О направлении безработных на общественные работы в 2008 году Күшін жойған
Басқа 0
2008 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы бекітілген «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы» «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысының 1 тармағы 3) тармақшасын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылы жұмыссыз аламдар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімдері, қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемелекеттік мекемесінің меңгерушісі (К.О.Тұңғышбаева):
Тармақша 1
1) 2008 жылға арналған қала бюджетінен қарастырылған қаражат шегңнде және бекітілген тізімге сәйкес жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жүмыстарға, оның ішінде толық емес жұмыс күні жағдайында жіберуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде (№ 1904) тіркелген, Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғай және еңбек министрлігінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-п бұйырығының 4 қосымшасына сәйкес жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын;
Тармақша 3
3) қала халқын сондай ақ кәсіпорындарды және ұйымдарды қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, олардың еңбек акысын төлеу тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қоса берілген 2008 жылға арналған жұмыссыздардың еңбекақы төлеу мөлшері, оның ішінде толық емес жұмыс күні жағдайында, 2008 жылғабелгіленген айлық төменгі еңбекақыдан кем емес мөлшерде, атқарылатын жұмыс күрделігі, саны және сапасына сүйене отырып бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы негізгі қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық «Ваша газета» газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейінге он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 5
5. Саран қаласының әділет басқармасында (№ 8-7-41)тіркелген және қалалық «Ваша газета»газетінде 2007 жылғы 28 сәуірде №17 жарияланған, Саран қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 наурыздағы «2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу» № 188 қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.
«КЕЛІСІЛГЕН»
№
Датасы
Нормативтік құқықтық акт
Лауазымы
Қолы мөр
1
Ескертусіз келісілген
Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Үйсінбай Әлиұлы Қанафин
2
Ескертусіз келісілген
«Саран қаласы салық комитетінің төрағасы Алексей Иванович Ефанов
Басқа 1. 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізімі және олардың түрлері
Саран қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 807 қаулысына 1-қосымша
2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізімі және олардың түрлері
№
Жұмыстар түрі
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны
Жұмыс берушілер
1
Қала аумағын экологиялық сауықтыру, көркейту, көгалдандыру, ауланы жинау
55
«Қалалық коммуналдық шаруашылық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2
Қаланың бюджеттік ұйымдарында,ы қосалқы жұмыстар
60
Қаланың бюджеттік ұйымдары, денсаулық сақтау мекемесі
3
Тұрғын үй құрылысын салу және күрделі жөндеу жұмыстары
25
Мәдениет және білім бері мекемелері мен ұйымдары
4
Мәдени шаралар өткізу
25
Мәдениет мекемелері
5
Қаланың аулалық клубтарында балалар мен оқушылардың демалысын ұйымдастыру
10
Білім беру ұйымдары мен мекемелері
6
Халықтын әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қызмет және көмек көрсету
50
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері
7
Бюджеттін кіріс бөлігін арттыру үшін салық органдарына көмек көрсету
30
Қаланың салық комитеті (келісім бойынша)
8
Саран қаласы бойынша әскерге шақыру және тіркеу компаниясын өткізу
15
Қалалық қорғаныс бөлімі (келісім бойынша)
9
Шағын бизнесті дамытуда ұйымдарға көмек көрсету
20
Жаңа жұмыс орындарын құрушы, және істеп тұрған орындарды сақтаушы, жұмыс берушілерді ынталандыру
10
Ауылшаруашылық жұмыстар
10
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері
БАРЛЫҒЫ:
300
Басқа 2. Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздардың 2008 жылға арналған еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды
Саран қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 807 қаулысына 2-қосымша
Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздардың 2008 жылға арналған еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды
№
Жұмыстар түрі
Бір жұмыссызға еңбек ақы төлеу мөлшері
Жұмыс режимі
Бес күндік жұмыс аптасы
Алты күндік жұмыс аптасы
1
Ауыр дене күшінің жүктемесіне байланысты жұмыстар, (құрылыс және жөндеу, жылу жұмыстары)
1,5 минималды еңбек ақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
8 сағаттық жұмыс аптасы
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы
2
Ашық ауадағы және дене күшінің жүктемесіне байланысты ауыр жұмыстар (қаланы тазалау, көркейту)
2 минималды еңбек ақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
8 сағаттық жұмыс аптасы
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы
3
Дене күшінің жүктемесіне байланысты ауыр емес және үй -жайларда атқарылатын жұмыстар
1 минималды еңбек ақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
8 сағаттық жұмыс аптасы
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы