Об организации и финансировании социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения в 2008 году Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы нысаналы топтағы жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарджағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, нысаналы топқа жататын, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтас кенті әкімінің аппараты, «Саран қаласының кәсіпкерлік бөлімі», «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің басшыларына:
Тармақша 1
1) қалалық бюджет қаражаты есебінен қабылданған жұмыскерлерге олардың еңбекақысын төлеу шығындарының өтемін ішінара төлеу отырып, уәкілетті орган «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркелген нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушімен келісім шарт негізінде, уақытша жұмысқа тұрғызу үшін әлеуметтік -жұмыс орындарын құру жөнінде жұмыстар ұйымдастыру бойынша жәрдем берсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына 5 бабы, 2 тармақшасына сәйкес 50 жастан асқан әйелдерді жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қор,ау мақсатында осы санаттағы азаматтар халықтың нысаналы топ құрамына қосымша еңгізілсін.
Тармақ 3
3. Қоса берілген әлеуметтіқ жұмыс орындарын жұмыс түрлерін ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізімі бекітілсін.
Тармақ 4
4. «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Тұңғышбаева К.О.:
Тармақша 1
1) жұмыс берушімен өзара әрекеттесу, әлеуметтік жұмыс орындарда жұмыс істеуге тілек білдірген нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды қабылдау және жұмысқа жолдау бойынша жұмыстарды түргізу, әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастырудың тиімділігін бақылау;
Тармақша 2
2) нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтар үшін келешекте тұрақты жұмысқа орналастыруына, жұмыс берушімен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шаррт жасасын.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және жағдайы бекітілсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан, жұмыссыздардың еңбекақысының төлем мөлшері, ай сайын атқарылған жұмыстың көлемі еңбек туралы заңдылығы бойынша жасалған жеке еңбек шартының жағдайына сәйкес төленеді, 2008 жылға арналған Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген ең төмен еңбекақы төлемінен төмен болмау керек;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындары қалалық бюджет есебінен, олардың есеп шотына бюджет қаражатын аудару жолымен, 2008 жылға арналған Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жалақының ең аз төлемінен 50% мөлшерінде өтеледі;
Тармақша 3
3) жұмыс берушілер, еңбекке ақы төлеуіне қалалық бюджет шығынын өтеу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне орындалған жұмыс актісі, еңбекақы төлемінің есептеу тізімі, жұмыс уақыт есебінің табелі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан көшірмесін ай сайын ұсынады.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық «Ваша газета» газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 7
7. Саран қаласының әділет басқармасында (№ 8-7-40) тіркелген, қалалық «Ваша газета» газетінде 2007 жылғы 28 сәуірде № 17 жарияланған Саран қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 наурыздағы «2007 жылы нысаналы топтағы жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру үшін» № 187 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы берілген қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н.Кимге жүктелсін.
Басқа 15. 2008 жылға арналған жұмыс түрі, әлеуметтік жүмыс орындарын ұйымдастырушы қала ұйымдарының тізімі
Саран қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 808 қаулысына қосымша 2008 жылға арналған жұмыс түрі, әлеуметтік жүмыс орындарын ұйымдастырушы қала ұйымдарының тізімі № Жұ­мыс бе­ру­ші Жұ­мыс түр­ле­рі Әле­умет­тік жұ­мыс оры­ны­на қа­ты­су­шы­лар адам, са­ны Әле­умет­тік жұ­мыс оры­ны­ның ұз­ақ­тығы, ай Жұ­мыс күн­нің ұз­ақ­тығы, са­ғат Әле­умет­тік жұ­мыс оры­ны­ның қа­ты­су­шы­ның 1ең­бек тө­ле­мі қо­сын­ды шы­ғы­ны, тең­ге «Жұ­мыспен қам­ту бағ­дар­ла­ма» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша жер­гі­лік­ті бюд­жет есе­бі­нен әле­умет­тік жұ­мыс оры­ны­на қа­ты­су­шы­ның 1 ең­бек тө­ле­мі қо­сын­ды шы­ғы­ны, тең­ге 1 ЖШС «Азия Текс» Тігін­ші­нің оқу­шы­сы 3 6 8 5 168 5 168 2 ЖШС СТТФ «Galex Hlus» 3 6 8 3 ЖК «Ша­ги­ров» Кө­мек жұ­мыстар 4 6 8 Бар­лы­ғы: 10 310,1 мың. тең­ге 310,1 мың. тең­ге