Об организации оплачиваемых общественных работ в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасын, 20 бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің 7, 8 тармақтарын, жұмыс орнын іздеу барысында қиындық көретін жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылда «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, Степногорск қаласының ұйымдарында, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде тіркеуде тұрған жұмыссыз адамдар үшін ақы төленетін қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес 2008 жылғы Степногорск қаласы мен Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде және Қарабұлақ селолық округінде ұйымдар мен ақы төленетін қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кенттер мен Қарабұлақ селолық округінің әкімдері:
Тармақша 1
1) тіркелген күніне сәйкес жұмыссыздарды кезек тәртібімен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуін жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) бірінші кезекте мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды жіберсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны жүзеге асыру үшін басқа да шараларды қолдансын.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысудың мерзімі 6 айға дейін болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстардағы жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджетінен ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 6
6. Степногорск қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № ә-23/725 «2007 жылда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2007 жылдың 5 қаңтарында № 1-2-61 тіркелген, 2007 жылдың 11 қаңтарында № 2 «Престиж» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап өз күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г. Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
Басқа 12
Степногорск қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ ә-18/609
қаулысына қосымша
2008 жылғы Степногорск қаласында, Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шаңтөбе кенттерінде, Қарабұлақ селолық округінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізбесі
№
Кәсіпорынныц атауы
Төленетін жұмыстардың түрлері
1
«Горкоммунхоз» ШЖҚ МКК
Қала аумағын тазалау, аймақты экологиялық сауықтыру мен аббаттандыру
2
Ақмола облысының ішкі істер департаментінің «Степногорск қ. ішкі істер бөлімі» ММ
Табысы аз отбасыларды зерттеу, шақыру қағаздарын беру
3
«Степногорск қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ
Жаппай спорттық іс-шараларды ұйымдастыру үшін көмек көрсету
4
«Ақсу» ФК ШЖҚ МҚК
5
«Батыр» БЖК
6
«Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Қоғамдық пікір сауалнамасы, аймақта социологиялық және саяси зерттеулерді өткізу
7
Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі
Әлеуметтік карталардың мониторингі атты республикалық бағдарламалардың орындалуы бойынша табысы аз азаматтарды зерттеу және учаскелік комиссиясындағы жұмыс
8
«Жатақхана-2» ЖШС
Аулалық қлубында балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу
9
«Ақсу кенті әкімінің аппараты» ММ
Аймақты экологиялық сауықтыру, аумақты тазалау, аулалық қлубтарда балалармен жұмыс істеу, мәдениет бағытындағы іс шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне көмек көрсету, жалғыз басты егде азаматтар мен мүгедектерге жәрдем көрсету, кәмелетке толмағандардың арасында алдын алу жұмысы, әлеуметтік карталарды толтыруда көмек көрсету, жеке парақтар мен тыс қағаздарды ауыстырып, кітаптарды қалпына келтіру
10
«Заводской кенті әкімінің аппараты» ММ
11
«Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» ММ
12
«Бестөбе кенті әкімінің аппараты» ММ
13
«Қарабұлақ селолық округі әкімінің аппараты» ММ
14
«Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ
Түрлі құжаттарды өндеу жөніндегі техникалық жұмыстарды өткізуде көмек көрсету, жеке парақтар мен тыс қағаздарды ауыстырып, кітаптарды қалпына келтіру
15
«Степногорск қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ
16
Степногорск аймағы бойынша қаржы полициясының аудан аралық бөлімі
17
«Степногорск қаласының құрылыс бөлімі» ММ
18
«Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ
19
«Степногорск тарихи-өлкетану мұражайы» ММ
20
Степногорск қаласының прокуратурасы
21
Степногорск ЗТЖМО бөлімшесі
22
«Орталықтандырылған кітапханалық жүйе» ММ
23
«Степногорск қалаласының статистика бөлімі» ММ
24
«Степногорск қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ
25
«Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ
26
Степногорск қаласының Әділет басқармасы
Халықты құжаттау бойынша техникалық жұмыстарды өткізуде көмек көрсету
27
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ
28
Степногорск қалалық соты
Жеке түлғаларға соттық шақыру қағаздарын беру
29
«Степногорск қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім» ММ
Шақырушыларға шақыру қағаздарын тарату мен беру, ұйымдар бойынша сұрауларды жіберу, шақыру учаскесіне тіркелуге жататын шақырушылардың жеке іс қағаздарын ресімдеу
30
«Горняк» ОМС МҚКК
Мәдениет бағытындағы жаппай іс-шараларды ұйымдастыру үшін жәрдемдесу
31
«Достық және шығармашылық үйі» МҚКК
32
«Мирас» МҮ
33
«Степногорск қаласының емханасы»
Есерткіні инъекция арқылы пайдаланушылардың арасында алдын алу жұмыстарын өткізуде көмек көрсету
34
Степногорск қаласы бойынша салық комитеті
Жер салығы және мүліктік жеке тұлғаларға айырымдарды хабарлама өткізу
Аббревиатураның толық жазылуы:
ММ - мемлекеттік мекеме;
ШЖҚ МКК - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
МҚКК - мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын;
ФК ШЖҚ МҚК - футболдық клубы шаруашылық жүргізу қүқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
БЖК - балалар жастық клубы;
МҮ - мәдениет үйі;
ОМС МҚКК - орталық мәдениет сарайы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.