Об утверждении перечня целевых групп населения на 2008 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы Қазакстан Реепубликасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуды қолдау үшін нысаналы топтарға кіретін тұлғалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды жұмыспен қамту үшін шаралар ескерсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Әкімдіктің 2007 жылғы 26 қарашадағы № 410 «2008 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы» қаулысы жойылсын.
Басқа 6. Жұмыспен қамтуды қолдау үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдар ТІЗБЕСІ
Әкімдіктің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 421 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуды қолдау үшін халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдар ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтар.
Тармақ 2
2. Жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйлердің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-аналар қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көпбалалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Зейнеткерлікке шығу алдында жастағы адамдар (жасына қарағанда зейнеткерлікке шығуға екі жыл калғандар).
Тармақ 6
6. Мүгедектер.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар.
Тармақ 8
8. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 9
9. Оралмандар.
Тармақ 10
10. Көп уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жыл және одан да көп).
Тармақ 11
11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарын курстық даярлау бойынша бітірушілер.
Тармақ 12
12. Қарауында Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен тұрақты қарауға, көмекке және бақылауға мұқтаж адамдары бар азаматтар.
Тармақ 13
13. Елу жастан үлкен тұлғалар.
Тармақ 14
14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдауымен бойынша кәсіптік оқуды бітіргендер