2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға
арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» №3/14-ІV шешіміне және аудан әкімдігінің 2007 жылғы «19» желтоқсандағы № 762 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Төлеби ауданның 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 2 687 655 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 407 406 мың теңге;
Тармақша 2
2) салықтық емес түсімдер - 3 934 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 42 218 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 2 234 097 мың теңге;
Тармақша 3
3) шығындар-2 691 883 мың теңге;
Тармақша 4
4) операциялық сальдо - -4228 мың теңге;
Тармақша 5
5) таза бюджеттік кредит беру - - 4228 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 4228 мың теңге;
Тармақша 6
6) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
Тармақша 7
7) бюджет профициті - 0 мың теңге;
Тармақша 8
8) бюджет профицитін пайдалану - 0 мың теңге:
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге.
Тармақ 2
2. 2008 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтық түсімдерінің жалпы сомасының 50 пайызы аудандық бюджетке аударылатын болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция мөлшерінің жалпы сомасы 2 037 999 мың теңге, оның ішінде мектептердің күрделі жөндеуіне 39 809 мың теңге және білім берудің мемлекеттік мекемелеріне оқулық әдебиетін сатып алуға 24 559 мың теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған облыстық бюджеттен мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін:
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға - 11 397 мың теңге;
жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға - 27 907 мың теңге;
ВИЧ жұқтырған балалары бар отбасыларға сәбиге қарау бойынша ай сайын өтемақы төлеуге 2 645 мың теңге.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған облыстық бюджеттен мынадай мөлшерде дамуға берілетін нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін:
білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға - 60 000 мың теңге;
сумен жабдықтау жүйесін дамытуға - 47 842 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға - 46 307 мың теңге.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 7 750 мың теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 7
7. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 - бабына сәйкес, 2008 жылғы аудан бюджетінен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстемақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік
бағдарламаларының тізбесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің бағдарлама әкімшілерінің тізбесі №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі №4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. 2008 жылға арналған ауылдық округтің бюджеттік бағдарлама тізбесі №5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 12
12. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі №6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 13
13. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 22
Басқа 23
Басқа 24
Басқа 25
Басқа 26
Басқа 27