О районном бюджете на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 63 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1- қосымшаға сәйкес мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1575908 мың теңге соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 146600 мың теңге
салықтан тыс түсімдер бойынша - 1909 мың теңге
негізгі капиталды сатудан түсімдер бойынша - 2200 мың теңге
трансферттерден түсімдер бойынша - 1425199 мың теңге
2) шығындар - 1575908 мың теңге
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудандық бюджет кірістері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптасатыны белгіленсін:
жергілікті бюджетке түсетін 50% көлеміндегі әлеуметтік салығынан;
жергілікті бюджетке енгізілетін 50% көлеміндегі жеке табыс салығынан;
жеке тұлға, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалардың мүлкіне салықтан;
жер салығынан;
бірыңғай жер салығынан;
жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салықтан;
республикалық бюджетке түсетін акциздерден басқа акциздерден;
жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемнен;
республикалық бюджетке түсетін алымдардан басқа кәсіпқойлық және кәсіби қызмет жүргізгені үшін алымнан;
республикалық бюджетке түсетін консулдық алым мен мемлекеттік баждан басқа мемлекеттік баждан.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджет кірістері салыққа жатпайтын мына түсімдер есебінен қалыптасатыны белгіленсін:
аудан әкімдігінің меншігі болып табылатын коммуналдық меншікте тұрған мүлікті жалға алудан түсімдерден;
жергілікті бюджетке түсетін өзге салықтан тыс түсімдерден.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджет түсімдері негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптасатыны белгіленсін:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінен басқа жер телімдерін сатудан түсімдерден.
Тармақ 5
5. 2008 жылы мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорын қызметкерлерінің жалақыларын толық көлемде төлеу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 6
6. Ауылды жерлерде жұмыс істейтін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына лауазымдық жалақыларын (тарифтік ставкаларын) осы қызмет түрлерімен қалалы жерлерде айналысатын мамандар ставкаларымен салыстырғанда 25 процентке ұлғайту сақталсын.
Тармақ 7
7. 2008 жылға арналған аудандық бюджет шығыстарында ауылды жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет мамандарына қатты отын алуға әлеуметтік көмек көрсету үшін төлемдер қарастырылатыны белгіленсін.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған жергілікті бюджетте мыналарды іске асыруға ескерілсін:
азамат қызметшілерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен бір лауазымдық жалақы көлемінде сакуықтыруға арналған жәрдемақының геленуімен кем дегенде отыз күнтізбелік күн ұзақтылығымен ақылы жыл сайынғы еңбек демалысын беруге қатысты 2007 жылғы 15 мамырдағы Казақстан Республикасы Еңбек кодексін;
Мемлекеттік білім беру мекемелерінің бастауыш білім беру педагогикалық қызметкерлері үшін аптасына нормативтік оқу жүктемесін 20-дан 18 сағатқа төмендету жөнінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 ішлдедегі «Білім беру туралы» Заңын.
Тармақ 9
9. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2008 жылға арналған резерві 1000 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 10
10. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінуімен 2-қосымшаға сэйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу барысында секвестерге жатпайтын аудандық бюджет бағдарламаларының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 12
12. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж болған жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмектің 2008 жылға арналған бюджеттік бағдарламасы 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 13
13. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж болған мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ым-қимыл мамандарының қызметтерін ұсыну, жеке көмекшілер беру» бюджеттік бағдарламасы 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 14
14. 2008 жылға арналған аудан бюджетінде селолық округтердің бюджеттік бағдарламалары 6-қосымшаға сәйкес қарастырылсын.
Тармақ 15
15. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептері, гимназиялары, профилдік мектептері, мектеп-балабақшалар» бюджеттік бағдарламасы 7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 16
16. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мына көлемдерде ескерілсін:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды іске асыруға барлығы 172984 мың теңге, соның ішінде:
сумен жабдықтау жүйені дамытуға - 172984 мың теңге;
Тармақша 2
2) жаңадан енгізілетін білім беру нысандарын ұстауға - 3023 мың тенге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге күн көріс минимумы көлемінің байланысты - 13034 мың теңге, соның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 7541 мың теңге;
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны төлеуге - 5493 мың теңге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын іске асыруға - 69431 мың соның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға - 17555 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға - 22163 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік жүйесінде интерактивтік оқу жүйесін енгізуге - 26690 мың тенге;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға - 322 мың теңге;
Тармақша 6
6) электронды үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға - 5252 мың теңге.
Тармақ 17
17. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 24. Жамбыл ауданының 2008 жылға арналған бюджеті
Аудандық мәслихаттың сессиясының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/2 шешіміне
№ 1 қосымша
Жамбыл ауданының 2008 жылға арналған бюджеті
Басқа 25. Жамбыл ауданының 2008 жылга арналған бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі
Аудандық мәслихаттың сессиясының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/2 шешіміне
№ 2 қосымша
Жамбыл ауданының 2008 жылга арналған бюджеттік даму бағдарламалардың тізбесі
Басқа 26. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылу барысында секвестерлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Аудандық мәслихаттың сессиясының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/2 шешіміне
№ 3 қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылу барысында секвестерлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Басқа 27. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік көмек - 451007000 бағдарлама
Аудандық мәслихаттың сессиясының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/2 шешіміне
№ 4 қосымша
Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына берілетін әлеуметтік көмек - 451007000 бағдарлама
Басқа 28. «Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж болған мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ым-қимыл мамандарының қызметтерін
ұсыну, жеке көмекшілер беру» 451017015 бағдарлама бойынша сомаларды бөлу
Аудандық мәслихаттың сессиясының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/2 шешіміне
№ 5 қосымша
«Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж болған мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және ым-қимыл мамандарының қызметтерін
ұсыну, жеке көмекшілер беру» 451017015 бағдарлама бойынша сомаларды бөлу
Басқа 29. 2008 жылға арналған селолық округтер бойынша шығыстар
Аудандық мәслихаттың сессиясының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/2 шешіміне
№ 6 қосымша
2008 жылға арналған селолық округтер бойынша шығыстар
Басқа 30. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептері, гимназиялары, профилдік мектептері, мектеп-балабақшалар» 464.003.105 бағдарлама бойынша сомаларды бөлу
Аудандық мәслихаттың сессиясының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/2 шешіміне
№ 7 қосымша
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мектептері, гимназиялары, профилдік мектептері, мектеп-балабақшалар» 464.003.105 бағдарлама бойынша сомаларды бөлу