О бюджете района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы Республикасының Бюджеттік кодексінің 63 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудан бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер – 1 759 570 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 277 951 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 781 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 8 6463 мың теңге; трансферттер түсімдері – 1 472 195 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар – 1 759 570 мың теңге;
Тармақша 3
3) операцилық сальдо – 0;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несиелеу – 0; соның ішінде: бюджеттік несиелерді өтеу – 0;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен операциясы бойынша сальдо - 0; соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
Тармақша 6
6) бюджет ташпылығы (артықшылығы) – 0;
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылығын пайдалану)– 0;
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес келесі салыктық түсімдер есебінен қалыптасуы белгіленсін: облыс бюджетіне төленетін сомалардан басқа жеке табыс салығы; облыс бюджетіне төленетін сомалардан басқа әлеуметтік салық; жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; жер салығы; бірыңғай жер салығы; жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдарына салық; бензин және жағар май (авиациялықтан басқа) акциздері; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алымдар; кызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымдар; занды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алынатын алымдар; көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдар; жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуге құқығы мен онымен шарт жасау үшін алынатын алымдар; жылжитын мүлік және кеме немесе салынып жатқан кеме ипотекасы кепілддігін мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алымдар; сыртқы (визуальды) жарнаманы аудандық маңыздағы жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарында және елді мекендерде орналастыру үшін алынатын төлемдер; консулдық алымдар мен республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баждан басқа мемлекеттік баж.
Тармақ 3
3. Аудан бюджетінің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасуы белгіленсін: аудан әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бөлігінің түсімдері; ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік акция пакеттеріне девиденттері; ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмысты, қызметті) жүзеге асырудан түсетін түсімдері; аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастырған мемлекеттік сатып алулар жүргізуден түсетін ақшалар; аудан бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
Тармақ 4
4. Аудан бюджетінің кірістері негізгі капиталды сатудан келесі түсімдер есебінен қалыптасуы белгіленсін: ауыл шаруашылығына арналган жер учаскелерінен басқа жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 5
5. Аудан бюджетінің кірістері қаржылық активтерді ел ішінде сатудан түсетін келесі түсімдер есебінен қалыптасуы белгіленсін: аудан әкімдігінің жеке меншігі болып табылатын, шұғыл басқарымдағы немесе коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық қарауындағы мүліктік кешен, өзге мемлекеттік мүлік түріндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 6
6. 2008 жылы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлеріне және қазынашылық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақыларын төлеу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 7
7. Ауылдық жерлерде қызмет ететін және мемлекеттік қызметші емес әлеуметтік қамту, білім, мәдениет және спорт мамандарының лауазымдық жалақыларын (тарифтық ставкаларын) осы қызметтермен қалалық жағдайларды айналасатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда 25 пайызға жоғарлату сақталсын.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстарында ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетуге төлемдер белгіленсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылға арналған аудан бюджетінде: Казақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы азаматтық қызметшілерге жыл сайын отыз күнтізбелік күннен кем емес жергілікті бюджет есебінен денсаулығын жақсартуға бір лауазымдық жалақы мөлшерінде жәрдемақы төлеуімен еңбек демалысын беруге қатысты Еңбек кодексін; Казақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңын берудің мемлекеттік үйымдарының бастауыш білім педагогикалық қызметкерлері үшін нормалық оқу жүктемесін жұмасына 20 сағаттан 18 сағатқа төмендету бөлімін жүзеге асыру есепке алынсын.
Тармақ 10
10. 2008 жылға арналған аудандық жергілікті атқарушы органының резерві 2 600 мың теңгеге сомасында бекітілсін.
Тармақ 11
11. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік дамыту бағдарламаларының тізбесі бағдарламаларға бөлумен 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 12
12. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалар тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 13
13. Аудан бюджетінде 4 қосымшаға сәйкес селолық округтар бойынша бюджеттік бағдарламалар қарастырылсын.
Тармақ 14
14. 2008 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы тарнсферттер келесі көлемде есепке алынсын:
Тармақша 1
1) жаңадан енгізілетін білім беру объектілерін ұстауға - 21621 мың теңге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жэне өмір сүру мөлшерінің өсуіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға айсайынғы мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге- 16573 мың теңге, соның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 7273 мың теңге; азқамтылған отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлеуге - 9300 мың теңге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға - 55328 мың теңге, соның ішінде: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің физика, химия, биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтауға - 17555 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге - 26690 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафонды және мультимедиялық кабинеттер құруға - 11083 мың теңге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік білімге оқытуға - 322 мың теңге;
Тармақша 5
5) электронды үкімет шектеуінде адамдық капиталды дамытуға - 6742 мың теңге.
Тармақ 15
15. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енеді.
Басқа 28. 2008 жылға арналған аудан бюджеті
Аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-4-2 шешіміне 1 қосымша 2008 жылға арналған аудан бюджеті
Басқа 29. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлуімен бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі
Аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-4-2 шешіміне 2 қосымша 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлуімен бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі
Басқа 30. 2008 жылғы арналған аудандық бюджеттің атқарылу үрдісінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-4-2 шешіміне 3 қосымша 2008 жылғы арналған аудандық бюджеттің атқарылу үрдісінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Басқа 31. 2008 жылға арналған селолық округтар бойынша бюджеттік бағдарламалар
Аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 4-4-2 шешіміне 4 қосымша 2008 жылға арналған селолық округтар бойынша бюджеттік бағдарламалар