О бюджете Аулиекольского района на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Әулиекөл ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Кодексінің 85-бабының, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 «2008 жылға арналған Қостанай облысының облыстық бюджеті туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 3580 шешімінің және Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандагы № 236 қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауданның 2008 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1431700 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 417987 мың теңге;
салықтық емес түсімдер- 827 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 1500 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 1011386 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен субвенция - 975886 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1431700 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 мың теңге;
Тармақша 4
4) ауданның жергілікті атқарушы органының қарызын өтеуге бағытталған профициті - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) профицитті пайдалану - 0 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудан бюджетінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 14100 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін, соның ішінде:
физика кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға 11400 мың теңге сомасында;
компьютерлер алуға 2700 мың теңге сомасында.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған аудан бюджетінде коммуналдық шаруашылық объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 16600 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін.
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған аудан бюджетінде жылу энергетикалық жүйені қамытуға «Әулиекөл ауданының Құсмұрын поселкесінде қазандық салу (жобалау-сметалық құжаттамалар әзірлеу)» облыстық бюджеттен 4800 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферт көзделгені ескерілсін.
Тармақ 5
5. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2008 жылға арналған резерві - 203 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудан бюджетінде «Жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша жалпы міндетті орта білім қорының шығыны ағымдағы ұстау шығынынан 1 пайыздан кем емес мөлшерде көзделсін.
Тармақ 7
7. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының, бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және занды тұлғалардың жарғылық капиталын құруға немесе арттыруды іске асыруға бағытталғанын бөлуімен, тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған аудан бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. Әр аудандағы қаланың,аудандық маңызды қаланың, поселке, ауылдың (село), ауылдық (селолық) округтің 2008 жылға бюджеттік бағдарламасының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16
Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 27 шешіміне
1-қосымша
Басқа 17
Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 27 шешіміне
2-қосымша
Басқа 18
Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 27 шешіміне
3-қосымша
Басқа 19
Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 27 шешіміне
4-қосымша