О районном бюджете на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 63 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудан бюджеті 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1 843 931 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 480 965 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 6 159 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 18 078 мың теңге; трансферттер түсімдері - 1 338 729 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1 843 931 мың тенге.
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 мың тенге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру - 0 мың тенге;
Тармақша 5
5) қаржы активтерден жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың тенге; оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың тенге;
Тармақша 6
6) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің кірісі Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдерден қалыптасатыны белгіленсін: жоғары тұрған бюджеттерге түсетін сомаларды шағарып тастағандағы жеке табыс салығынан; жоғары түрған бюджеттерге түсетін сомаларды шағарып тастағандағы әлеуметтік салықтан; мүлік салығынан; жер салығынан; бірыңғай жер салығынан; көлік құралдары салығынан; жоғары тұрған бюджетке түсетін акциздерден басқа акциздерден; табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдерден; жоғары тұрған бюджетке түсетін алымдарды шығарып тастағандағы кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымнан; жоғары тұрған бюджетке түсетін консулдық алымдар мен мемлекеттік баждарды шығарып тастағандағы мемлекеттік баждан;
Тармақ 3
3. Аудан бюджетінің кірісі келесі салыққа жатпайтын түсімдерден қалыптасатыны белгіленсін: мемлекеттің меншігіндегі мүлікті жалдаудан түскен түсімнен; жергілікті бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдерден.
Тармақ 4
4. Аудан бюджетінің кірістері негізгі капиталды сатудан түсетін келесі түсімдер есебінен қалыптасатыны белгіленсін: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шығарып тастағандағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімнен.
Тармақ 5
5. Ауданның жергілікті атқару органының 2008 жылға арналған резерві 8 499 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің шығыс бөлімінде селолық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету төлемдері белгіленсін.
Тармақ 7
7. 2008 жылы мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің, және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақыларын толық көлемде тесгу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт саласының селолық жерлерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мамандарға қызметтің осы түрімен қалалық жағдайларда айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстыру бойынша, лауазымдық жалақылары (тарифтік ставкалары) 25 пайызға жоғарылау сақталсын.
Тармақ 9
9. 2008 жылға арналған аудан бюджетінде жүзеге асыру барысында келесі шығыстар есептелсін: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы еңбек демалысына бір лауазымдық жалақысы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысының төлемі және оның ұзақтығы отыз күнтізбелік күннен кем емесігі; 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік білім ұйымдарының бастауыш білім педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін аптасында 20 сағаттан 18 сағатқа дейін төмендету бөлігінде; 10. 2 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының тізімі бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінуімен бекітілсін.
Тармақ 11
11. 3 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы үрдісінде секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар бекітілсін.
Тармақ 12
12. 4 қосымшаға сәйкес Тайынша қаласы және селолық округтар аппараттарының осы тұрғыда бюджеттік бағдарламаларының тізімі бекітілсін.
Тармақ 13
13. 5 қосымшаға сәйкес жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына берілетін төлемдердің тізімі бекітілсін.
Тармақ 14
14. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21. 2008 жылға арналған Тайынша ауданының бюджеті
Аудандық мәслихатгың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 19 шешіміне 1 қосымша 2008 жылға арналған Тайынша ауданының бюджеті
Басқа 22. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің даму бюджеттік бағдарламаларының тізімі
Аудандық мәслихатгың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 19 шешіміне 2 қосымша 2008 жылға арналған аудан бюджетінің даму бюджеттік бағдарламаларының тізімі
Басқа 23. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы барысындағы секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізімі
Аудандық мәслихатгың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 19 шешіміне 3 қосымша 2008 жылға арналған аудан бюджетінің орындалуы барысындағы секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізімі
Басқа 24
Аудандық мәслихатгың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 19 шешіміне 4 қосымша
Басқа 25. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұктаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасы бойынша 2008 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдердің тізімі
Аудандық мәслихатгың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 19 шешіміне 5 қосымша «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұктаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 007 бағдарламасы бойынша 2008 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдердің тізімі