Об организации проведения приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку отдела по делам обороны Зерендинского района в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары және Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы негізінде, жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамды деңгейін анықтау, жалпы білімінің, алған мамандығының және дене тәрбиесі дайындығының деңгейін белгілеу мақсаттарында, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) (бұдан әрі - қорғаныс істері жөніндегі бөлім) шақырту учаскесіне тіркеу өткізілсін.
Тармақ 2
2. «Зеренді аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С.Е.Таңатаровқа (келісім бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесінің базасында дәрігерлік куәландыруден өткізу үшін қажетті дәрігер, орташа медициналық персоналдың, сондай-ақ құрал-жабдықтардың қажетті санын бөлу жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 3
3. Қаржы бөлімінің бастығы С.Б.Айтуғанов тіркеуден өткізу үшін бекітілген аудан бюджетіне сәйкес қаржыландыруды өткізсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ және кент әкімдері қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың уақытында келулерін ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Әкімдер мен ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабын мәліметке алсын және өз құзырлары шегінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) әскери-есептік құжаттарында қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери есепке алғаны әскери есептен шығарғаны туралы белгілері болған кезде әскери қызметшілерді, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығаруды) жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын растайтын құжаттар беру;
Тармақша 3
3) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуда, азаматтарды әскери қызметке (әскери жиындарға) шақыруды жүргізуде көмек көрсету;
Тармақша 4
4) әскери қызметшілердің, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есеп ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 6
6. Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Р.Шәріповке (келісім бойынша) өз құзыры шегінде тіркеуден өткізу кезінде шақырту учаскесінде құқық тәртібінің тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау жөнінде ұсыныс етілсін.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы З.Б.Қазиақпарова тіркеуді өткізу кезеңіне техникалық жұмыстарды атқаруға 1 жұмыссыз адам бөлсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап әрекетке енгізіледі.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.