О бюджете города Лисаковска на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 78, 80-баптарына сәйкес, «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешіміне сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласының 2007 жылға арналған бюджеті 1- қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
кірістер - 1448164 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша- 1360417 мың теңге,
салықтық емес түсімдер бойынша - 3130 мың теңге,
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 6100 мың теңге,
трансферттер түсімдері бойынша - 78517 мың теңге;
шығындар - 1422537 мың теңге;
операциялық сальдо - 25627 мың теңге;
қаржылық активтермен операциялық бойынша сальдо - 25627 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 25627 мың теңге.
Тармақ 2
2. Лисаков қаласының 2008 жылға арналған бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылғаны назарға алынсын.
Тармақ 3
3. Лисаков қаласы әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 13396 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
күтілмеген шығындарға- 13396 мың теңге.
Тармақ 4
4. «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 шешімімен белгіленгені назарға алынсын:
қаланың бюджетінен 2008 жылға арналған облыстық бюджетке 336068 мың теңге сомасында бюджеттік алулар мөлшері.
Тармақ 5
5. 2008 жылғы арналған қаланың бюджетінде нысаналы ағымдағы трансферттердің түсімдері көзделгені ескерілсін:
негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде физика кабинетін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға - 3800 мың теңге;
негзгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде коспьютерлерді сатып алуға - 1800 мың теңге;
коммуналдық шаруашылық объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 25100 мың теңге;
«Лисаков қаласының 13 және 13а шағын аудандарының ішкі орам жолдарын салу» - көлік инфрақұрылымын дамытуға - 47817 мың теңге.
Қаланың 2008 жылға арналған бюджетінің шығындарында «Мектептер, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, орта негізгі және жалпы орта кәсіби мен жалпы орта білім беру мектептері, мектептер-балабақшалар» кіші бағдарламасы бойынша жалпы білім беру мектептерін ағымдағы ұстауға арналған шығыстардан кемінде 1 пайыз көлемінде жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 7
7. 2008 жылға арналған Лисаков қаласы бюджетінің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаның тізбесі 2 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылға арналған Лисаков қаласының бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшазға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Бюджеттті орындау үшін бақылау жасау экономика, экономикалық даму, бюджет және бағдарламалар мәселелері жөніндегі тұрақты қомиссияның төрағасына, қалалық мәслихаты тексеру комиссиясының төрайымына жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11
Басқа 12
Басқа 13
Басқа 14