«О районном бюджете Федоровского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы»
Федоров ауданы әкімдігінің қаулысын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 991576 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 396899мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 719 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсімдер - 2834 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 591124 мың теңге;
2) шығындар - 991576 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің кірісіне есепке алынатын мыналар белгіленсін: жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
мүлік салығы;
жер салығы;
біртүтас жер салығы;
көлік құралдарына салық;
жер учаскелерін пайдалануға төлем;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркелгені үшін алым;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
мемлекеттік баж;
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер;
басқа да салыққа жатпайтын түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түсетіндер: жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
облыстық бюджеттің ресми трансферттерінен түсетін түсімдер.
Тармақ 3
3. Ауданның 2008 жылғы бюджетінің кірістерінде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын бекітуге 10150 мың теңге сомасында ағымдағы мақсаттық трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
Тармақ 4
4. Федоров ауданы әкімдігінің 2008 жылғы резерві 3354,0 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
шұғыл жұмсалатын қаражатқа 3354,0 мың теңге сомасында.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған ауданды дамыту бюджеттік бағдарламалар тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 23 шешіміне 1-қосымша
Федоров ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті
Басқа 10. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті дамудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 23 шешіміне 2-қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджетті дамудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Басқа 11. 2008 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу процессінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 23 шешіміне 3-қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу процессінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Басқа 12. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары
Мәслихаттың
2007 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 23 шешіміне 4-қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары