О городском бюджете города Рудного на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, сондай-ақ Қостанай облысы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімін, Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 1547 «Рудный қалалық мәслихатының қарауына Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешімінің жобасын енгізу туралы» қаулысын және Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1815 «Әкімдіктің 2007 жылғы 23 қазандағы № 1547 «Рудный қалалық мәслихатының қарауына Рудный қалалық мәслихатының «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешімінің жобасын енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 5 579 782 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 5 465 482 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 7 100 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 97 650 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 9 550 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 5 568 102 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 11 680 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру - 0 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 11 680 мың теңге;
Тармақша 6
6) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 мың теңге.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2008 жылы қалалық бюджетке облыстық бюджеттің кірісіне есептелетін түсімдерден басқа
кірістер толық көлемде есептелетіні белгіленсін.
Тармақ 3
3. Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджетінен облыстық бюджетке алынатын бюджеттік алымдардың көлемі 2 926 160 мың теңге сомасында екендігі назарға алынсын.
Тармақ 4
4. Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджетінің шығыстарында бұрын нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар ескерілсін, оның ішінде:
Тармақша 1
1) жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі типтік штаттарды қамтамасыз ету - 29 439 мың теңге;
Тармақша 2
2) тестілеу орындарына балаларды апаруды, тұрғызуды және тамақтандыруды ұйымдастыру - 104 мың теңге;
Тармақша 3
3) Интернетке қосылу және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде трафикке төлеу – 2 885 мың теңге;
Тармақша 4
4) білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларына оқулықтарды, әдістемелік жиындарды сатып алу және жеткізу - 7 071 мың теңге;
Тармақша 5
5) білім беру ұйымдарының кітапхана қорын жаңарту үшін мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі оқу, анықтамалық және электрондық әдебиетті сатып алу және жеткізу - 1 027 мың теңге;
Тармақша 6
6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі
мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі - 5 122 мың теңгс;
Тармақша 7
7) қалалық телекоммуникация торабының абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефонға абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне өтемақы - 8 070 мың теңге.
Тармақ 5
5. Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 66 202 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 6
6. Рудный қаласының 2008 жылға арналған бюджетінің шығындарында «Бастауыш, негізгі және орта мектептер, бала бақша-мектептер» кіші бағдарлама бойынша жаппай міндетті орта білім беру қорындағы шығындар ағымдағы ұстауға арналған шығындардан кемінде 1 пайыз көлемінде екендігі ескерілсін.
Тармақ 7
7. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, 2008 жылға арналған бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған қалалық бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылға арналған Қашар поселкесінің бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес және 2008 жылға арналған Горняцк поселкесінің бюджеттік бағдарламалар тізбесі 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 25
Басқа 26
Басқа 27
Басқа 28
Басқа 29