Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2008 жылға арналған квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2008 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 1,60 пайыз мөлшерінде, оның ішінде:
бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және арнайы орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,60 пайыз;
үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,93 пайыз;
төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,07 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.