Об повышении ставки земельного налога на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 334 бабының 1 тармағына және 338 бабының 1 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкасы базалық ставкалардан 50 пайыз мөлшерінде жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың ауданның бюджеттік саясаты мен әлеуметтік - экономикалық дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.