Об установлении ставки платы за выручки, полученные от игровых автоматов без денежного выигрыша на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға ақшасыз ұтыс ойын автоматтардан түскен түсім бойынша ставкаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 392, 394 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ойынды бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматына тіркелген жиынтық салық 1 жылға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ойнды біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматына тіркелген жиынтық салық 1 жылға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік - экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.