2008 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
2008 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 338 бабының 1 тармаңына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 329 бап бойынша-ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық ставкалары Іле ауданы бойынша Салық комитеті мен «Іле аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісімімен Іле ауданының жерлерін аймақтарға болу сызбасына сәйкес төменгідей:
1 және 2 аймақтарда 50 пайызға көбейтілсін;
3 - аймақта 10 пайызға көбейтілсін.
Тармақ 2
2. 330 бап бойынша - 0,50 гектарға дейін жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық ставкалары:
Тармақша 1
1)Энергетик, Первомай және Боролдай кенттік, Казцик, Ащыбұлақ, Чапаев, Междуреченск, Байсерке, Қараой және Жетіген ауылдық округтерінде 50 пайызға көбейтілсін;
Тармақша 2
2)Күрті ауылдық округінде 10 пайызға көбейтілсін.
Тармақ 3
3. 332 бап бойынша - аудан аумағындағы елді мекендердің жерлеріне (тұрғын үй қорымен қамтылған, оның ішінде ғимараттар мен құрлыстар тұрған жерлерді қоспағанда) салынатын салық ставкалары:
Тармақша 1
1)Энергетик, Первомай және Боролдай кенттік, Казцик, Ащыбұлақ, Чапаев, Междуреченск, Байсерке, Қараой және Жетіген ауылдық округтерінде 50 пайызға көбейтілсін;
Тармақша 2
2)Күрті ауылдық округінде 10 пайызға көбейтілсін.
Тармақ 4
4. 334 бап бойынша - елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп өндірісі жерлеріне салынатын салық ставкалары 50 пайызға көбейтілсін.
Тармақ 5
5. 337 бап бойынша - автотұрақтар, автокөліктерге жанар құю
станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық
ставкалары Салық Кодексінің 332 бабында белгіленген ставкалар бойынша 10 есеге ұлғайтылып, салық салынсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Д.П.) тапсырылсын.
2007 жыл «03» 12
2007 жыл «03» 12
Келісілген:
Іле ауданы бойынша Салық Комитетінің төрағасы
Айнабеков Бауржан Қазбекұлы
2007 жыл «03» 12
«Іле ауданының жер қатынастар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жүнісов Бейсеғали Исакұлы
2007 жыл «03» 12