О бюджете города Аркалыка на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы Казақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабы 2-тармақшасына, 85 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған қалалық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кіріс бойынша - 2037256 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 822533 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3402 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 21200 мың теңге; ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 1190121 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен субвенңиялар - 887519 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 2037256 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық қалдық - (0) мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржылық активтерімен операциялары жөніндегі қалдық - 0,0 мың теңге
Тармақша 6
6) бюджет профициті - (0,0 мың теңге);
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)-бюджеттің тапшылығын 0,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатының бос қалдығын тарту есебінен өтеуді қамтамасыз ету.
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған қалалық бюджетте қарастырылғаны ескерілсін: жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ағымдағы нысаналы трансферттер 13350,0 мың теңге сомасында, коммуналдық шаруашылық объектілердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға -62400,0 мың теңге; «Арқалық қаласының канализациялық коллекторларды негізгі №1 (1а) канализациялық насостық станциясынан канализациялық су тазарту («А» торабы) құрылыстарыныңа дейін қайта жаңарту» - коммуналдық шаруашылықты дамытуға арналған нысаналы трансферттер 156852,0 мың теңге сомасында; көлік инфрақұрылымын дамытуға нысаналы трансферттер 70000,0 мың теңге сомасында. «Қайырбеков көшесінен Энтузиастов көшесіне дейін Демченко көшесін қайта жаңарту».
Тармақ 3
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою Арқалық қаласының жергілікті атқарушы органының төтенше резерві құрамы 8471,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 4
4. Бюджеттік жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлгалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағыттылған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, 2008 жылға арналған бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған қалалық бюджетті орындау процесінде секвестірлеуге жатпайтын қалалық бағдарламаларының тізбесі 3 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім 2008 жылдың 1 кантарынаң бастап колданысқа енгізіледі.
Басқа 14
Басқа 15
Басқа 16