Об организации оплачиваемых общественных работ на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемі мен түрлері қоғамдық жұмыстар базасында ұйымдастырылатын ұсынылған ұйымдар тізбесі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Жітіқара ауданының әкімдігі «Жітіқара Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры осы қаулымен бекітілгендей, қоғамдық жұмыстарды орындау көлемдері мен түрлеріне сәйкес, шарттар жасасын.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздардың еңбек төлемі «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарттары туралы ережелерді бекіту туралы» 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 46 әкімдік қаулысымен (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3323, 2005 жылғы 30 наурыздағы «Авангард» газетінде жарияланған) бекітілгендей, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен шарттары туралы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. «Жітіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тізбеде бекітілгендей ұйымдарға қызмет көрсетуі және ақы төлеуі кезінде қоғамдық жұмыстардың көлемдері мен түрлерін есепке алсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Х. Испергеновке жүктелсін.
Тармақ 7
7. «2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 882 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-57, 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, «2007 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 882 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 тамыздағы № 614 әкімдік қаулысымен бұрын толықтырулар енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-78, 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 40 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) әкімдік қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 8
8. Әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді.
Басқа 9
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 838 әкімдік қаулысына
қосымша