіне төмендегідей тармақтарды қосады:
3.1. Мүгедектік профилактикасы өзіне төмендегідей тармақтарды қосады:
Тармақша 1
1) әйелдер консультациясында және перзентханаларда әйелдерді, балалардың ерте жасынан олардағы патологияны алғашқы сатысында анықтау үшін тестілеудің сапасын жақсарту және уақытында жүргізу;
Тармақша 2
2) жұмыс орынының аттестациясын жүргізу, еңбек жағдайын, оның қауіпсіздігін және қорғауды сақтау;
Тармақша 3
3) мүгедектігі бар адамдар туралы мәліметтер жиынтығын құру.
Тармақ 3.2. 3.2. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту
3.2. Мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің дамуына әлеуметтік стандарт жүйесіне өзгерістер енгізу және әлеуметтік нормативтік қордың ролін ең төменгі күнкөріс деңгейіне бекіту негіз болып табылады. Ең төменгі күнкөріс минимумы мүгедектік бойынша базалық мемлекеттік жәрдемақыны есептегенде объективті негіз болады. Мүгедектерге әлеуметтік қамсыздандыру денгейін көтеру әлеуметтік қамсыздандырудың көп сатылы жүйесін құру негізінде, қаржыландырудың қосымша көздерін тарту және еңбекке жарамдылығын жоғалтқанда әлеуметтік қамсыздандыруға жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және тікелей жұмысшының арасында тең бөлу арқылы қол жеткізіледі. Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама мүгедектердің екі түрлі санатындағы кірісін қолдауды қарастырады, олар:
Тармақша 1
1) мүгедектікті туа біткен немесе бала кезінде алғандарға, мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы базалық мемлекеттік жәрдемақыға ауыстырылып, еңбек өтіліне тәуелсіз әлеуметтік тәуекелдік басталғаннан бастап төленеді. Сонымен қатар олар мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алады;
Тармақша 2
2) өзінің еңбекке жарамдылығын жоғалтқан, қалыптасқан сектор жұмысшылары. Екінші санаттағылар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың үш сатылы жүйесін құруды қарастырады, олар: Бірінші саты (базалық) - бұл мемлекет кепілдеме берген, мүгедек бойынша базалық мемлекеттік жәрдемақы. Екінші саты (міндетті) - жұмысшының оның еңбек міндетін атқару үстінде өміріне және денсаулығына зиян келгені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігімен мемлекеттік қордан әлеуметтік сақтандыруға әлеуметтік төлем. Бұл төлемдерге жұмыс берушінің және немесе жұмысшының әлеуметтік сақтандыру Мемлекеттік қорына міндетті әлеуметтік ақша аударылса және жұмыс берушінің сақтандыру ұйымдарына төлейтін міндетті сақтандыру сыйақылары негізгі төлеу көзі болып табылады. Әлеуметтік және сақтандыру төлем деңгейі кіріс көлеміне, еңбекке жарамдылықты жоғалтудың дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының ұзақтығына байланысты болады. Үшінші саты (қосымша) - ерікті және кәсіби әлеуметтік тәуелділік сақтандыру схемасын ынталандыру бойынша шараны әзірлеуді қарастырады. Үш сатының әр бірі өзіне сәйкесті құқықтың негізі бар. Базалық деңгей Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектік бойынша асыраушысынан айырылған жағдайда және жасына байланысты төленетін әлеуметтік мемлекеттік төлемақылар туралы» Заңның негізінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өткеннен кейін еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жағдайда сақтандырудың төмендегідей тетіктері құрылады. Еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы мүгедектік бойынша мемлекеттік базалық сақтандыру жәрдемақыдан басқа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер үнемі алып отырады. Қазақстан Республикасының «Міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкесті жұмыс берушінің кінәсінен қызметтік міндетті аткару үстінде өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жүмыс берушінің азаматтық- құқықтық жауапкершілігі болады, жұмыс беруші сақтандыру ұйымына сақтандыру ұйымымен «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жасалған шартта көрсеткендей сақтандыру сыйақысын жасалған көлемде және көрсеткен уақытта аударып отырады. Сақтандыру оқиғасы болған жағдайда сақтандыру ұйымы жасалған шарт негізінде сақтандыру төлемнің көлемін есептеп және азаматтың жеке шотына аударады. Сонымен қатар, сақтандыру ұйымы жапа шегушіге протез жасатуға, емделуге және оңалтуға, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге және басқа да шығындарды өтейді. Әлеуметтік көмек көрсету идеологиясы өзгеріп отырады. Қазақстан Республикасының үшінші шақырылған Парламент Мәжілісі депутаттары алдындағы Қазақстан Республикасы Президентінің сөзінде атап көрсеткендей, көмек пен қолдау жұмыс істеуге жарамсыздарға берілуі керек. Жұмыс істеуге жарамсыздар үшін жұмыспен камту арқылы өз бетімен кіріс алуға мүмкіндік жасау қажет. Осыған байланысты мүгедектерді кәсіби оңалту, еңбек рыногіндегі олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өндіріске қатысу мүмкіндігін кеңейту жэне еңбекақы алу ерекше маңыз алады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, мүгедектер мемлекеттік әлеуметтік төлемге қосымша материалдық қолдау алуға құқылы. Бұл қолда әрі қарай да атаулы стіпатта болады және мемлекеттік арнаулы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және түрғын-жай көмегі формасында болады.
Тармақ 3.2.1. 3.2.1. Мүгедектерді оңалтудың жүйесін жетілдіру
3.2.1. Мүгедектерді оңалтудың жүйесін жетілдіру Мүгедектерді оңалтудың жүйесін дамыту оңалту қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, кемтар адамдар проблемасымен айналысатын ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіруге, дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталады.
Тармақ 3.2.1.1. 3.2.1.1. Дәрігерлік оңалту
3.2.1.1. Дәрігерлік оңалту Дәрігерлік оңалтудың мақсатына сәйкесті - аурудың және/немесе жарақаттың салдарын жеңуге, ағзаның фунцияларын қалпына келтіруге аурудың өмір сүру мүмкіндігін және әлеуметтік статусын қалпына келтіруге бағытталады. Бұл үшін:
Тармақша 1
1) функционалдық - қайта қалпына келтіру шарасын сапалы өткізуді қамтамасыз ету; фунционалдық бұзушылық салдарын өтеу; әлеуметтік бейімдеу;
Тармақша 2
2) Емдеу-профилактикалық мекемелерде дәрігерлік оңалтудың кезең бойынша реформалаудың ұйымдастыру шараларын жетілдіру талап етіледі.
Тармақ 3.2.1.2. 3.2.1.2. Әлеуметтік оңалту
3.2.1.2. Әлеуметтік оңалту Азаматтарға мемлекеттік кепілді әлеуметтік қызмет азаматтарға үйде, дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік тегі көмек көрсетіледі, ал қосымша қызметтер - жартылай немесе толық ақы төлегенде көрсетіледі. Мүгедектерді компенсаторлық техникалық құралдарға, протезді- ортопедиялық, сурдо және тифлокөмекке сұранысын қанағаттандыру деңгейі артады. Мүгедектерді қосымша техникалық құралдармен қамтамасыз етуді арттыру мүгедектердің сұранысының дәл есебін алғаннан кейін жүзеге асырылады. Әлеуметтік нысандарға және рекреациалық инфракүрылымдарға қолжетміділігін қамтамасыз ету. Мүгедектер үшін өмір сүру ортаға кіру бойынша шаралар олардың әлеуметтік интеграция мүмкіндігін кеңейтуге бағытталады.
Тармақ 3.2.1.2. 3.2.1.2. Кәсіби оңалту
3.2.1.2. Кәсіби оңалту Осы шақта мүгедектердің кәсіби оңалуына қолайлы мүмкіндік бар. Еңбек рыногіндегі хал-ахуал тұрақтанды, жұмыссыздық деңгейі төмендеуде. Бағдарлама кәсіби оңалтудың нәтижелілігін арттыруға төмендегідей шаралар қарастырады:
Тармақша 1
1) ОЖБ сәйкесті, кәсіби оңалту мәселесіне жеке-дара қарауды;
Тармақша 2
2) мүгедек балаларды білім беру жүйесінде және үйде оқытудың сапасын арттыру. Мүгедектерді жұмыспен қамтуға белсенді ықпал жасау әр түрлі шаралардың көмегімен жүзеге асырылады: мүгедектерді кәсіби дайындау және қайта дайындау: жұмыс орындар квотасы; басымдылықпен немесе нысаналы еңбекке түрғызу (әлеуметтік жұмыс орындарын құру); шағын кредит беру және т.б. Жұмысқа орналасқан мүгедектердің жұмыс хал-ахуалын, жұмыстың қауіпсіздігі мен жағдайын бақылау қарастырылады: мүгедектердің нақты еңбекке орналастырылған жұмыс орынында тексеруді, жұмыс берушілердің әлеуметтік және еңбек заңдарын сақтауын бақылауды, мүгедектерді, соның іщінде мүгедектерді белсенді өмір салтына тарту мақсатында көркем өнерпаздар, суреттер, қолөнер және басқа түрлі шығармашылық конкурстары өткізіледі.
Тарау 35. ІV. Қажетті қор және қаржыландыру көзі
ІV. Қажетті қор және қаржыландыру көзі Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық, аудандық бюджеттің қаржылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған қаржылар бағытталады. Аудандық бюджеттен жалпы шығындар 3 млн 385,8 мың теңгені құрайды, соның ішінде: 2006 жылы - 1027,6 мың теңге; 2007 жылы - 1147,6 мың теңге; 2008 жылы - 1210,6 мың теңге.
Тарау v. V. Күтілетін нәтижелер
V. Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны жүзеге асыру: аудан бойынша мүгедектердің біркелкі мәліметтер жиынтығын құруға; оңалту ұйымдар жұмысына осы заманғы техникалық, ұйымдастырушылық, дәрігерлік, әлеуметтік және кәсіби технологияны ендіруге; мүгедектерге көрсетілетін дәрігерлік, әлеуметтік, білім беру және басқа оңалту қызметтердің тізімін кеңейту және сапасын арттыру; мүгедектер үшін әлеуметтік инфрақұрылымға және ақпараттық ортаға қолжетімділігін арттыру; мүгедектердің қолайлы еңбекке мүмкіндігін кеңейту. Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шаралар ЖОСПАРЫ № Шаралар Аяқтау нысаны Жауапты орындаушылар Орындау уақыты Шығындар Қаржыландыру көзі 1. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі бағыттары 1. Аудан әкімдігі аппараты жанынан мүгедектер жұмысы бойынша үйлестіру кеңесін құру Аудан әкімдігінің шешімі Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 ж. I тоқсан Шығынды қажет етпейді 2. Мүгедектік профилактикасы 2. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына келісімді мүгедектер бойынша мәліметтер жинағын құру Жүмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 -2008 жылдар 3. Мемлекеттік органдарда, мекемелер мен ұйымдарда мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, білім беру бөлімі, ауыл және ауылдық округ әкімдері үнемі Шығынды қажет етпейді 4. Ауданның мектептерімен бірлесе отырып мектепте окуға жарамдылығын анықтау мақсатында психологиялық- медициналық- педагогикалық тексерісті қажет ететін балаларды айқындау. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жүмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, ММ аудандық орталық больница үнемі Шығынды қажет етпейді 5. Дамуында әр түрлі ауытқулары бар балаларды оқытуда және тәрбиелеуде көмек көрсету үшін психологиялық- педагогикалық түзету кабинетін ашу. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Аудандық білім беру бөлімі 2007 ж. 12000,0 Облыстық бюджет 6. Үйде және білім мекемелерінде қосымша бағдарламалар бойынша оқитын кемтар балалар үшін оқулық-әдістемелік әдебиеттер алу. Облыстық білім беру департаментіне ақпарат Аудандық білім беру бөлімі 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 7.6 7.6 7.6 Аудандық бюджет 7. Әйелдер кеңесінде әйелдерді скрининговыйлық және әйелдерде соматикалық ауруды және жаңа туған балаларды туа біткен патологияны анықтау үшін тууға көмектесу мекемелерде скрининговыйлық жас бойынша тестіден өткізу. Денсаулық сақтау департаментіне ақпарат ММ АОБ 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 1109.0 1109.0 1109.0 Республикалық бюджет 8. Балалардың ерте жасындағы психо-физикалық дамуын скрининговыйлық тестіден өткізу. Денсаулық сақтау департаментіне ақпарат ММ АОБ 2007 ж. 150,0 Облыстық бюджет 3. Дәрігерлік оңалту 9. Мүгедек балаларды «Жұлдыз балаларды сауықтыру орталығы» және басқа да санаторлық-курорттық лагерьлерге апаруды ұйымдастыру Облыстық білім беру, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаменттеріне ақпарат Аудандық білім беру бөлімі 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 400,0 400,0 400,0 Аудандық бюджет 10. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкесті мүгедектерді санаторлық- курорттық ем алуды ұйымдастыру Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ММ АОБ, ауыл және ауылдық округ әкімдері 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 105,0 110,0 115,0 Аудандық бюджет 11. Дәрігерлік оңалтудың стационарлық палатасын ұйымдастыру. Жұмыспен қамтуды Және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ММ АОБ 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 20,0 30.0 40.0 Аудандық бюджет 4. Әлеуметтік оңалту 12. Мүгедек балалардың үйде оқуын дамытуды жайластыру Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, ауыл жэне ауылдық округ әкімдері 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 110,0 115,0 120,0 Облыстық бюджет 13. Протезбен, ортопедиялық аяқ киіммен, корсет және басқа да протездік- ортопедиялық бүйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шығынды қажет етпейді 14. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкесті мүгектердің қозғалысы үшін арнаулы жабдықтармен (кресло-қорап) қамтамасыз ету. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 221,0 232.0 243.0 Облыстық бюджет 15. Зағип мүгедектерге тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру Жұмыспен қамтуды және әлруметтік бағдайамаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан зағиптар қоғамынан түсуіне байланысты Шығынды қажет етпейді 16. Құлағы мүкіс естейтін мүгедектерге сурдотехниказіық құралдармен қамтамасыз етуді ұиымдастыру Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Шығынды қажет етпейді 17. Жіру жолдары мен пандустар жасауды, мүгедектер кресло- қораптары жүре алатын қүрылғылар әзірлеуді қамтамасыз ету, тұрғын үй, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер кіре алатындай жағдай жасау. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 195,0 80,0 98,0 Тартылған қаржылар Аудандық бюджет 18. Әр түрлі көркем өнерпаздар конкурсының, суреттер ұсақ-түйек заттар көрмелерінің және т.б. шығармашылық жұмыс түрінің шараларын өткізуді қамтамасыз ету. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар білімі, ауыл және ауылдық округ әкімдері 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 105,0 110,0 115,0 Аудандық бюджет 19. Мүгедектердің «Надежда» облыстық спартакиадаға қатысуын қамтамасыз ету. Жұмыспен қамтуды және әлуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Дене шынықтыру және спорт бөлімі 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 70,0 80,0 95,0 Аудандық бюджет 20 Мүгедектердің жеке бағдарламасына байланысты мүгедектерге бір жолғы материалдық төлем көрсетуді қамтамасыз ету. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл және ауылдық округ әкімдері 2006 ж. 2007 ж. 2008 ж. 210,0 215,0 220,0 Аудандық бюджет 5. Кәсіптік оңалту 21. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орынын құру Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл және ауылдық округ әкімдері 2006 -2008 жылдар Шығынды қажет 22. Мүгедектерге 3 пайыздық квотамен жұмыс орынын беруді ұйымдастыру Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарат Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл және ауылдық округ әкімдері 2006-2008 жылдар Шығынды қажет етпейді 23. Мүгедектердің жеке багдарламасына келісімді мүгедектерді жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуде мүгедектерді жұмыспен қамту моноторингін жүргізу. Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдаламаларды үйлестіру департаментіне ақпарт жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл және ауылдық округ әкімдері үнемі Шығынды қажет етпейді