О районном бюджете на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Қазақстаң Республикасының бюджеттік Кодексінің 85 бабына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті 1 қосымшаға келісті келесі көлемде бекіту:
Тармақша 1
1) кіріс - 2 120 032 мың теңге; соның ішінде: салық түсімдері бойынша - 434 398 мың теңге; салық емес түсімдер бойынша - 1 350 мың теңге; басты капиталды сатудан түсім - 15 726 мың теңге; облыстық бюджет субвенциясынан тускен түсім - 1 375 524 мың теңге; нысаналы ағымдағы трансферттер - 85 970 мың теңге; дамудың нысаналы трансферттері - 207 064 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 2 120 032 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциалық сальдо - 0
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несие - 0
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен операция бойынша сальдо - 0
Тармақша 6
6) бюджеттің дефициты мен профициты – 0
Тармақша 7
7) бюджеттің дефицитын қаржыландыру (профицитын пайдалану) - 0
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен келесі салықтық тусімдер есебінен қалыптастырылды деп белгіленсін: әлеуметтік салық, облыстық бюджетке енгізілетін сомадан басқа; жеке табыс салығы, жоғары тұрған бюджетке енгізілетін сомадан басқа; акциз; көлік құралдарының салығы; жер учаскелерін пайдаланатын үшін төлемдер; жер салығы; бірыңғай жер салығы; кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін салықтар; мемлекеттік баж,
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттке табыс және әлеуметтік салық түсімін 50 пайыз мөлшерінде белгілеу, облыстық бюджетке енгізілетін сомадан басқа.
Тармақ 4
4. Аудандық бюджеттің кірістері келесі салық емес тұсімдер арқылы қалыптасатынын белгілеу: коммуналдық меншіктегі әкімдіктің меншігі болып саналатын меншікті жалға беруден кірістер;
Тармақ 5
5. Аудаңдык бюджеттің кірістері келесі салық емес басқа да түсімдер арқылы қалыптасатынын белгілеу;
Тармақ 6
6. Аудандық бюджеттің кірістері негізгі капиталды сату арқылы қалыптасатынын белгілеу: жер учаскелерін сатудан түсімдер;
Тармақ 7
7. 2008 жылы мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақыны толық көлемде төлеуді қамтамасыз ету.
Тармақ 8
8. Елді мекендерде қызмет ететін мемлекеттік қызметкер емес, білім, мәдениет және спорт мамандарына, әлеуметтік қамтамасыз ету саласының қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын қала жағдайындағы осы қызметтер бойынша қызмет ететіндердің лауазымды жалақысын (тарифтік ставкадағы) көтерілуін 25 пайызда сақтау.
Тармақ 9
9. 2008 жылғы аудандық бюджеттің шығыстарында ауылдық жердегі денсаулық сактау, білім бөлімінің, әлеуметтік қамтамамсыз ету, тіл және мәдениет бөлімдерінің қызметкелеріне әлеуметтік көмек ретінде жылу сатып алуына көмектесуді белгілеу.
Тармақ 10
10. 2008 жылғы аудандық бюджетте келесі жүзеге асырылатын қаражаттар қаралғанын байқау: Қазақстаи Республикасының Еңбек Кодексының 2007 жылғы 15 мамырда азаматтық қызметкерлерге жылсайынғы еңбек демалысын 30 күнтізбелік күннен кем қылмай, жергілікті бюджеттің қаражаты арқылы бір лауазымдық сауықтыру жалақысын төлеу; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңында педагогикалық қызметкерлерге мемлекеттік ұйымдарда бастапқы білімнің нормативтік оқу жүктеуі аптасына 20- дан 18 сағат.
Тармақ 11
11. Ауданның жергілікті атқарушы органының резервін 2008 жылға 7280 мың теңге сомасында бекіту.
Тармақ 12
12. Аудандық бюджеттің 2008 жылға дамуының бюджеттік бағдарламасының тізбесін бюджеттік инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға бөліп, 2 қосымшаға сәйкес бекіту.
Тармақ 13
13. Ауданның әр селолық округінің бюджеттік бағдарламасын 3 қосымшаға сәйкес бекіту.
Тармақ 14
14. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің орындалу процесінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтынын 4 қосымшаға сәйкес белгілеу.
Тармақ 15
15. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
Басқа 23. Габит Мүсірепов атындағы ауданның 2008 жылға арналған бюджетінің кіріс шығысының қаржылық-экономикалық есебі
2007 жылғы 24 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың № 4-1 шешіміне қосымша 1 Габит Мүсірепов атындағы ауданның 2008 жылға арналған бюджетінің кіріс шығысының қаржылық-экономикалық есебі
Басқа 24. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бағдарламасының даму тізімін инвестициондык жобаға және бюджет бағдарламасына бөлу тізімі
2007 жылғы 24 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың № 4-1 шешіміне қосымша 2 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бағдарламасының даму тізімін инвестициондык жобаға және бюджет бағдарламасына бөлу тізімі
Басқа 25. Селолық округтердің 2008 жылға арналған аудандық бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
2007 жылғы 24 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың № 4-1 шешіміне қосымша 3 Селолық округтердің 2008 жылға арналған аудандық бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Басқа 26. 2008 жылғы ауданының бюджетінің бағдарламасының орындалуында секвестрлеуге жатпайтындар тізбесі
2007 жылғы 24 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың № 4-1 шешіміне қосымша 4 2008 жылғы ауданының бюджетінің бағдарламасының орындалуында секвестрлеуге жатпайтындар тізбесі