О бюджете Денисовского района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облыстык мәслихатының 2007 жылдың 12 желтоқсандағы № 32 «Қостанай облысының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешімін орындау үшін және Денисов ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 1 қарашадағы № 406 «Денисов аудандық мәслихатының «Денисов ауданының 2008 жылға арналған Денисов ауданының бюджеті туралы» шешімінің жобасын Денисов аудандық мәслихаты сессиясының бекітуіне енгізу туралы» қаулысын карап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер 786000 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдері бойынша - 272602 мың тенге; салықтан тыс түсімдер - 1052 мың тенге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 580 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 511766 мың тенге;
Тармақша 2
2) шығындар - 786000 мың тенге;
Тармақша 3
3) операциялык сальдо - 0;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несиелеу - 0;
Тармақша 5
5) каржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
Тармақша 6
6) дефицит (профицит) - 0;
Тармақша 7
7) дефицитті қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0 мың теңге»;
Тармақ 2
2. Аудан бюджетінің кірісіне есепке алынатындары белгіленсін: жеке табыс салығы; әлеуметтік салық; жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және жеке тұлғалардың мүліктеріне арналған салықтары; жер салығы; біріңғай жер салығы; заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық; бензинге арналған акциздер (авиациялык бензинді коспағанда) және дизельдік жанар май; жер учаскелерін қоладануға арналған төлемдер; жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелгендері үшін жинақтары; жекелеген қызметтермен айналысу құқығына үшін рұксаттық құжаттар жинағы; заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелгендері үшін және филиалдар мен өкілдердің тіркелуін есепке алу төлемдері; аукциондар жинағы; көлік құралдарының тіркелгені үшін алымдар; қозғалмайтын мүлікке құқықтары мен оған қатысты мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге алу үшін алым; жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасы үшін алынатын алым; елді-мекендерде және жергілікті маңызы бар ортак пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлем; республикалық бюджетте есепке алынатын мемлекеттік баждардан және консульдік жинақтардан басқа, мемлекеттік баж; коммуналдық жеке меншіктерден түсетін түсімдер: аудан әкімдігінің шешімдері бойынша құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза түсімдері бөлігінің кірістері; ауданның коммуналдық меншік мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер; аудан бюджетінен бөлінген несиелер бойынша сыйақылар (мүдде); ауданның коммуналдық меншігінен түсетін баска да түсімдері; аудандық бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі; аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; аудан бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер; аудандык бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін ақшалар; ауыл шаруашылығы мақсатындагы жер учаскелерінен басқа жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем. Ауданның жергілікті атқарушы органы алатын қарыздардан, ауданның коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, аудандық бюджетінен берілген несиелерді өтеуден түсетін түсімдер аудан бюджетіне есепке алынады.
Тармақ 3
3. Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 «Қостанай облысының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» сессиясының шешімімен белгіленгендері мәліметке алынсын: Облыстык бюджеттен аудандық бюджетке 2008 жылға арналған субвенциялар көлемі 492949 мың теңге сомасында.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансфертер есебіндегі шығындар аудан бюджетінде ескертілсін: 9417 мың теңге сомаға сумен қамту жүйесін дамыту; 9400 мың теңге сомаға білім беру ұйымдарының материалдык-техникалық базасын нығайту, оның ішінде: физика кабинеттерін жабдықтауға - 7600 мың теңге; Компьютерлер сатып алуға - 1800 мың теңге.
Тармақ 5
5. Денисов ауданының жергілікті атқару органының 2742 мың теңге сомасына жедел қажеттіліктерге арналған резерві бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудан бюджеттің шығындарында ағымдағы ұстау шығындарының 1 пайыздан кем емес көлемінде «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептер, гимназиялар, лицейлер, бейіндік мектептер, мектеп-балабақшалар» кіші бағдарламасы бойынша жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 7
7. Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) іске асырылуына және заңды тұлғалардың жарғылық капиталының көбейуіне немесе қалыптасуына бағытталған бюджеттік бағдарламаға бөлінгендігімен 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік бағдарламаларының даму тізбесі 2 косымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған ауылдық, селолық округтарының, ауылдың (селоның), ауылдың әкім аппараттарының бюджеттік бағдарламалар тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы процессіндегі секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап колданыска енгізіледі.
Басқа 18
Басқа 19
Басқа 20
Басқа 21