Құжат мәтініне өту

Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы

Өзге акт · № 4-2 · қабылданған 24.12.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.12.2007 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-ekb-36850/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-2 ·24.12.2007
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы

ҚАЗЗайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-2 · қабылданған 24.12.2007

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-2
Қабылданған күні
24.12.2007
Көрсетілген редакция
24.12.2007 · қолданыстағы 36850_372622.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
24.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07VK000068
ЭКБ идентификаторы
36850
Редакция идентификаторы
36850_372622
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:27

0 Зайсан ауданының 2008 жылға

арналған бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет Кодексінің 80, 85 баптарына, Шығыс Қазақстан Облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 328 - IV (Шығыс Қазақстан Облыстық әділет департаментінде 2007 жылғы 26 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу № 2464), «2008-2010 жылдарға арналған облыстык және облыстың қалалары мен аудандары арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы» 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/29 - IV шешіміне сәйкес Зайсан аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1 1) кірістер - 1395643 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 328789 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1375 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6400 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша- 1059079 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер - 10896 мың теңге;
нысаналы даму трансферттер - 41029 мың теңге;
субвенция - 1007154 мың теңге;

2 2) шығындар - 1386783 мың теңге;

3 3) операциялық сальдо - 8860 мың теңге;

4 4) таза бюджеттік кредит беру -0 мың теңге;

5 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 8860 мың теңге;

6 6) бюджет тапшылығы - 0 мың теңге;

7 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 0 мың теңге.

2

2. «Облыстық бюджет пен облыстың қалалары мен аудандары бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/29 -IV шешімінің 4, 5 тармақтарына сәйкес аудан бюджеті үшін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік сдрық бойынша аударулар, бір реттік талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғаларға салынатын жеке табыс салығы және төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлудің нормативтік мөлшерлері 100% белгіленгені ескерілсін;

3 3. Аудандық қазынашылық бөлімі осы белгіленген нормативтер бойынша аудандық бюджетке 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер сомасын есепке алуды жүргізсін.

4 4. Аудандық бюджеттің шығындарында:

1 1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілерге лауазымдық жалақысы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем емес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін;

2 2) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бастауыш білім беруші педагог қызметкерлері үшін апталық оқыту жүктемесінің нормативін 20 сағаттан 18 сағатқа дейін азайтуға қатысты «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыруға арналған;

3

3) ауылдық жерлерде тұратын білім беру саласының мамандарына 2005 жылғы 11 наурыздағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаттың № 10/146-ІІІ шешімімен бекітілген «Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы» ережесіне сәйкес отын сатып алу үшін 1000 (бір мың) теңгеден әлеуметтік көмек беруге қаражат ескерілді.

5

5. «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18-бабына сәйкес ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт салалары қызметкерлеріне қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайларда шұғылданатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда еңбекақылары (тарифтік ставкалары) 25 пайызға көбейтіліп төленсін.

6 6. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен түсетін мынадай мөлшердегі трансферттер берілгені ескерілсін:

1 1) нысаналы даму трансферттері - 41029 мың теңге, оның ішінде:

Зайсан ауданы Зайсан қаласындағы стадионды реконструкциядан өткізуге 25000 мың теңге;
Зайсан қаласы Кондюрин көшесіндегі 20 бір пәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік желілерінің құрылысына - 9029 мың теңге;
Зайсан қаласындағы жеке меншік тұрғын үй құрылысы инженерлік - желілерінің құрылысының жобалық-сметалык құжаттарына - 7000 мың теңге;

2 2) ағымдағы нысаналы трансферттер - 10896 мың теңге, оның ішінде:

оқу орнын бітіргеннен кейін селолар мен ауылдарда жұмыс істеуге тілек білдіруші жас мамандарға (мұғалімдерге, дәрігерлерге) материалдық көмек көрсетуге - 724 мың теңге;
азаматтардың кейбір топтарына (Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Ұлы Отан соғысының мүгедектері және оларға теңестірілген адамдарға, жесірлеріне) материалдық көмек көрсетуге - 7968 мың теңге;
аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды жоғары оқу орындарында оқыту үшін (оқудың құны, стипендия, жатаханада тұру) - 2204 мың теңге.

7 7. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2008 жылға арналған резерві 7000 мың теңге болып бекітілсін, оның ішінде:

төтенше резерв - 3000 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерв - 4000 мың теңге.
8.2 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларға бөлінген даму бюджеті бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
9.3 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджетті атқару барысында секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

10

10. Шығыс Қазақстан Облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы «Облыстық бюджет пен облыстың қалалары мен аудандары бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемі туралы» № 3/29 -IV шешімі бойынша облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 2008 жылы субвенция 1007154 мың теңге көлемінде бөлінгені ескерілсін.

11 11. Осы шешім 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

22 Зайсан аудандық мәслихатының

2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 4-2 шешіміне 1 қосымша

23 Зайсан аудандық мәслихатының

2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 4-2 шешіміне 2 қосымша

24 Зайсан аудандық мәслихатының

2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 4-2 шешіміне 3 қосымша