2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 63 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Түркістан қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер 5 407 654 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 826 405 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 604 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 20 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 4 557 645 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 5 410 208 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - - 2 554 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру - - 2 554 мың теңге:
бюджеттік кредиттерді өтеу - - 2 554 мың теңге;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0:
Тармақша 6
6) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0:
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 0.
Тармақ 2
2. 2008 жылы салық түсімдерінен облыстық бюджетке қалалық бюджеттен жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз аударылатын болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қаланың жергілікті атқарушы органының 2008 жылға арналған резерві 21135 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
шұғыл шығындарға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві - 10135 мың теңге;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының төтенше резерві - 4000 мың теңге;
соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві - 7000 мың теңге;
Тармақ 4
4. 2008 жылға арналған қала бюджетінің бюджеттік даму бағдарламалары 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестірлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған қалалық бюджеттің ауыл округтері бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. «Аграроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес 2008 жылға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайыз мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылып 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16
Басқа 17
Басқа 18
Басқа 19
Басқа 20