Іле ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Іле ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85-бабының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына және Алматы облыстық мәслихаттың 2007 жылдың 12 желтоқсанындағы № 5-26 «2008 жылға арналған Алматы облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес, Іле аудандык мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандык бюджет 1 косымшаға сәйкес төмендегі көлемдерде бекітілсін:
Тармақша 1
1) Кірістер-12257692 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша -10252959 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша -49194 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша -471583 мың теңге; трансферттердің түсімдері бойынша -1483956 мың теңге, соның ішінде: физика, химия, биология кабинеттерін оқулық құралдармен жабдықтауға нысаналы трансферттер-10533 мың теңге; қайта енгізілген білім беру объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер-26033 мың теңге; орташа жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді құруға ағымдағы нысаналы трансферттер-5582 мың теңге; трансферттер-5582 мың теңге; табысы аз отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер-5500 мың теңге; халыққа тұрғын үйлік көмек көрсетуге нысаналы трансферттер-3298 мың теңге; білім беру объектілерінің құрылысын дамытуға нысаналы трансферттер-1109183 мың теңге; интерактивтік оқу жүйесін енгізуге нысаналы трансферттер-23138 мың теңге; мемлекеттік әлеуметтік көмекке нысаналы трансферттер-1650 мың теңге; инженерлік-коммуникациялық жүйенің құрылысын дамыту үшін нысаналы трансферттер-188452 мың теңге; тұрғын үй құрылысын дамытуға нысаналы трансферттер-12000 мың теңге; Мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқыттыру- 1041 мың теңге; бас жоспаларды әзірлеуге нысаналы трансферттер-26700 мың теңге; коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытуға -65628 мың теңге; жерге орналастыру жұмыстарына -5218 мың теңге.
Тармақша 2
2) Шығындар-12361392 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік алымдар-8544881 мың теңге;
Тармақша 3
3) Операциялық сальдо—103700 мың теңге;
Тармақша 4
4) Таза бюджеттік кредиттеу-0 теңге;
Тармақша 5
5) Қаржылық активтермен опреациялар бойынша сальдо-0 теңге;
Тармақша 6
6) Бюджет тапшылығы (профицит)—103700 мың мың теңге;
Тармақша 7
7) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)-103700 мың мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджетте төмендегідей ұстауға қаржы бөлу көзделсін: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 142500 мың теңге сомасында; қорғанысқа 197 мың теңге сомасында; қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі органдарына 7233 мың теңге сомасында; білім беру мекемелеріне 3000549 мың теңге сомасында; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 126498 мың теңге; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 404661 мың теңге сомасында; мәдениет, спорт, туризм және акпараттық кеңістікке 37287 мың теңге сомасында; ауыл, су, oрман, балықк шарушылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған органы және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынстарына 17249 мың теңге сомасында; өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне 33375 мың теңге сомасында; көлік және коммуникация саласына 18928 мың теңге сомасында; басқаларға 28034 мың теңге сомасында.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі қаулысымен белгіленетін, 2008 жылға арналған аудан әкімдігінің резервіне кезек күттірмейтін шығындармен, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 11003 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың жергілікті бюджеттік бағдарламалары тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау барысында секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламары тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 5 қаңтарындағы номері 2-10-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 50-180 «Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: «Іле аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы _________А. Кәдір