О районном бюджете Карабалыкского района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 80 бабы 2 тармағына және 85 бабына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңы 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 32 «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне, Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 399 «Қарабалық аудандық мәслихатының «Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімнің жобасын сессияда қарастыруға енгізу туралы» қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемде 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1028856,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 381737,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 3296,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 3047,0 мың теңге; алынған трансферттер - 640776,0 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 584633,0 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1028856,0 мың теңге;
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің кірісіне есептелетіні белгіленсін: облыстық мәслихатпен бекітілген, кірістерді тарату нормативтері бойынша жеке табыс салығы; облыстық мәслихатпен бекітілген, кірістерді тарату нормативтері бойынша әлеуметтік салығы; жеке тұлға, жеке кәсіпкер және заңды тұлғалардың мүлігіне салығы; жер салығы; бірыңғай жер салығы; жеке және заңды тұлғалардан көлік құралдарына салығы; акциздер: бензин (авиационныйды қоспағанда) және дизель отынына; жер учаскелерімен пайдалануға төлеміне; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуге жиыны; қызметтің басқа түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жиыны; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін жиыны; көлік құралдарын және тіркеулерді мемлекеттік тіркеу үшін жиыны; жылжымайтын мүлікке құқығын, онымен келісімін мемлекеттік тіркеу үшін жиыны; аудандық маңызы бар және елді мекендерде жалпы пайдаланылуға алған автокөлік жолдарының бұру жолағындағы сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастыру үшін төлемі; республикалық бюджетке есептелетін, консулдік жиын және мемлекеттік бажынан басқа мемлекеттік бажы; аудан әкімдігінің шешімі бойынша құрылған, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар таза кірісі бөлігінің түсімі; ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлігін жалға беруден түсімдері; аудан бюджетінен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелермен ұсынылатын, қызметтерді іске асырудан түсетін түсімдері; аудан бюджетіне басқа да салықтық емес түсімдері; ауыл шаруашылық тағайындауының жер учаскелерінен басқа, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдері. Аудандық мемлекеттік меншігіне жататын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерін аудандық бюджетке есептеледі.
Тармақ 3
3. Қарабалық ауданының 2008 жылға арналған ауданның бюджетін дамытуға трансферт және мақсатгы ағымды трансферт қарастырылды, оның ішінде: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 10300,0 мың теңге; білім объектілерін құрылысқа және қайта жаңартуға - 25843,0 мың теңге; коммуналдық шаруашылықты дамытуға - 20000,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. 2008 жылға Қарабалық ауданының жергілікті органының резервін 4081,0 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: шүғыл шығындарға - 4081,0 мың теңге.
Тармақ 5
5. Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған, 2008 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті орындау процесінде секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. 2008 жылға аудандық бюджет, кент, ауыл, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 11
Басқа 12
Басқа 13
Басқа 14