2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына және 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес Кентау қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Кентау қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1896085,0 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 332015,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1406,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 35000,0 мың теңге; ресми трансферттердің түсімдері - 1527664,0 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1885085,0 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 11000,0 мың теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру - 0;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 11000,0 мың теңге;
Тармақша 6
6) бюджет тапшылығы - 0;
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 0.
Тармақ 2
2. 2008 жылы салық түсімдерінен қаланың бюджетіне жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз аударылатын болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің 2008 жылға арналған резерві 28000,0 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде: төтенше резерві - 4000,0 мың теңге; шұғыл шығындарға арналған резерві - 8000,0 мың теңге; соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві - 16000,0 мың теңге.
Тармақ 4
4. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабына сәйкес 2008 жылға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған қалалық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды және инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталатын бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Кентау қаласының елді-мекен және ауылдық әкімдері аппаратының 2008 жылға арналған шығындары 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 8
8. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.