О районном бюджете на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті 1 қосымшаға сәйкес келесі қөлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 869070 мың теңге;
соның ішінде:
салықтық түсімдер - 129764 мың теңге;
салыктык емес түсімдер - 1176 мыңтеңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерге - 3000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 735130 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 869120 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 50 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несие - 0 мың теңге;
соның ішінде:
бюджеттік несиелерді өтеу - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржылық активтермен операциясы бойынша сальдо - -50 мың теңге;
соның ішінде:
қаржылық активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттік қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер - 50 мың теңге
Тармақша 6
6) бюджеттің тапшылығы (профицит) - 0 мың тенге;
Тармақша 7
7) тапшылықты қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0 мың тенге.
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің табыстары Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен кұрылатыны белгіленсін:
жоғарғы бюджетке түскен сомманы қоспағандағы әлеуметтік салық;
жоғарғы бюджетке түскен сомманы қоспағандағы жеке табыс салығы;
мүлікке салынатын салық;
жер салығы;
көлік жабдықтарына салық;
бірыңғай жер салығы;
акциз дерге;
табиғи және басқа ресурстарды пайдаланудан түсімдер;
кәсіпкерлерден және кәсіби қызметті жүргізуден жинау;
мемлекеттік баж салығын жинау.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттің кірісі мынандай салықтық емес түсімдер есебінен құрылатындығы белгіленсін:
мемлекеттік меншікке жататын мүлікті жалға беруден түскен түсімдер.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджеттің кірісі жерді және материалдық емес активтерді сатудан түскен түсімдер есебінен құрылатындығы белгіленсін:
Тармақ 5
5. Ауылдық жерлерде тұратын мемлекеттік қызметші емес денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне қызметтердің осы түрімен айналысатын қалалық деңгейдегі мамандардың ставкаларымен салыстырғанда лауазымдық жалақыларын (тарифтік ставкаларын) 25 пайызға арттыру сақталсын.
Тармақ 6
6. 2008 жылы мемлекеттік қызметкерлердің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қызметшілерінің және қазына кәсіпорын қызметкерлері жалақысының толық көлемде жалақы төленуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. 2008 жылға арналған аудандық бюджет шығыстарында ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандарына отын сатып алу үшін 2000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек белгіленсін.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған аудандық жергілікті атқарушы орган резерві 1450 мың теңге соммада бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджетті дамыту бюджеттік бағдарламасының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға бөлініп бекітілсін.
Тармақ 10
10. 3 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттердің атқарылу барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 11
11. 4 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған жергілікті бюджетінің шығынында әрбір селолық округі бойынша бюджеттік бағдарламасы қарастырылған деп белгіленсін.
Тармақ 12
12. 5 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек төлем тізбесі бекітілсін.
Тармақ 13
13. 6 қосымшаға сәйкес 2008 жылғы 1 қаңтардан аудандық бюджет құрамында мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне 1061 мың теңге ассигнования көзделгендігі белгіленсін.
Тармақ 14
14. 2008 жылға аудандық бюджетте қаражаттар іске асыруға көзделгендігі ескерілсін:
2007 жылғы 27 шілдеден Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде азаматтық қызметкерлерге жылдық төленетін 30 күнтізбелік демалыс күні беріліп сауықтыруына айлық лауазымдық жалақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу;
2007 жылғы 27 шілдеден Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының мемлекеттік бастапқы білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін бір аптада нормативтік оқулық жүктемені сағат 20-дан сағат 18-ге дейін төмендету.
Тармақ 15
15. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Салық комитетінің төрағасы
Е.Қазбеков
25 желтоқсан 2007 жыл
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы м.а.
Ш.Сыздықова
25 желтоқсан 2007 жыл
Басқа 23. 2008 жылга арналған Тимирязев ауданының бюджеті
Аудандық мәслихат сессиясының
2007 жылғы «21» желтоқсандағы № 4/1 шешіміне
1 қосымша
2008 жылга арналған Тимирязев ауданының бюджеті
Басқа 24. 2008 жылға арналған Тимирязев ауданының бюджет бағдарламаларының және бюджеттік инвестициялық жобаларға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды дамыту тізбелері
Аудандық мәслихат сессиясының
2007 жылғы «21» желтоқсандағы № 4/1 шешіміне
2 қосымша
2008 жылға арналған Тимирязев ауданының бюджет бағдарламаларының және бюджеттік инвестициялық жобаларға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды дамыту тізбелері
Басқа 25. Аудандық бюджеттін 2008 жылға атқару барысында өзгертілуге жатпайтын аудандык бюджет бағдарламаларынын тізбесі
Аудандық мәслихат сессиясының
2007 жылғы «21» желтоқсандағы № 4/1 шешіміне
3 қосымша
Аудандық бюджеттін 2008 жылға атқару барысында өзгертілуге жатпайтын аудандык бюджет бағдарламаларынын тізбесі
Басқа 26. 2008 жылға арналған Тимирязев ауданындағы селолық округтер бойынша бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламасының тізбесі
Аудандық мәслихат сессиясының
2007 жылғы «21» желтоқсандағы № 4/1 шешіміне
4 қосымша
2008 жылға арналған Тимирязев ауданындағы селолық округтер бойынша бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламасының тізбесі
Басқа 27. 2008 жылға 451-007-000 бағдарламасы бойынша «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға төлем тізбесі
Аудандық мәслихат сессиясының
2007 жылғы «21» желтоқсандағы № 4/1 шешіміне
5 қосымша
2008 жылға 451-007-000 бағдарламасы бойынша «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға төлем тізбесі
Басқа 28. Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұктаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердін қызмет көрсетуін камтамасыз етуіне қаражат бөлуі
Аудандық мәслихат сессиясының
2007 жылғы «21» желтоқсандағы № 4/1 шешіміне
6 қосымша
Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұктаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердін қызмет көрсетуін камтамасыз етуіне қаражат бөлуі