О проведении приписки граждан к призывному участку на территории района Шал акына в январе - марте 2008 года Қолданыста
Басқа 0
Шал ақын ауданы аумағында 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 шілдесіндегі № 74-ІІІ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне 1991 жылы туған азаматтарды және әскерге шақырылатындар жасынан асқан тіркеуден өтпеген азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу үшін тіркеу бойынша қоса берілген персоналды комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдеріне:
Тармақша 1
1) ауданның қорғаныс істері бойынша Біріккен бөліміне әскерге шақырылатын жасөспірімдердің тізімін ұсынсын;
Тармақша 2
2) әскери есепті жүргізетіндердің басшылығымен әскерге шақырылатын жасөспірімдердің жиналу пунктісіне белгіленген мерзімде әскер қатарына шақырылатындардың келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыру учаскесінде азаматтардың тіркеуін өткізу үшін, бес техникалық жұмысшыларды күту үшін қаржы қаражатының уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық ауруханаға (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) кеуде жасушалар ағзаларының флюорографиялық зерттеуін, группасын және резусын анықтаумен қан анализін, белокқа несептің зерттеуін, жүректің электрокардиограммасын жасауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру учаскесін керекті дәрі- дәрмекпен, медициналық жабдықтармен толықтырсын;
Тармақша 3
3) тіркеу жүргізілгенде табылған сырқаттанған әскерге барушыларға кезектен тыс медициналық қызмет көрсету және емделу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Елена Петровна Кузичеваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оның бірінші ресми түрде жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аудандық аурухананың
бас дәрігері
А.Н.Шоқыбаева
2007 жылы 21 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Шал ақын ауданының қаржы
бөлімінің бастығы
Л.М.Мұқамеджанова
2007 жылы 21 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Шал ақын ауданының
қорғаныс істері бойынша Біріккен
бөлімінің бастығы
С.И.Чепухин
2007 жылы 21 желтоқсан
Басқа 13. Тіркеу өткізу бойынша комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2007 жылы 21 желтоқсан № 232
қаулысына қосымшасы
Тіркеу өткізу бойынша комиссиясының құрамы
Сергей Иванович Чепухин - комиссия төрағасы, Шал ақын ауданның Қорғаныс істері бойынша біріккен бөлімінің бастығы
Елена Петровна Кузичева - комиссия төрағасының орынбасары, Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары
Ақмаржан Нышанқызы Шоқыбаева - медициналық комиссияның төрағасы, аудандық аурухананың бас дәрігері;
Әлібек Сәлімұлы Исенғұжин - Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Балдырған Сапашқызы Шекенова - комиссия хатшысы, аудандық аурухананың медициналық бикеші.