Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2008 год в городе Лисаковске Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қаласындағы 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Лисаков қаласындағы 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін Лисаков қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 2425 қаулысына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласындағы 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени сала және тұрғын халықпен байланыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланганнан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Лисаков қаласындағы 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Мәслихаттың 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 шешімімен бекітілген Лисаков қаласындағы 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы төленетін тұрғын үй жәрдемақысы ретінде тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа), коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар табысы аз санасынан, Лисаков қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін шығындар шегіндегі үлесі отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісі 15 пайыздан асатын пәтер иесілері немесе жалдаушылар (кіші жалдаушылар) болып табылатын отбасылар (азаматтар).
Тармақ 3
3. Жеке меншігінде біреуден артық үй-жайы бар немесе тұрғын үй-жайын жалға тапсырушы (жалға) отбасылар (азаматтарға), жағдай тууына байланысты Майлин селосынан, Красногор селосынан Лисаков қаласына және Октябрь поселкесіне көшіп келген отбасылардан (азаматтардан) басқа, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Бұл норма ата-аналарымен немесе балаларымен тұрып, тұрғын үйді жекешелендіруге қатысқан тұлғаларға және ерлі-зайыптылары арасында некені бүзган жағдайда да қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Егер отбасында еңбекке қабілеті бар адам бола тұра, жүмыс істемейтін, күндізгі болімде оқымайтын, әскер қатарында болмаған және жұмыссыз регінде әлеуметтік қорғау органында тіркелмеген тұлғалар болса, отбасы тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ. Ескерту ретінде мынаны құрайды:
Тармақша 1
1) мүгедектерге (негіздеме - медициналық қортындысы) күтімді жүзеге асыратын тұлғалар, III топтағы мүгедек бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемакы алатын тұлғалар;
Тармақша 2
2) медициналық көрсеткіштер бойынша 7 жасқа дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 3
3) үш жасқа дейінгі балалары бар аналар, және жаңа туған қызды немесе ұлды асырап алған, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес баланы күту бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысты ресімдеген әйел (ер кісі) үш жасқа дейінгі балаларды күту бойынша немесе олардың орнын ауыстыратын тұлгалар;
Тармақша 4
4) туберкулез диспансерінде стационарлық немесе амбулаториялық емдеуде ұзақ уақыт болған тұлғалар;
Тармақша 5
5) босқын мәртебесі бар тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және әлеуметтік жеке код, тұруына ыхтиярхат ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасында үнемі тұратын тұлғалар;
Тармақша 6
6) үш жасқа дейінгі балалары бар, және жұмыс істемеген, бала туғанға дейін әлеуметтік қамсыздандыру органында есепте тұрмаған әйелдер.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алу кезінде есепке көлем мөлшері қабылданады:
Тармақша 1
1) отбасының бір мүшесіне - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр отбасына, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
Тармақша 2
2) жалғыз басты тұратын азаматтарга - тұратын көлемнен тәуелсіз 30 шаршы метр, бірақ нақтыдан аса емес; осы мөлшер жатақхана үшін де қолданылады. Жеке тұрған үйлердің тұрғындарына, «Лисаковқалакоммунэнерго» өндірістік шаруашылық бірлестігі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұтынушыларына осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген тұрғын үй мөлшері есепке алынып тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жәрдемақы тағайындау объекттері мөлшер көлем шегіндегі тұрғын үй жайын отбасы пайдаланатын және қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен ұсынылатын нақты коммуналдық шығындары және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абонентгік ақы тарифін көтеру сомасы болып табылады: пайдалану шығындары; коқыс шығару мен қоқыс өткізгіш, бір адам басына норма бойынша; жылу; ыстық су, бір адам басына норма бойынша; суық су, бір адам басына норма бойынша; кәріз, бір адам басына норма бойынша; лифт, бір адам басына норма бойынша; электр қуаты бір адам басына кемінде 50 киловатт; электр плитасы бар жатакханаларда және үйлерде кемінде 100 киловатг бір адам басына; табиғи газды пайдалану кезінде бір адам басына газ және кемінде 6,7 кг бір адам басына газ балонын пайдалану кезінде; телефон үшін абоненттік ақы, бекітілген төлеу кезінде тарифті көтеру сомасы мөлшерінде. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, концлагерьлердің, гетто және басқа да екінші әлемдік соғыс кезеңінде фашисттермен және олардың жақтастарымен құрылған мәжбүрлеп ұстаған орындарының бұрынғы кәмелетке толмаган тұтқындарға және Лисаков каласының құрметті азаматтарына пешпен жылынатын тұрғын үйдің жылуына тұрғын үйдің бір шаршы метріне 78 килограмм көмір есебінен өтемақы төленеді, кемінде 18 шаршы метрден қосу 9 шаршы метр отбасына, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Аталмыш ережелермен белгіленген мөлшерден тыс тұрғын үйді үстау және коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну ақы төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, концлагерьлердің, гетто және басқа да екінші әлемдік соғыс кезенінде фашисттермен және олардың жақтастарымен кұрылған мәжбүрлеп ұстаған орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарға және Лисаков қаласының құрметті азаматтарына 5 - тармақта көрсетілген, көлем мөлшерін ескере отырып, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сомасы толығымен орнын толтырады.
Тармақ 7
7. Өкілетті органдардың шешімі бойынша, отбасының біреуі баланың қорғаншысы болып табылатын отбасыларына, ата-анасының табысын есептемей жиынтық кірісті есептеп шығарылады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік камсыздандыру органына азаматтардын өтініш беру және осы үшін деректер банкісін қалыптастыру тәртібі
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік камсыздандыру органына азаматтардын өтініш беру және осы үшін деректер банкісін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін талапкер әлеуметтік қамсыздандыру органына мына құжаттарды ұсынуға тиіс: тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш (осы ережеге қосымша); неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, немесе некені бұзу туралы соттың шешімі; жылжымайтын мүліктің бар болуы туралы анықтаманы (жылында бір рет); азаматтардың тіркеу кітабының көшірмесі; мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы алатындардың куәліктерінің көшірмесі; алдындағы тоқсанның отбасы мүшелерінің кірістері туралы анықтама, өзіне енгізілетін; еңбекақы түрінде алынған кірістер (табыстың барлық түрі, және сый ақы, қосымша ақы, үстемелер); кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер (өнімді (жұмыс көрсетілген қызмет) өткізуден түскен табыс), тауарлы-материалды құндылықты, мүлікті олардың құнын инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс, пайыздардан (ұсынылған несие (қарыз) және салымдар бойынша (депозиттар) табыс, дивидендтер, тегін алынған ақша жылжымайтын мүлікті және мүлікті жалға беруден түскен табыстар); қозғалмайтын мүлікті, құнды қағаздар, шетел валютасы, асыл тастар мен асыл металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен асыл металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариат олардың құнын инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен, тегін алынған қозғалмайтын мүлік, мүлікті, асыл тастар мен асыл металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен асыл металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариатты іске асырудан табыстар, мемлекеттік құнды қағаздар бойынша пайыздар; стипендиялар, алименттер, жәрдемақылар, өтемақылар, біржолғы төлемдер, ақшалай және заттай нысанды ұтыстар. Жыл ағымында қайта өтініш бергенде, егер отбасы құрамында өзгерістер болмаса, отбасы құрамы туралы мәліметтер азаматтарды тіркеу кітабын ұсыну бойынша нақтыланады: егер зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінде өзгерістер болмаса, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың куәлігі бойынша оларды ұсыну фактісі бойынша анықталады. Тұрғым үй жәрдемақысын есептелгенде отбасының (азаматтардың) шаруашылық және саяжай учаскесінің табыстары алынбайды.
Тармақ 9
9. Қалада ақпаратпен электронды айырбас жүйесін жасалуына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру органына мыналар ұсынылады: «Лисаков қаласынын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен - жұмыссыз ретінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарында тіркелген адамдар туралы мәліметтер және материалдық көмек көрсетілген сомалар; «Лисаков қаласынын әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен – бірінші, екінші топтағы мүгедектер, сексеннен асқан және денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысы бар зейнеткерлерге жылжымайтын мүлік болуы туралы мәліметтер; «Лисаков қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен - аз қамтылған отбасылардың оқушыларына және мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету туралы мәліметтер; қаланың коммуналдық қызметтері, пәтер иелерінің кооперативтерімен - төленген коммуналдық төлемдер, пайдалану шығындар және лифт пайдалану үшін шығындар туралы мәліметтер.
Тармақ 10
10. Азаматтар тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішпен әлеуметтік қамсыздандыру органдарына тоқсан сайын өтініш жолдайды. Себепсіз жағдайлармен тоқсан ағымында тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш бермеген тұлғалар, сәйкесті тоқсанға тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықты жоғалтады. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде отбасы құрамындағы өзгерту туралы он күн ішінде хабар бермеген тұлғаларға тоқтатылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
Тармақ 11
11. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде есепке өткен тоқсанның табысы қабылданады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысы толығымен ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Азаматтардан арыз тоқсан ішінде қабылданады.
Тармақ 13
13. Басқа жерден көшіп келген он сегіз жастан асқан тұлғаларға бұрынғы орнынан тұрғын үй жоқтығы туралы мәлімет беруге тиіс.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері осы Ереженің 5-тармағымен белгіленген аудан мөлшері шекті және осы мақсатқа Ереженің 6, 7-тармақтарында көзделген аталмыш отбасының табыстың мүмкін болатын деңгейі шекті тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты төлемі арасындағы айырмашылық түрінде анықталады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде қабылданатын табыстар туралы жорта күмән келтіретін ақпарат берген жағдайда, өтініш беруші күнтізбе жылынын ішінде жәрдемақы алу құқығын жоғалтады. Артық төленген сомалар ерікті жолымен қайтарылады, бас тарту жағдайында - сот тәртібімен.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
Тармақ 16
16. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесін құрады, ол «Лисаков қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылады.
Тармақ 17
17. «Лисаков қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төленген тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесінде көрсетілген сомада «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қаржыландырады.
Тармақ 18
18. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жәрдемақы алушылардың жазбаша өтініші бойынша тұрғын үй жәрдемақысының сомалары коммуналдық кәсіпорны мен пәтер иелерінің кооперативтеріне және «Лисаков лифті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аударылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, концлагерьлердің, гетто және басқа да екінші әлемдік соғыс кезеңінде фашисттермен және олардың жақтастарымен құрылған мәжбүрлеп ұстаған орындарының бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарға және Лисаков қаласының құрметті азаматтарына телефон үшін абоненттік ақы тарифінің көтеру өтемақылар, коммуналдық қызметтер үшін өтемақылар екінші деңгейдегі банкттерге және «Қазпошта» акционерлік қоғамының Қостанай облыстық филиалы Лисаков қалалық пошталық байланыс торабына алушылардың жеке шотына аударылады.
Тармақ 19
19. Коммуналдық және пайдаланушы қызмет көрсетулердің, лифттерді пайдалану үшін қызметінің жеткізушілері түскен соманы жәрдемақы алушының жеке шоттарына аударады.
Тарау 7. 7. Ерекше шарттар
7. Ерекше шарттар
Тармақ 20
20. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша қолайсыз жағдай туған кезде дау және талас жағдайларды қарау қала әкімімен құрылған, комиссиясының шешімін қабылдау үшін мәселе енгізіледі. Лисаков қаласындағы 2008 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне қосымша «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығына _________________________________ ӨТІНІШ 200_ ж. _ тоқсанына менің отбасыма үйді ұстап тұру және тұтынатын коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығындарды өтеу үшін тұрғын үй көмегін есептеуді сұраймын. Өз отбасым және егелеп тұрған пәтерім туралы мынадай мәлімет беремін: 1. Негізгі үй иесінің, жалдаушының Т.А.Ж. _______ Куәліктің № _ « » _ ж. ҚРІІМ (ҚР ӘМ) берілген 2. Мекен жайы: _______ 3. Телефон: үйдегі__жұмыстағы_ 4. Пәтер_бөлмелі, көлемі_ш.м_қабатты үйдің_қабатында. 5. Үйдің түрі: жекешеленген, мемлекеттік, басқа_№_ж. 6. Отбасы құрамы, табысы._____ № Отбасы мүшелерінің Т.А.Ж. СТН Табыстың түрі, сомасы 1 2 3 4 5 7. Басқа да пәтерім бар, пәтерді жалға беремін_______________________________________________ (иә, жоқ) 8. Құнды қағаздардан дивиденттер_________________________________________________________ (иә, жоқ) 9. Банктегі салымдар пайызы______________________________________________________________ (иә,жоқ) 10. Жылжымайтын мүлікті жалға беруден түскен табыс (пәтер, көлікжай, саяжай) _________________ (иэ, жоқ) 11. Басқа дй кірістер______________________________________________________________________ (иә, жоқ) Есептелген тұрғын үй жәрдемақысын коммуналдық кәсіпорны мен пәтер иелерінің кооперативтеріне аударуын ұсынамын. Мен және менің отбасым біле тұра заңсыз тұрғын үй жәрдемақысын алуға ықпал еткен күмәнді мәліметтерді бергенім үшін Қазақстан Республикасы заңдары актілеріне сәйкес жауапкершіліктіміз. Отбасы өкілі_______«_»_200_ж. ШЕШІМ 1. __отбасына мекен жайы _______тұрғын үй көмегі тағайындалсын (тағайындалмасын) 200____,ж.____айынан отбасы табысының 15 % есебінен ___теңге. 2. Тұрғын үй көмегі тағайындалмаудың себебі _______________________________________________ Орындаушы_____________________________________________________________________________ (Т.А.Ж. қолы, лауазымы) « __200._ж.