Об утверждении Правил организации и финансирования социальных рабочих мест в Аршалынском районе на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының негізінде халықтың мақсаты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу үшін Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2008 жылға Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2008 жылда кәсіпорындар мен ұйымдарда әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындары жасалған кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысы бюджет қаржысынан және жұмыс берушінің төлемақы шығынынан төлем жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Қаржы бөлімі 2008 жылда аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орташа көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы аудан әкімінің орынбасары Талғат Жаңабергенұлы Мәмбетовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Аршалы ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. 1. Жалпы ережелер
Бекітілген
Аршалы ауданының әкімдігімен
№ А-810 2007 ж. «13» желтоқсан
2008 жылғы Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру осы Ережелер (бұдан былай Ережелер) халықтың мақсатты тобының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және каржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын заңды тұлғалармен меншік түрінен тәуелсіз немесе жеке кәсіпкерлермен жасалатын негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелердің жұмыс істеуінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2001 жылдың «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орыны - мақсатты топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің жазбаша келісімі арқылы ұсынылатын жұмыс орыны. Бұл орынға қабылданған азаматтың еңбекақысын төлеу үшін жіберілген жұмыс берушінің шығысының белгілі бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен өтеледі;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселері бойынша өкілетті орган - жергілікті атқару органдарының аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін және жұмыссыздықтан әлеуметтік жағынан қорғайтын құрылымдық бөлімше;
Тармақша 3
3) мақсатты топтар - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтарға душар болған және әлеуметтік қорғауды талап ететін азаматтар тобы.
Тармақ 4
4. Әлуметтік жұмыс орындарға орналастырылған азаматтарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамассыз ету жене сақтандыру туралы заңдары тарайды.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган мақсатты топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаржылары есебінен, сондай-ақ олардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығындарының белгілі бір бөлігін жергілікті бюджет отей отырып, анықтайды немесе құрады.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган) жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және еңбекақы шағысының бір бөлігін өтеу туралы шарт жасайды.
Тармақ 8
8. Жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша аудан әкімдігі халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орынын ұсынатын немесе ұйымдастыратын ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру келісім бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Мақсатты топқа кіретін аз қамтамассыз етілген жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орынға орналасудың басым құқына ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жүмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақыларын төлеу ай сайын жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жүргізіледі және орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Тармақ 12
12. Жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу, әлеуметтік жұмыс орнына нақты орындалған жұмыс ауқымына төленеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтарға жергілікті бюджет есебінен төленетін еңбекақыға заңда қарастырылған тәртіп бойынша салық салынады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу үшін шыққан шығысы жергілікті бюджеттен алты айдан кем емес мерзімде, еңбекақының ең аз мөлшерінің 50 пайызы көлемінде, бюджетте жұмыспен қамту бағдарламасында қарастырылған қаржы шегінде қайтарылады. Бюджеттік қаржы жұмыс берушінің жеке идентификациялық кодына аударылады.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай қаржыны әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтардың еңбекақыларын төлеу үшін шыққан шығыстарын өтеу үшін пайдаланады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындары 6 ай мерзім өткеннен кейін (жұмыс берушінің бастамасы бойынша) сақталуы мұмкін. Бұл орындағы жұмысшының еңбекақысын төлеу жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі және бюджеттен өтелмейді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің орындалуына бақылау жасау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің орындалуына бақылау жасау
Тармақ 17
17. Ережелердің сақталуы бақылауды жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган жүргізеді.
Басқа 31. 2008 жылда әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын кәсіпорындар ТІЗБЕСІ
Аршалы ауданының әкімдігінің
2007 жылдың «13» желтоқсандағы
№ А-810 қаулысына қосымша
2008 жылда әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын кәсіпорындар ТІЗБЕСІ
№
р/с
Кәсіпорынның
атауы
Мамандық
Жаңадан пайда болған жұмыс орнының саны
Бекітілген
келісім
шарттар
саны
/қосындысы/
1.
«Қазшпал» АҚ
Қалыпшы -4
Темірші -4
Жүк тасушы -1
Вахтер -1
Электрик -1
Даяршы -1
Жүргізуші-2
14
434,0
2.
«Сары-оба Астық» ЖШС
Жылқышы -1
Бөлмелерді тазалаушы - 1
Қарауыл -1
Нанбайшы -3
Даяршы -3
Сүт өнімдерінің жұмысшысы-1
10
310,0
3.
«Қойгелді Астық» ЖШС
Жұмысшы -3
3
93,0
4.
«Еңбек-1» ЖШС
Жұмысшы -3
3
93,0
Жалпы
30
930,0