Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста
Басқа 0
Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Бюджет Кодексі және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған Науырзым аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 582597 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 93683 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер - 567 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 270 мын теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 488077 мың теңге;
оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 5600 мың теңге;
дамудағы мақсатты трансферттер - 8400 мың теңге;
субвенциялар - 474077 мың теңге.
Тармақша 2
2) шығындар - 582597 мың теңге.
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 теңге;
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте 474077 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі анықталғаны назарға алынсын.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер ескерілсін:
Тармақша 1
1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 5600 мың теңге сомасында, оның ішінде:
- физика кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға - 3800 мың теңге;
- компьютерлер сатып алуға - 1800 мың теңге.
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 8400 мың теңге, оның ішінде:
- Мереке селосындағы шахталы құдықтардың құрылысына - 3600 мың теңге;
- Дәмді селосындағы сумен жабдықтау қондырғысының құрылысына - 4800 мың теңге.
Тармақ 4
4. 2008 жылғы аудандық бюджетте 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 13852 мың теңге көлемінде шығындар қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2008 жылғы аудандық бюджетте ауылдық жерлерде қызмет ететін қызметкерлердің айлық ақыларына 25 пайыз мөлшерінде үстемақы төлеу қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 6
6. Науырзым ауданы әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 945 мың теңге сомасында, оның ішінде:
2008 жылғы аудандық бюджетте аудан аумағында табиғн және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві 945 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2008 жылғы аудандық бюджеттің шығындарында «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептері, гимназиялары, лицейлері, бейіндік мектептер, мектеп-балабақшалар» жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының шығындары бағдарламасы
бойынша ағымдағы ұстауға арналған шығыстардың 1 пайызынан кем емес мөлшерінде міндетті жалпы орта білім қорының шығындары ескерілсін.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. 2008 жылы селолық округ, село, поселке әкімі аппараттарын ұстауға, елді мекендердің автомобиль жолдарын күтуді қамтамасыз етуге, елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, елді мекендерді абаттандыруға және көркейтуге бөлінген шығындар 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 17
Басқа 18
Басқа 19
Басқа 20