О бюджете Житикаринского района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жітіқара ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1641674 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 905603 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 1740 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 5500 мың теңге; алынған трансферттер бойынша - 728831 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 39950 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1641674 мың теңге.
Тармақ 2
2. Бюджеттік кодекске сәйкес аудан бюджетіне кірістер толық көлемде есептелінетін болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте 688881 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен бюджеттік субвенциялар көлемі қарастырылсын.
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте нысаналы ағымды трансферттер мынадай мөлшерде есепке алынсын:
Тармақша 1
1) 11400 мың теңге бастауыш, орта негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерінде физика кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға;
Тармақша 2
2) 3450 мың теңге бастауыш, орта негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріне компьютерлер сатып алуға;
Тармақша 3
3) 25100 мың теңге коммуналдық шаруашылық объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған Жітіқара ауданы әкімдігінің резерві, 8878 мың теңге сомасына, оның ішінде 8878 мың теңге сомасына шұғыл шығындар резерві бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2 қосымшаға сәйкес, 2008 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалу барысында секвестірге жатпайтын, бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 7
7. 3 қосымшаға сәйкес, Жітіқара ауданының село, селолық округтері әкімдері аппараттарының бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 14. Жітіқара ауданының 2008 жылға арналған бюджеті
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне 1 қосымша Жітіқара ауданының 2008 жылға арналған бюджеті
Басқа 15. 2008 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалу барысында секвестірге жатпайтын, бюджеттік бағдарламалар тізбесі
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне 2 қосымша 2008 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалу барысында секвестірге жатпайтын, бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Басқа 16. Жітіқара ауданының 2008 жылға арналған село, селолық округтер аппараттарының бюджеттік бағдарламалары
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешіміне 3 қосымша Жітіқара ауданының 2008 жылға арналған село, селолық округтер аппараттарының бюджеттік бағдарламалары