О районном бюджете Сарыкольского района на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Сарыкөл ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы негізінде және Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 455 қаулысын қарастырып, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
кірістер - 887091 мың теңге;
оның ішінде салықтық түсімдер - 295189 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 349 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1150 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 590403 мың теңге;
шығыстар - 887091 мың теңге;
жергілікті атқарушы органның резерві - 2816 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылғаны назарға алынсын.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2 қосымшаға келісе бекітілсін.
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті орындау процесінде секвестірлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3 қосымшаға келісе бекітілсін.
Тармақ 5
5. Аталған шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Басқа 7
Басқа 8