Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 3 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Занының 5-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар белгіленсін:
аз қамтылғандар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар-үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-насының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауына көмекке немесе қадағалауға мұқтаж деп танылған тұлғаларды тұрақты күтетін азаматтар;
жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл қалған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар;
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
ұзақ уақыт (жылдан артық) жұмыс істемейтін азаматтар;
жоғары, орта - арнайы, кәсіптік білімін, және дайындау курс оқуын бітіргеннен кейін, жұмыс өтілі жоқ түлектер;
жиырма бір жастан бастап жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
жасқа байланысты еңбекке жарамсыз тұлғалар (елу жастан жоғары).
Тармақ 2
2. Федоров селосы және селолық округтердің әкімдеріне «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілерге ұсынылсын:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
Тармақша 2
2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату бастамастан кемінде бір ай бұрын «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне толық көлемде ақпарат берсін.
Тармақша 3
3) «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бос жұмыс (бос лауазым) орындары пайда болған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде олар туралы мәлімет берсін.
Тармақша 4
4) Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа кабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы дер кезінде (Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде) хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алған ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.