О районном бюджете Алтынсаринского района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне және Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 224 «Алтынсарин ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджетінің жобасын Алтынсарин аудандық мәслихатына қарауға енгізу туралы» қаулысына сәйкес Алтынсарин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер бойынша - 629373 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 204098 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 784 мың теңге; ресми трансферттер түсімі бойынша - 424491 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 629373 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) тапшылық (профицит) - 0 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Бюджет және Салық кодексіне сәйкес құрылды және облыстық бюджетке енетін түсімдерден басқа, толық көлемде бюджеттің кірісіне енеді.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте 415091 мың теңге сомасындағы облыстық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемі көзделсін.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджетте білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 9400 мың теңге мақсатты ағымды трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органының резерві - 2186 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін - 260 мың теңге; - кезек күттірмейтін шығындарға - 1926 мың теңге.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14. 2008 жылға арналған Алтынсарин ауданының бюджеті
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 шешіміне 1-қосымша 2008 жылға арналған Алтынсарин ауданының бюджеті
Басқа 15. 2008 жылға арналған бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 шешіміне 2-қосымша 2008 жылға арналған бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Басқа 16. 2008 жылға арналған Алтынсарин ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Алтынсарин аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 шешіміне 3-қосымша 2008 жылға арналған Алтынсарин ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі