О районном бюджете Карасуского района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына және Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 ( 2007 жылғы 24 желтоқсаңдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 3580) шешіміне сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетi 1-қосымшага сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер – 1045 732 мың теңге, оның iшiнде салықтық түсімдер – 291 209 мың теңге; салықтық емес түсiмдер – 526 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 200 мың теңге; алынған трансферттер – 748 797 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенциясы – 748 797 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар – 1045 732 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған Қарасу ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 2 969 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: Кезек күттірмейтін шығындарға 2 969 мың теңге.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы процесiнде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: «Қарасу ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің төрағасы ____________ Ғ. Шоқметов
Басқа 7. 2008 жылға аудандық бюджеті
Мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне 1 қосымша 2008 жылға аудандық бюджеті
Басқа 8. 2008 жылғы арналған аудандық бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламасының тізбесі
Мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 22 шешіміне 2 қосымша 2008 жылғы арналған аудандық бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламасының тізбесі