О районном бюджете Мендыкаринского района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мендіқара ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы 2007 жылғы 7 желтоксандағы Қазақстан Республикасының «2008 жылға арналған республикалық бюджеті туралы» № 8-ІV Заңының орындалуы барысында, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабына сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Меңдіқара ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 236721 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 232571 мың теңге; салықтык емес түсімдер - 1600 мың теңге; негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 2550 мың теңге; облыстық бюджеттен субвенция - 694551 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығыстар - 1007438 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетіндер белгіленсін: аудандык бюджетке салықтық түсімдер: кірістерді бөлісу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; кірістерді бөлісу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; жеке тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден, заңды тұлғалардан мүлікке алынатын салық; жер салығы; бірыңғай жер салығы; жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдарына алынатын салық; бензинге (авиациялықтан баска) және дизель отынына акциздер; жер телімдерін пайдаланғанға төлем; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегенге алынатын алым; кызметтін жеке түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегенге алынатын алым; көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегенге алынатын алым; жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын шартқа құқықтарды мемлекеттік тіркегенге алынатын алым; жалпы пайданылуға арналған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем; республикалық бюджетке аударылатын мемлекеттік баж консулдық алымнан және мемлекеттік баждан басқа; коммуналдык меншіктен түсетін кірістер аудан бюджетіне салық емес түсімдер болып табылады; аудан әкімінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері; жер телімдерін жалға беру құқығын сатудан түскен төлем; аудан бюджетіне түсетін басқа салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан аудан бюджетіне сатудан түсетін ақша болып табылады: аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; жер телімдерін сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 3
3. Шығындардың болжалды көлемдерін есептегенде есептелінді: ортамерзімді фискалдық саясатқа сәйкес (жалақыдан басқа) тұтынушы бағаларының индексіне көбейтуді есепке алғанда 2007 жылдың 1 наурызына ағымдағы шығындар көлемі және электр энергиясы мен коммуналдық қызметтерге тарифтердің болжалды өсуіне байланысты коммуналдық қызметтерге қосымша шығындар; 2008 жылға арналған әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударулар - тиісті 8 % және 3 %; нормативтік құқықтық актілерді іске асыру, ол 48252 мың теңге сомасында 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті бюджеттер шығысының өсуіне әкеледі: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексіне қарасты, азаматтық қызметшілерге жергілікті бюджет есебінен сауықтырылуы үшін лауазымдық қызметақысы көлемінде жәрдемақы төлеп, ұзактығы отыз күнтізбелік күннен кем емес төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру; Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына қарасты, мемлекеттік ұйымдардың бастауыш білім беру педагогикалық қызметкерлері үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесін 20 сағаттан 18-ге дейін төмендеу; электр энергиясы мен коммуналдық қызметтерге тарифтердің болжалды өсуіне байланысты тұрғын үй көмегін төлеуге қосымша қаражат. Бұдан басқа 2007 жылдың бюджетінің базасына қосымша есептелінді: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша теңестіруге шығыстар 26267 мың тенге сомасында; автомобиль жолдарының қызмет көрсету және орташа жөндеу бойынша теңестіруге шығыстар 26109 мың теңге сомасында; облыс бойынша орташаға дейін балабақшалар бойынша теңестіруге шығыстар 6261 мың теңге сомасында; әлеуметтік сала ғимараттарын ағымдағы ұстауға шығындар 7100 мың теңге сомасында; орта мектептерді ағымдағы жөндеуге шығындар 10000 мың теңге сомасында; ауданның материалдық-техникалық базаны нығайтуға шығыстар 14264 мың теңгені құрайды; облыстық бюджеттен бастауыш, орташа негізгі және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық - техникалық базасын нығайтуға 9550 мың теңге мақсатты трансферт, оның ішінде физика кабинеттерін оқулық құралдарымен жабдықтауға -7600 мың тенге және компьютерлер сатып алуға -1950 мың теңге. Бұдан басқа, 66616 мың теңгеге 2008 жылы даму бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындар көзделеді, олар облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде беріледі.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджетте 10767 мың теңге сомасында аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге шығыстар көзделгені ескерілсін.
Тармақ 5
5. Кірістің 1 % мөлшерінде (1-3 санаттар) 2367 мың теңге сомасында әкімінің резерві бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің шығысында «Жалпыға білім беруді оқыту» бағдарламасы бойынша жалпыға міндетті орта білім беру қорының шығындары ағымдағы ұстауға шығыстардың бір пайыз көлемінен кем емес екені ескерілсін.
Тармақ 7
7. 2-қосымшаға сәйкес Меңдіқара ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджетінің ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 8
8. 3-қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 9
9. 4-қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған Меңдіқара аудандық әр селолық округтің бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
Тармақ 10
10. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынаң бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 13
Басқа 14
Басқа 15
Басқа 16