Об областном бюджете Костанайской области на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы "2008 жылға арналған республикалық бюджеті туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-ІV Заңын орындау үшін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер – 59031096,8 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 2542765,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 302653,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 29648,0 мың теңге; трансферттер түсімдері – 56156030,8 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар – 58959980,1 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо – 71116,7 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредиттеу – 789000,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 836000,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 47000,0 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 76797,0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 83450,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 6653,0 мың теңге;
Тармақша 6
6) бюджет тапшылығы (профицит) - -794680,3 мың теңге;
Тармақша 7
7) тапшылықты қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) – 794680,3 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандар және қалалар бюджеттеріне облыстық бюджетке аударылатын кірістерден басқа 100 пайыз көлеміндегі кірістер аударылатыны белгіленсін: қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем төлеу; облыстық маңызы бар ақылы мемлекеттік автокөлік жолдарымен жүрген үшін жиындар; облыстық маңызы бар жалпы пайдаланылуға арналған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем; жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем; орманды пайдаланғаны үшін төлем; жергілікті маңызы бар айрықша қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем; коммуналдық меншіктен түсетін кірістер; облыстық әкімдігінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері; облыстық коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік акциялар пакеттеріне түсетін дивиденттер; облыстық коммуналдық меншікке кіретін заңды тұлғалардың қатысу үлесінің кірістері; облыстық коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдер; облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер); уақытша бос бюджеттік ақшаларын депозиттерге орналастыруынан түскен сыйақылар (мүдделер); облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларын (жұмыстар, қызметтер) іске асырудан түсетін түсімдер; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алулары өткізуден түсетін түсімдер; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен салынатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, төлетулер; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады. Облыстық коммуналдық меншікке жататын мемлекеттің қаржы активтерін сатудан алынатын түсімдер облыстық бюджетке аударылады.
Тармақ 2-1
2-1. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте білім берудің жаңа енгізілген объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен 28228,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде Жанкелдин ауданына -28228 мың теңге.
Тармақ 2-2
2-2. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте дәрі-дәрмек құралдарын, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға облыстық бюджет бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен 621231,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін.
Тармақ 2-3
2-3. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте ауыз сумен қамтамасыз етудің баламасыз көздерi болып табылатын сумен қамтамасыз етудің аса маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға республикалық бюджеттен 73377,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін.
Тармақ 2-4
2-4. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге облыстық бюджет бағдарламалары бойынша республикалық бюджеттен 1064000,0 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.
Тармақ 2-5
2-5. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте ең төмендегі күнкөріс мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге республикалық бюджеттен 245000,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер түсімі ескерілсін, оның ішінде аудандар мен қалалар бюджеттеріне -245000 мың теңге, оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 35000,0 мың теңге; тұрмысы төмен отбасыдағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 210000,0 мың теңге. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-6
2-6. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте ауыл шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен облыстық бюджет бағдарламалар бойынша 3287058,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер сомалары ескерілсін, оның ішінде: тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау - 207499,0 мың теңге; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту - 216716,0 мың теңге; өсімдік шаруашылығы өнімділігінің түсімділігі мен сапасын арттыруға, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін басымды дақылдар бойынша көктемгі-егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға - 2558627,0 мың теңге; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға - 1363 мың теңге; мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруын субсидиялауға - 302853,0 мың теңге.
Тармақ 2-7
2-7. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 677723,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін, оның ішінде: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен қамтамасыз етуге - 13800,0 мың теңге, оның ішінде аудандар мен қалалар бюджеттеріне - 13800,0 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға – 138533,0 мың теңге, оның ішінде аудандар мен қалалар бюджеттеріне -138533,0 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқыту жүйесін енгізу – 525390,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджет бағдарламалары бойынша - 20260,0 мың теңге, аудандар мен қалалар бюджеттеріне - 505130,0 мың теңге. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-8
2-8. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды қалыптастыру және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен облыстық бюджет бағдарламалары бойынша 1320502,0 мың теңге жалпы сомасында ағымдағы нысаналы трансферттердің түсімі ескерілсін.
Тармақ 2-9
2-9. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға республикалық бюджеттен 19044,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін, оның ішінде аудандар мен қалалар бюджеттеріне -19044,0 мың теңге;. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-10
2-10. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте электронды үкімет шеңберінде адами капиталын дамытуға республикалық бюджеттен 132968,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін, оның ішінде облыстық бюджет бағдарламалары бойынша - 38500,0 мың теңге, аудандар мен қалалар бюджеттеріне - 94468,0 мың теңге. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-11
2-11. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға республикалық бюджеттен 574000,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-12
2-12. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және қалыптастыруға республикалық бюджеттен 1403000,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін, оның ішінде: инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және қалыптастыруға - 1305000,0 мың теңге; инженерлік желілерін жөндеуге және қайта жаңғыртуға - 98000,0 мың теңге. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-13
2-13. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үйді салуға және сатып алуға сыйақының (қызықтырудың) нольдік мөлшерлеме бойынша республикалық бюджеттен 436000,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредит сомаларының түсімі қарастырылсын. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-14
2-14. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте білім беру объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 906771,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-15
2-15. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 1415147,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-16
2-16. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 311359,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-17
2-17. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте жылуэнергетикалық жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 393578,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-18
2-18. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте көлік инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 800000,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-19
2-19. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға республикалық бюджеттен 1206769,0 мың теңге сомасында дамытуға арналған нысаналы трансферттер сомаларының түсімі ескерілсін. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2-20
2-20. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте дамуға республикалық бюджеттен мәдениет нысандарын дамытуға 800000,0 мың теңге нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.
Тармақ 2-21
2-21. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік білім тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқушыларына стипендияны төлеуге республикалық бюджеттен 15675,0 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттердің түсімі ескерілсін.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандар мен қалалар бюджеттеріне берілетін субвенциялардың мөлшері 10302968,0 мың теңге сомасында қарастырылсын, оның ішінде: Алтынсарин - 415091,0 мың теңге; Амангелді - 650879,0 мың теңге; Әулиекөл - 975886,0 мың теңге; Денисов - 492949,0 мың теңге; Жангелдин - 692425,0 мың теңге; Жітіқара - 688881,0 мың теңге; Қамысты - 412374,0 мың теңге; Қарабалық - 584633,0 мың теңге; Қарасу - 733947,0 мың теңге; Қостанай - 442231,0 мың теңге; Меңдіқара - 694551,0 мың теңге; Науырзым - 474077,0 мың теңге; Сарыкөл - 564403,0 мың теңге; Таран - 404955,0 мың теңге; Ұзынкөл - 607193,0 мың теңге; Федоров - 580974,0 мың теңге; Арқалық қаласына - 887519,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың, қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке түсетін бюджеттік алынымдардың мөлшері 6846122,0 мың теңге сомасында қарастырылсын, оның ішінде: Қостанай қаласы - 3583894,0 мың теңге; Лисаков қаласы - 336068,0 мың теңге; Рудный қаласы - 2926160,0 мың теңге.
Тармақ 4-1
4-1. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджетке облыстық маңыздағы аудандар, қалалар бюджеттерінен 87888,8 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер қайтарылуы 4-қосымшаға сәйкес қарастырылсын.
Тармақ 4-2
4-2. Жергілікті атқарушы органдар 1998-1999 жылдары алған бюджеттік несиелер үшін облыстық бюджет алдында 47000,0 мың теңге сомасындағы қарызды өтеуі тиіс екені белгіленсін, оның ішінде: Таран ауданы – 20000,0 мың теңге; Ұзынкөл ауданы – 20000,0 мың теңге; Федоров ауданы – 7000,0 мың теңге.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар мен қалалар бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер және дамытуға арналған трансферттер ескерілсін, оның ішінде: білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 211720,0 мың теңге; білім беру ұйымдарын күрделі жөндеуге – 121700,0 мың теңге; Құмкешу селосындағы жаңадан енгізілетін орта мектепті ағымдағы ұстауға – 3087,0 мың теңге; балабақша ғимаратын коммуналдық меншікке сатып алуға – 50000,0 мың теңге; Мереке орта мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 17000,0 мың теңге; Қарамеңді селосындағы мектеп жанындағы интернатты ағымдағы ұстауға – 5690,0 мың теңге; Қостанай қаласындағы N 5 мектеп-бақша жапсар жайын көшіруге – 4600,0 мың теңге; білім беру нысандарын салуға және қайта жаңғыртуға – 201867,0 мың теңге; коммуналдық шаруашылық нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 154200,0 мың теңге; коммуналдық шаруашылық нысандарының жұмыс етуін қамтамасыз етуге – 25506,0 мың теңге; елді мекендерді көркейтуге және көгалдандыруға – 219236,0 мың теңге; сумен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс етуіне – 21000,0 мың теңге; мәдениет нысандарын жөндеуге – 10000,0 мың теңге; "Тың-2008" облыстық спартакиадасын өткізуге арналған іс-шараларға – 10055,0 мың теңге; білім алуға байланысты шығыстарды ішінара өтеу үшін жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге (әкім гранттары) – 15684,0 мың теңге; коммуналдық шаруашылық нысандарын ағымдағы жөндеуге – 27272,0 мың теңге; автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз етуге – 364730,0 мың теңге; Амангелді ауданы әкімі аппараты ғимаратын күрделі жөндеуді аяқтауға – 5000,0 мың теңге; кірістердің шығынын өтеуге - 38000,0 мың теңге; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға - 6523,0 мың теңге; 2008-2009 жылдары жылыту маусымын өткізуге – 87029,0 мың теңге; мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға – 5000,0 мың теңге; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 20405,0 мың теңге; сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға – 140467,0 мың теңге; коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 345118,0 мың теңге; жылу энергетикалық жүйесін дамытуға – 224800,0 теңге; көлік инфрақұрылымын дамытуға – 1288344,0 мың теңге. Көрсетілген трансферттерді бөлу Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының 2008 жылға арналған резерві 271524,0 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға – 26700,0 мың теңге; шұғыл шығындарға – 200000,0 мың теңге; соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді атқаруға – 44824,0 мың теңге.
Тармақ 7
7. Қостанай облысының жергілікті атқарушы органы қарызының лимиті 2007 жылдың 31 желтоқсанына 3 628 597,0 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2007 жылға арналған облыстық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар Тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғы капиталын қалыптастыруға немесе көбейтуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлініп, 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 41
Мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне 1-қосымша 2008 жылға арналған облыстық бюджет Санат Атауы Сомасы, мың теңге Сыныбы Iшкi сыныбы Өзгешелік Ерекшелiгi I.КІРІСТЕР 59 031 096,8 1 Салықтық түсімдер 2 542 765,0 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар 2 542 765,0 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 2 542 765,0 2 Салықтық емес түсiмдер 302 653,0 01 Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 18 188,0 1 Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінен түсімдер 5 578,0 3 Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер 537,0 5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 8 672,0 7 Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) 3 401,0 02 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер 7 530,0 1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер 7 530,0 03 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері 70,0 1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері 70,0 04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу 256 979,0 1 Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 256 979,0 06 Басқа да салықтық емес түсiмдер 19 886,0 1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 19 886,0 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 29648 01 Мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сату 29648 1 Мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сату 29648 4 Трансферттердің түсімдері 56 156 030,8 01 Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан алынатын трансферттер 6 934 010,8 2 Аудандық (қалалық) бюджеттерден трансферттер 6 934 010,8 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 49 222 020,0 1 Республикалық бюджеттен түсетiн трансферттер 49 222 020,0 Функционалдық топ Функционалдық кіші топ Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Бағдарлама ІІ. ШЫҒЫНДАР 58 959 980,1 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 987 126,0 1 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 755 058,0 110 Облыс мәслихатының аппараты 30 953,0 001 Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету 30 953,0 120 Облыс әкімінің аппараты 724 105,0 001 Облыс әкімнің қызметін қамтамасыз ету 717 582,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 6 523,0 2 Қаржылық қызмет 130 173,0 257 Облыстың қаржы басқармасы 130 173,0 001 Қаржы басқармасының қызметін қамтамасыз ету 85 069,0 009 Коммуналдық меншікті жекешелендіруді ұйымдастыру 2 094,0 010 Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату 10,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 43 000,0 5 Жоспарлау және статистикалық қызмет 82 851,0 258 Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 82 851,0 001 Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметін қамтамасыз ету 82 851,0 9 Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер 19 044,0 120 Облыс әкімінің аппараты 19 044,0 008 Мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер 19 044,0 02 Қорғаныс 93 061,0 1 Әскери мұқтаждар 13 596,0 250 Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы 13 596,0 003 Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар 8 078,0 007 Аумақтық қорғанысты дайындау және облыстық ауқымдағы аумақтық қорғаныс 5 518,0 2 Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру 79 465,0 250 Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы 79 465,0 001 Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының қызметін қамтамасыз ету 20 646,0 004 Облыстық ауқымдағы азаматтық қорғаныстың іс-шаралары 20 033,0 006 Облыстық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою 38 786,0 03 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 2 829 279,0 1 Құқық қорғау қызметi 2 829 279,0 252 Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы 2 829 279,0 001 Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органының қызметін қамтамасыз ету 2 743 079,0 002 Облыс аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету 85 198,0 003 Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу 1 002,0 04 Бiлiм беру 6 486 686,0 2 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру 2 128 725,0 260 Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы 615 343,0 006 Балаларға спорт бойынша қосымша білім беру 615 343,0 261 Облыстың білім беру басқармасы 1 513 382,0 003 Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру 581 841,0 006 Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру 245 850,0 018 Жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 28 228,0 026 Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне білім беру саласында мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 505 130,0 048 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 13 800,0 058 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 138 533,0 4 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 2 286 068,0 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 93 469,0 025 Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау 93 469,0 261 Облыстың білім беру басқармасы 2 192 599,0 024 Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мамандар даярлау 1 966 315,0 025 Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау 226 284,0 5 Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру 142 801,0 252 Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы 57 662,0 007 Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау 57 662,0 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 7 506,0 003 Кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау 7 506,0 261 Облыстың білім беру басқармасы 77 633,0 010 Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау 77 633,0 9 Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер 1 929 092,0 261 Облыстың білім беру басқармасы 816 454,0 001 Білім беру департаментінің (басқармасының) қызметін қамтамасыз ету 65 186,0 004 Білім берудің мемлекеттік облыстық мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру 35 747,0 005 Білім берудің мемлекеттік облыстық мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу 15 810,0 007 Облыстық ауқымда мектеп олимпиадаларын, мектептен тыс іс-шараларды және конкурстар өткізу 42 210,0 011 Балалар мен жеткіншектердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету 51 373,0 012 Дамуында проблемалары бар балалар мен жеткіншектердің оңалту және әлеуметтік бейімдеу 59 363,0 014 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері 94 468,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 413 797,0 116 Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту 38 500,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 1 112 638,0 004 Білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер 994 569,0 005 Білім беру объектілерін дамыту 118 069,0 05 Денсаулық сақтау 16 796 429,0 1 Кең бейiндi ауруханалар 6 365 256,0 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 6 365 256,0 004 Бастапқы медициналық-санитарлық көмек және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек көрсету 6 365 256,0 2 Халықтың денсаулығын қорғау 920 497,0 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 309 124,0 005 Жергiлiктi денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндiру 137 000,0 006 Ана мен баланы қорғау 140 585,0 007 Салауатты өмір салтын насихаттау 30 821,0 017 Шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерін сатып алу 718,0 269 Облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 611 373,0 001 Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының қызметін қамтамасыз ету 313 072,0 002 Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы 298 301,0 3 Мамандандырылған медициналық көмек 3 481 332,0 269 Облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы 167 811,0 007 Халыққа иммундық алдын алуды жүргізу үшін дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу 167 811,0 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 3 313 521,0 009 Әлеуметтік-елеулі және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету 2 704 008,0 019 Туберкулез ауруларын туберкулез ауруларына қарсы препараттарымен қамтамасыз ету 80 916,0 020 Диабет ауруларын диабетке қарсы препараттарымен қамтамасыз ету 260 612,0 021 Онкологиялық ауруларды химия препараттарымен қамтамасыз ету 232 074,0 022 Бүйрек жетімсіз ауруларды дәрі-дәрмек құралдарымен, диализаторлармен, шығыс материалдарымен және бүйрегі алмастырылған ауруларды дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету 31 951,0 026 Гемофилиямен ауыратын ауруларды, үлкен адамдарды емдеу кезінде қанның ұю факторларымен қамтамасыз ету 3 960,0 4 Емханалар 3 847 091,0 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 3 847 091,0 010 Халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету 3 454 431,0 014 Халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және мамандандырылған балалар және емдік тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету 392 660,0 5 Медициналық көмектiң басқа түрлерi 427 565,0 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 427 565,0 011 Жедел және шұғыл көмек көрсету 394 115,0 012 Төтенше жағдайларда халыққа медициналық көмек көрсету 33 450,0 9 Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер 1 754 688,0 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 208 163,0 001 Денсаулық сақтау басқармасының қызметін қамтамасыз ету 96 968,0 008 Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетінің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру 59 133,0 013 Патологоанатомиялық союды жүргізу 35 245,0 016 Азаматтарды елді мекеннің шегінен тыс емделуге тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету 6 117,0 018 Ақпараттық талдау орталықтарының қызметін қамтамасыз ету 10 700,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 1 546 525,0 007 Денсаулық сақтау объектілерін дамыту 1 546 525,0 6 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 3 253 697,0 1 Әлеуметтiк қамсыздандыру 2 740 806,0 256 Облыстың жұмыспен қамтылу мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 1 134 825,0 002 Жалпы үлгідегі мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қамтамасыз ету 1 134 825,0 261 Облыстың білім беру басқармасы 1 230 622,0 015 Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру 1 230 622,0 271 Облыстың құрылыс департаменті (басқармасы) 375 359,0 008 Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін дамыту 375 359,0 2 Әлеуметтiк көмек 430 172,0 256 Облыстың жұмыспен қамтылу мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 430 172,0 003 Мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету 185 172,0 020 Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне ең төменгі күнкөрістің мөлшері өскеніне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін және 18 жасқа дейінгі балаларға айсайынғы мемлекеттік жәрдемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 245 000,0 9 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 82 719,0 256 Облыстың жұмыспен қамтылу мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 82 719,0 001 Жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының қызметін қамтамасыз ету 67 035,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 15 684,0 7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 2 946 084,0 1 Тұрғын үй шаруашылығы 2 002 405,0 271 Облыстың құрылыс департаменті (басқармасы) 2 002 405,0 010 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер 579 000,0 012 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін даму трансферттері 1 423 405,0 2 Коммуналдық шаруашылық 943 679,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 345 118,0 013 Коммуналдық шаруашылықты дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттер 345 118,0 279 Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 598 561,0 001 Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметін қамтамасыз ету 28 604,0 004 Елді мекендерді газдандыру 62 986,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 506 971,0 8 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 3 364 733,0 1 Мәдениет саласындағы қызмет 1 697 983,0 262 Облыстың мәдениет басқармасы 586 983,0 001 Мәдениет басқармасының қызметін қамтамасыз ету 91 720,0 003 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 83 134,0 005 Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұралардың сақталуын және оған қол жетімді болуын қамтамасыз ету 104 908,0 007 Жергілікті маңызы бар театр және музыка өнерін қолдау 297 221,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 10 000,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 1 111 000,0 016 Мәдениет объектілерін дамыту 1 111 000,0 2 Спорт 1 180 568,0 260 Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы 1 091 313,0 001 Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін қамтамасыз ету 26 884,0 003 Облыстық деңгейінде спорт жарыстарын өткізу 20 839,0 004 Әртүрлi спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы 1 033 535,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 10 055,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 89 255,0 017 Дене шынықтыру және спорт объектілерін дамыту 89 255,0 3 Ақпараттық кеңiстiк 399 842,0 259 Облыстың мұрағат және құжаттама басқармасы 119 748,0 001 Мұрағат және құжаттама басқармасының қызметін қамтамасыз ету 12 552,0 002 Мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету 107 196,0 262 Облыстың мәдениет басқармасы 128 263,0 008 Облыстық кітапханалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету 128 263,0 263 Облыстың ішкі саясат басқармасы 118 230,0 002 Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу 118 230,0 264 Облыстың тілдерді дамыту басқармасы 33 601,0 001 Тілдерді дамыту басқармасының қызметін қамтамасыз ету 15 249,0 002 Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлді дамыту 18 352,0 4 Туризм 3 353,0 265 Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 3 353,0 005 Туристік қызметті реттеу 3 353,0 9 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер 82 987,0 263 Облыстың ішкі саясат басқармасы 82 987,0 001 Ішкі саясат басқармасының қызметін қамтамасыз ету 53 199,0 003 Жастар саясаты саласында өңірлік бағдарламаларды іске асыру 29 788,0 9 Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 753 924,0 9 Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де қызметтер 753 924,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 224 800,0 019 Жылу-энергетикалық жүйені дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері 224 800,0 279 Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 529 124,0 007 Жылу-энергетикалық жүйені дамыту 529 124,0 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 5 452 688,0 1 Ауыл шаруашылығы 3 475 078,0 255 Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы 3 475 078,0 001 Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметін қамтамасыз ету 57 189,0 002 Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау 207 499,0 005 Республикалық меншікке жатпайтын ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттық рәсімдерін жүргізу 141,0 010 Мал шаруашылығын дамытуды қолдау 338 316,0 011 Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын арттыру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының құнын арзандату 2 558 627,0 013 Малшаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру 302 853,0 014 Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау 1 363,0 018 Пестицидтерді (ұлы химикаттарды) зиянсыздандыру 9 090,0 2 Су шаруашылығы 1 463 150,0 254 Облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті басқармасы 39 753,0 002 Су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiн белгiлеу 34 753,0 003 Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 5 000,0 255 Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы 73 377,0 009 Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау 73 377,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 1 350 020,0 029 Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттер 1 350 020,0 3 Орман шаруашылығы 416 322,0 254 Облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 416 322,0 005 Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру 409 171,0 006 Жануарлар дүниесін қорғау 7 151,0 5 Қоршаған ортаны қорғау 70 984,0 254 Облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 70 984,0 001 Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қызметін қамтамасыз ету 32 417,0 008 Қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар өткізу 38 567,0 6 Жер қатынастары 27 154,0 251 Облыстың жер қатынастары басқармасы 27 154,0 001 Жер қатынастары басқармасының қызметін қамтамасыз ету 27 154,0 11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 107 866,0 2 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 107 866,0 267 Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы 25 195,0 001 Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметін қамтамасыз ету 25 195,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 57 459,0 001 Құрылыс басқармасының қызметін қамтамасыз ету 30 187,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 27 272,0 272 Облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы 25 212,0 001 Сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметін қамтамасыз ету 25 212,0 12 Көлiк және коммуникация 4 606 706,0 1 Автомобиль көлiгi 3 482 129,0 268 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 3 482 129,0 003 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 1 991 685,0 007 Көлік инфрақұрылымын дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері 1 490 444,0 9 Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер 1 124 577,0 268 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 1 124 577,0 001 Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметін қамтамасыз ету 28 597,0 002 Көлік инфрақұрылымын дамыту 702 764,0 005 Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру 28 486,0 113 Жергілікті бюджеттерден алынатын трансферттер 364 730,0 13 Басқалар 669 024,0 1 Экономикалық қызметтерді реттеу 31 231,0 265 Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (басқармасы) 31 231,0 001 Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қызметін қамтамасыз ету 31 231,0 9 Басқалар 637 793,0 257 Облыстың қаржы басқармасы 537 110,0 012 Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi 271 524,0 019 Жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 265 586,0 258 Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 100 683,0 003 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оған сараптама жүргізу 100 683,0 15 Трансферттер 10 612 677,1 1 Трансферттер 10 612 677,1 257 Облыстың қаржы басқармасы 10 612 677,1 007 Субвенциялар 10 302 968,0 011 Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 309 709,0 ІІІ.ОПЕРАЦИЯЛЫҚ САЛЬДО 71 116,7 ІҮ. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ 789 000,0 Бюджеттік кредиттер 836 000,0 7 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 436 000,0 1 Тұрғын үй шаруашылығы 436 000,0 271 Облыстың құрылыс басқармасы 436 000,0 009 Тұрғын үй салуға және сатып алуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру 436 000,0 13 Басқалар 400 000,0 03 Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау 400 000,0 265 Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 400 000,0 010 Мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-на кредит беру 400 000,0 Санат Сомасы, мың теңге Сынып Кіші сынып Өзгешелігі Бюджеттік кредиттерді өтеу 47 000,0 05 Бюджеттік кредиттерді өтеу 47 000,0 01 Бюджеттік кредиттерді өтеу 47 000,0 1 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 47 000,0 03 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 47 000,0 Ү.ҚАРЖЫ АКТИВТЕРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША САЛЬДО 76 797,0 Қаржы активтерді сатып алу 83 450,0 13 Басқалар 83 450,0 9 Басқалар 83 450,0 257 Облыстың қаржы басқармасы 83 450,0 005 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 83 450,0 Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 6 653,0 06 Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 6 653,0 01 Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 6 653,0 1 Қаржы активтерін ел ішінде сатудан түсетін түсімдер 6 653,0 05 Мүліктік кешен түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер 6 653,0 ҮІ.ТАПШЫЛЫҚ (-), ПРОФИЦИТ (+) -794 680,3 ҮІІ. ТАПШЫЛЫҚТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТТІ ПАЙДАЛАНУ) 794 680,3
Басқа 42
Мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне 2-қосымша Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғы капиталын құруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлініп, 2008 жылға арналған облыстық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі Функционалдық топ Функционалдық кіші топ Бюджеттік бағдарлама әкімшісі Бағдарлама Атауы ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР 04 Білім беру 9 Білім беру саласындағы басқа да қызметтер 271 Облыстың құрылыс басқармасы 004 Аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға дамытуға арналған нысаналы трансферттер 005 Білім беру объектілерін дамыту 05 Денсаулық сақтау 9 Денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызметтер 271 Облыстың құрылыс басқармасы 007 Денсаулық сақтау объектілерін дамыту 06 Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 1 Әлеуметтік қамтамасыз ету 271 Облыстың құрылыс басқармасы 008 Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін дамыту 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 1 Тұрғын үй шаруашылығы 271 Облыстың құрылыс басқармасы 009 Аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне тұрғын үй құрылысына арналған кредит беру 010 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне дамытуға арналған нысаналы трансферттер 012 Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және қалыптастыруға аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне дамытуға арналған нысаналы трансферттер 2 Коммуналдық шаруашылық 271 Облыстың құрылыс басқармасы 013 Коммуналдық шаруашылықты дамытуға арналған аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне дамытуға арналған нысаналы трансферттер 030 Коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту 279 Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 004 Елді мекендерді газдандыру 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 1 Мәдениет саласындағы қызмет 271 Облыстың құрылыс басқармасы 016 Мәдениет объектілерін дамыту 2 Спорт 271 Облыстың құрылыс басқармасы 017 Дене шынықтыру және спорт объектілерін дамыту 9 Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану 9 Отын-энергетикалық кешені мен жер қойнауын пайдалану саласындағы басқа да қызметтер 271 Облыстың құрылыс басқармасы 019 Жылуэнергетикалық жүйесін дамытуға арналған аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне дамытуға арналған нысаналы трансферттер 279 Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы 007 Жылу энергетикалық жүйесін дамыту 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 2 Су шаруашылығы 271 Облыстың құрылыс басқармасы 029 Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға арналған аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне дамытуға арналған нысаналы трансферттер 12 Көлік және коммуникация 1 Автомобиль көлігі 268 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 007 Көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған аудандардың (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне дамытуға арналған нысаналы трансферттер 9 Көлік және коммуникациялар саласындағы басқа да қызметтер 268 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 002 Көлік инфрақұрылымын дамыту 13 Басқалар 03 Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау 265 Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 010 Мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға "Шағын кәсіпкерлік дамыту қоры" АҚ-на кредит беру ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 9 Жалпы сипаттағы басқа да мемлекеттік қызметтер 120 Облыс әкімінің аппараты 008 Мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік  сауаттылыққа оқытуға аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне дамытуға арналған нысаналы трансферттер 04 Білім беру 4 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 253 Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 025 Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау 261 Облыстың білім басқармасы 024 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау 025 Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау 9 Білім беру саласындағы басқа да қызметтер 261 Облыстың білім басқармасы 004 Облыстық мемлекеттік білім мекемелерінде  білім беру жүйесін ақпараттандыру 014 Электрондық үкіметінің шеңберінде адами капиталын дамытуға аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттеріне дамытуға арналған нысаналы трансферттер 116 Электронды үкімет шеңберінде адами капиталын дамыту ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАРҒЫ КАПИТАЛЫН ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ҰЛҒАЙТУҒА АРНАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР 13 Басқалар 9 Басқалар 257 Облыстың қаржы басқармасы 005 Заңды тұлғалардың жарғы капиталын құру және ұлғайту
Басқа 43
Мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне 3-қосымша 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі Атауы Білім беру Жалпы білім беру Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру Денсаулық сақтау Халыққа бастапқы медикалық-санитарлық көмек көрсету Амбулаторлық деңгейде халықтың жекелеген санаттарын емдеу құралдарымен және балалар және емдік тамақтанудың  мамандандырылған өнімдерімен қамтамасыз ету
Басқа 44
Мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне 4-қосымша Қостанай облысының облыстық бюджетіне 2008 жылы аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттерінен нысаналы трансферттер қайтару мың теңге р. с. № Атауы Барлығы оның ішінде Республикалық бюджеттен берілген трансферттерді қайтару облыстық  бюджеттен берілген трансферттерді қайтару 87888,8 86375,9 1512,9 1 Алтынсарин ауданы 0,1 0,1 0,0 2 Аманкелді ауданы 337,2 329,2 8,0 3 Әулиекөл ауданы 1,3 1,3 0,0 4 Денисов ауданы 105,7 12,8 92,9 5 Жанкелдин ауданы 5021,5 4955,7 65,8 6 Жітіқара ауданы 242,3 232,2 10,1 7 Қамысты ауданы 19,6 2,5 17,1 8 Қарабалық ауданы 119,5 7,2 112,3 9 Қарасу ауданы 25,0 24,9 0,1 10 Қостанай ауданы 1098,8 1093,3 5,5 11 Меңдіқара ауданы 143,4 26,3 117,1 12 Науырзым ауданы 101,9 101,8 0,1 13 Сарыкөл ауданы 4129,4 4127,4 2,0 14 Таран ауданы 414,2 391,6 22,6 15 Ұзынкөл ауданы 92,1 7,7 84,4 16 Федоров ауданы 3,4 0,4 3,0 17 Арқалық қаласы 13766,8 13766,8 0,0 18 Қостанай қаласы 62252,5 61280,6 971,9 19 Лисаков қаласы 5,6 5,6 0,0 20 Рудный қаласы 8,5 8,5 0,0