Қолданыстағы ред. 19.12.2007

"2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы" от 19.12.2007 г. № 3/2-IV ("2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы")

0

"2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы"
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 80, 85-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «2008 жылға арналған республикалық бюджеттер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1

1) кірістер - 181458 мың теңге, оның ішінде;
салықтық түсімдер - 179157 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1362 мың теңге;
негізгі капиталдарды сатудан түсетін түсімдер - 939 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 789029 мың теңге;

2

2) шығындар -970487 мың теңге;

3

3) операциялық сальдо - 0;

4

4) таза бюджеттік несиелеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 0;
бюджеттік несиелерді өтеу - 0;

5

5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо-0;
қаржы активтерін сатып алу-0;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

6

6) бюджеттің тапшылығы (профицит) - 0;

7

7) қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0,

2

2. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттегі мақсатты ағымды трансферттер мынандай көлемде қарастырылуы ескертілсін:
- оқу орындарын аяқтағаннан соң ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға материалдық көмек көрсетуге (мұгалімдер мен дәрігерлерге) - 725,0 мың теңге;
- материалдық көмек көрсетуге (Үлы Отан соғысына қатысушыларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға) - 9522,0 мың тенге;
- жоғарғы оқу орындарындағы аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын оқыту үшін (оқытудың бағасы, стипендия, жатақханада тұру) - 2602,0 мың теңге.

2

2. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің субвенция көлемі 776180 мың теңге сомасында белгіленсін.

4

4. Аудандық бюджетке түсетін түсімдер: жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, мүлік салығынан, жер салығынан, көлік салығынан, жеке жер салығынан, акциздерден, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдерден және де басқада ресурстардан, кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтерде түсетін кірістерден, мемлекеттік баждардан, мемлекеттік меншіктегі мүліктерді жалға беру түсімдерінен, айыптар мен санкциялар бойынша түсімдерінен, өзге де салыққа жатпайтын түсімдерден, жер сату түсімдерінен құрылатыны бекітілсін.

5

5. «Облыстық бюджетінің және қалалар мен аудандардың бюджетінің 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттерінің көлемдері туралы» аудандық бюджетке салық түсімдерінің аударуын Шыгыс Қазакстан облыстық мәслихатының тармақтарына сәйкес белгіленген тұрақты нормативтері бойынша өндірілсін.

6

6. Аудандық қазынашылық бөлімі 2008 жылғы 1 каңтардан бастап тиісті бюджеттерге кірістер сомасын енгізуді нормативтер бойынша жүзеге асырсын.

7

7. 2008 жылға арналған бюджетте сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөңдеуге Кривинка ауылы бойынша 17548 мың тенге, Бөдене ауылы бойынша 28658 мың теңге.

8

8. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтардың дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18 бабына сәйкес, ауылдық елді мекендерде істейтінбілім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда қызметақыларының (тарифтік ставкаларын) 25 пайызға арттырып төлеу жүргізілсін.

9

9. Аудандық бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

10

10. Бюджеттік инвестициялық жобаларының (бағдарламалар) іске заңды тұлғалардың жарғылық капиталының өсуі мен қалыптасуына жіберілген, 2008 жылғы бюджеттік бағдарламаға бөлінген, облыстық бюджетінің дамуының бюджеттік бағдарламалар тізімі № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

11

11. Осы шешім Бесқарағай аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енігізіледі.

19. 2008 жылға арналған аудандық бюджет.

Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 3/2-IV шешіміне 1 қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджет.

20

Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 3/2-IV шешіміне 2 қосымша

21

Бесқарағай аудандық
мәслихатының
2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 3/2-IV шешіміне 3 қосымша