Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексіне», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданның 2008 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістір – 771036,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 93214,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 493,0 мың теңге; негізгі капиталдарды сатудан түсетін түсім – 100,0 мың теңге; ағымдағы нысаналы трансферттер – 10150,0 мың теңге; нысаналы даму трансферттері – 16200,0 мың теңге; облыстық бюджеттен бөлінген субвенция – 650879,0 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар – 771036,0 мың теңге;
Тармақ 2
2. Табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдем ақы төлеу шығындары – 44987,0 мың теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған Аманкелді ауданының жергілікті атқарушы орган резерві 1138 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: Шұғыл шығындарға – 938,0 мың теңге; Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға – 200 мың теңге.
Тармақ 4
4. Заңды тұлғалардың жарғы капиталын қалыптастыруға немесе көбейтуге – 3000,0 мың теңге.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғы капиталын қалыптастыруға немесе көбейтуге бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлініп, 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау процесінде секвестерлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ Т. Қарбозов Аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ Ж. Сеилова Аманкелді ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы ________________ Е. Қарбозов
Басқа 10. Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 шешіміне 1 қосымша Аманкелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Басқа 11. Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламаларға) және заңды тұлғалардың жарғы капиталын құру мен ұлғайтуға бөлінген 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 шешіміне 2 қосымша Бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламаларға) және заңды тұлғалардың жарғы капиталын құру мен ұлғайтуға бөлінген 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі
Басқа 12. 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестірлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 20 шешіміне 3 қосымша 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестірлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі