Об утверждении перечня предприятий, организаций, учреждений города Балхаша, в которых будут проводиться общественные работы в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын icкe асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесін орындау мақсатында, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту және олардың кipic алуы үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, кедейшілікті болдырмау, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқарту мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала кәсіпорындары, ұйымдары, мекемелерінің тізбесі қосымша бойынша бекітілсін.
Тармақ 2
2. Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Қ. Адамова):
Тармақша 1
1) бекітілген тізбе бойынша қоғамдық жұмыстар өткізу үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелермен қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбекақы мөлшері, қаржыландыру көздері және жұмыс түрлері мен нақты жұмыс шарттары көрсетілген келісім-шарттарға отыруды icкe асырсын;
Тармақша 2
2) 2008 жылғы қалалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемінде және қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар тізбесіне сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді icкe асырсын;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуді екінші деңгейдегі банктердегі жұмыссыздардың есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырсын;
Тармақша 4
4) «Қалалық коммуналдық шаруашылық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың есепшоттарына ең төменгі еңбекақы мөлшерінің екі есе көрсеткішінде екінші деңгейдегі банктерде төленсін.
Тармақ 3
3. Балқаш қаласының қаржы бөлімі (Ж.Қ.Томпиева) бекітілген бюджетке сәйкес қаржыландыруды icкe асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.М. Тукбаеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді. «КЕЛІСІЛГЕН» Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі «24» желтоқсан 2007 ж. _______________ Қ. Адамова Балқаш қаласының қаржы бөлімінің меңгерушісі «24» желтоқсан 2007ж. _______________ Ж. Томпиева
Басқа 10
Балқаш қаласы әкімдігінің 2008 жылғы "06" қарашадағы № 37/18 қаулысына қосымша 2008 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін қала мекемелері мен ұйымдарының тізімі № р/с Мекелер мен ұйымдар, кәсіпорындар атаулары Жылдық адам саны Жұмыс түрлері 1 2 3 4 1 "Балқаш қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 5 Жеке меншік мал басы, үй жануарлары, құстар есебінің кітабын жүргізу 2 "Қарағанды облысының Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 34 Әскери қатарға тіркеу және шақыру қағаздарын тарату 3 "Сот орындаушыларының Балқаш аумақтық учаскесі" Мемлекеттік мекемесі 22 Атқару бойынша іс-қағаздар хабарламаларын тарату 4 "Балқаш қаласының жер қантыныстары бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 10 Объектілерді есепке алу, құжаттарды тіркеу, курьерлік жұмыс 5 "Балқаш қаласының статистика бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 15 Курьерлік жұмыс, құжаттарды тіркеу. 6 Облыстық зейнетақы төлеу филиалының Балқаш қаласының бөлімі 25 Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, зейнеткерлерге екертпелер тарату. 7 "Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі 30 Кентті көркейту, тазарту жұмыстары. 8 "Балқаш қаласы Гүлшат кенті әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі 20 Ауылшаруашылық жұмыстары 9 "Балқаш қаласы Қонырат кенті әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі 30 Кентті көркейту, тазарту жұмыстары. 10 "Балқаш қаласы Қонырат кенті әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі 15 Ауылшаруашылық жұмыстары 11 "Балқаш қаласы бойынша салық басқармасы" Мемлекеттік мекемесі 10 Салық төлеу туралы ескертулерді тарату, объектілерге есеп жасау. 12 "Балқаш қалалық коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 79 Қаланы көркейту, тазарту, көгалдандыру жұмыстары 13 "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 25 Тұрғын-үй жағдайларын тексеру актісін жасау, құжаттарды тіркеу, курьерлік жұмыс. 14 Балқаш қалалық прокуратурасы 10 Курьерлік жұмыс, мұрағатты құжаттармен жұмыс. 15 "Балқаш қаласы Саяқ кенті әкім аппараты" Мемлекеттік мекемесі 20 Кентті көркейту, тазарту жұмыстары. 16 Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының Балқаш қалалық инспекциясы 10 Курьерлік жұмыс, мұрағатты құжаттармен жұмыс. 17 "Балқаш қаласының әділет басқармасы" Мемлекеттік мекемесі 15 Компьютерлік база, мұрағаттық құжаттармен жұмыс 18 "Балқаш қаласы Әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі 25 Курьерлік, диспетчерлік жұмыс, құжаттарды тіркеу, 19 "Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты" Мемлекеттік мекемесі 20 Хабарлама қағаздарын, ескертулерді тарату. 20 "Балқаш қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 10 Курьерлік жұмыс, мұрағаттық құжаттармен жұмыс жасау. 21 "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашалық жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 34 Диспетчерлік жұмыс, коммуналдық сұрақтар боыйнша қала тұрғындарының хаттарын қабылдау. 22 Балқаш қаласының Ішкі Істер бөлімі 15 Балқаш қаласының Ішкі Істер Бөлімінде қосымша жұмыстарды атқару 23 "Балқаш қаласының кәсіпкерлік бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 6 Курьерлік жұмыс. Құжаттарды реттеу, мәліметтер жинағын даярлау 24 "Балқаш қаласының білім беру бөлімі" Мемлекеттік мекемесі 50 № 15 жалпы білім беру орта мектебін көркейту жұмыстары 535