О районном бюджете Узункольского района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 85 - бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 850 374 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер -216 571 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 388 мың тенге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 222 мың тенге; алынған трансферттер - 633 193 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 607 193 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 850 374 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджет кірістер есебіне қосылады: жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; жер салығы; бірыңғай жер салығы; жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салык; мыналарға акциздер: Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне; Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына; Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамында темекі бар басқа бұйымдарға; ойын бизнесіне; лотерея ойынын ұйымдастыруға және өткізуге; Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы жасалған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); бензинге (авиациялық бензинді коспағанда) және дизель отынына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін төлем; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; қызметтін жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; аукциондардан алынатын алым; механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені алынатын алым; жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; аудандык маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін төлем; консулдық алымнан және республикалық бюджеттің есебіне алынатын мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж болып табылады; коммуналдық меншіктен түсетін кірістер: аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің шешімі бойынша құқықтарды коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері: ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялардан түсетін кірістердің түсімдері; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер); ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің түсетін басқа да кірістер; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар: аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер болып табылады; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем болып табылады; аудан (облыстық маңызы бар қала) коммуналдык меншігіндегі мемлекеттік қаржы активтерін сатудан бюджетіне есептеледі.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылсың, оның ішінде:
Тармақша 1
1) білім беруге 9 400 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде: негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерде физика кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 7 600 мың теңге сомасында; неізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелері үшін компьютерлер сатып алуына 1800 мың теңге сомасында;
Тармақша 2
2) коммуналдық шаруашылық объектілердің материалдық-техникалық базасын нығайтуына 16 600 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер.
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданы жергілікті атқарушы органының резерві 2171 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған аудандық бюджет шығындарында "Бастауыш, негізгі және орта мектептер, балабақша-мектептер" кіші бағдарламасы бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде жалпы міндетті орта білім корының шығындары ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған Ұзынкөл ауданы бойынша кенттің, ауылдың (слоның), ауылдық (селолық) округтік бюджеттік бағдарламалары 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Ұзынкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджетті орындау секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсің.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап колданыска енгізіледі.
Басқа 13
Басқа 14
Басқа 15