Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2008 год Күшін жойған
Басқа 0
2008 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы
Қазакстан Реепубликасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша қамтылған жұмыс орындар санынан үш пайыз көлемінде 150 жұмыс орынға мүгедектер үшін квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектердің жұмыс орындарға орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т.Мұратбековқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.