2008 жылғы әлеуметтік жумыс орындарын, жастар іс - тәжірибесін ұйымдастыру және нысаналы топтарды анықтау туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылғы әлеуметтік жумыс орындарын, жастар іс - тәжірибесін ұйымдастыру және нысаналы топтарды анықтау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы » Заңына, облыстық әкімияттың 2004 жылғы 5 шілдедегі № 509 «Нысаналы топтарға жататын адамдарды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және оларды қаржыландыру ережелері туралы» қаулысына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар іс-тәжірибесі ұйымдастырылатын ұйымдар мен мекемелердің тізбесі, оларды ұйымдастыру ережелері мен кәсіби оқуға жіберілетін жұмыссыздардын жол жүру, тамақтану, жататын орын, медициналық куәландыру ережелері және нысаналы топқа жататын адамдар тізбесі бекітілсін (№ № 1 - 6 қосымшалар).
Тармақ 2
2. Қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж.Шоқаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Үржар аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 604 «2007 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру мен қаржыландыру және нысаналы топтарды анықтау туралы» қаулысының (әділет басқармасында 2007 жылы 29 қаңтарда тіркелген, № 5-18-42) күші жойылды деп саналсын.
Басқа 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі
2008 жылғы «14» қаңтардағы
Үржар аудандық әкімдігінің
№ 2 қаулысына № 1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Үржар ЖМК-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Тармақ 2
2. Ашық акционерлік қоғам «Үржар -Астық»
Тармақ 3
3. Жеке кәсіпкер «Тлеубердиева»
Тармақ 4
4. «Үміт жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Тармақ 5
5. ШҚО «Қазақавтодор» РМК филиалы № 24 жол жөндеу учаскесі
Барлығы: 10 адам
Үржар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік багдарламалар
бөлімінің бастығы
С. Семенова
Басқа 11. Жастар іс-тәжірибесін
ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі.
2008 жылғы «14» қаңтардағы
Үржар аудандық әкімдігінің
№ 2 қаулысына № 2 қосымша
Жастар іс-тәжірибесін
ұйымдастыратын ұйымдардың тізбесі.
Тармақ 1
1. Үржар аудандық әділет басқармасы
Тармақ 2
2. «Темірбанк» АҚ СФ
Тармақ 3
3. Үржар аудандық почта байланысы торабы «Казпочта» АҚ
Тармақ 4
4. Аудандық қазынашылық бөлімІ
Тармақ 5
5. Аудандық салық инспекциясы
Барлығы: 7 адам
Үржар аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік багдарламалар
бөлімінің бастығы
С. Семенова
Басқа 17. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ережелері
2008 жылғы «14» қаңтардағы
Үржар аудандық әкімдігінің
№ 2 қаулысына № 3 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
ережелері
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер жұмыссыздар мен нысаналы тобына жататын жұмыспен қамтылмаған адамдарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін белгілейді, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен (меншік иесіне байланыссыз) негізгі жағдайларды және есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы ережелер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына, және 2005 жылғы 22 қазандағы № 84-III «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Осы ережелерде қолданылған негізгі түсініктер:
- әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақытөлеу шығындары ішінара өтелетін уақытша жұмыс орны.
- Нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиыншылықтарға кездесетін және әлеуметтік қорғауды талап ететін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен, жергілікті атқарушы органдармен белгіленген адам топтары.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасындағы еңбек, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері таратылады.
Тармақ 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналасу тәртібі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналасу тәртібі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаражатынан қаржыландыратын және осы жұмыс орнына алынған азаматтардың еңбек ақысы шығындарын жергілікті бюджет қаржысынан жартылай өтеуімен жұмыс беруші белгілейді.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің жазбаша келісімі бойынша ұйымдардың (кәсіпорындардың) тізбесін және оған жұмыссыздар мен нысаналы топқа жататындарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының санын анықтайды.
Тармақ 7
7. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарына алынған азаматтардың еңбек төлеміне шыққан шығынды жартылай өтеуді екі жақтың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек төлемінің мөлшері мен шарттары, қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетілген келісім - шартқа сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыздармен нысаналы топқа жататындар арасында таңдау жүргізеді.
Тармақ 9
9. Жұмыс беруші жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырып және оны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен жайына жібереді.
Тармақ 10
10. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орынына қабылдарда жұмыс беруші онымен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жасалған еңбек шартында көрсетілген Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес еңбек шартына (контрактқа) отырады.
Тармақ 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың
көздері мен жағдайлары.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың
көздері мен жағдайлары.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орынына қабылданған жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын азаматтардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен орындайтын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты жүзеге асады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған азаматтардың еңбегіне төленген шығындары жұмыс берушілердің осы айда жұмыссыздардың жұмыс істеген күндері көрсетіліп, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне берген атқарылған жұмыстар туралы актілер негізінде алты айдан аспайтын мерзімге 0,5-тен 1,0 дейінгі ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жартылай өтеледі.
Жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған азаматтардың еңбегінің төлемі бойынша дотация «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту бағдарламасы қаржысы есебінен жұмыс берушілердің есеп шоттарына аударылады.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың және нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек ақысына заңнамаға сәйкес тәртіпте салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орынына орналасқан, жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемі нақтылы орындалған жұмыс көлеміне жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Жұмыссыздар мен нысаналы топтарға жататын жұмыспен қамтылмаған адамдардың еңбек төлемін жартылай өтеу үшін кәсіпорынның есеп шотына түскен бюджет қаржыларын орынды пайдаланбағаны үшін жұмыс беруші жауап береді.
Тармақ 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау.
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін сақтауға бақылауды белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Семенова
Басқа 38. «Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі
2008 жылғы «14» қаңтардағы
Үржар аудандық әкімдігінің
№ 2 қаулысына № 4 қосымша
«Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі
ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. «Жастар іс-тәжірибесін» ұйымдастыру жөніндегі ереже бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіншіліктерін кеңейту және олардың тәжірибе, білім, дағды алу мақсатында әзірленді.
Тармақ 1.2
1.2. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4, 5, 7, 9, 12 баптарына, 2005 жылғы 22 қазандағы № 84-III «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 1.3
1.3. Ереже жұмыспен қамту қызметінде тіркелген бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мәселесі, алғашқы жұмыс тәжірибесін алу, жұмысқа орналасу және еңбек рыногіндегі бәсекелестікке қабылеттігін арттыру жөнінде уәкілетті органдардың (одан әрі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі) бағыттарының бірін айқындайды.
«Жастар іс - тәжірибесі» мекемелерде, кәсіпорындарда (одан әрі «Жұмыс беруші») ұйымдастырылып өткізіледі. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жұмыс берушімен» келісім шарт негізінде бірлесіп әрекет жасайды.
Тармақ 1.4
1.4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «жастар іс-тәжірибесіне» жіберу үшін еңбек рыногіндегі жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын есепке ала отырып, оқу орындарын бітірген жұмыссыздардың санын белгілейді.
Тармақ 2. 2.«Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру
2.«Жастар іс - тәжірибесін» ұйымдастыру
Тармақ 2.1
2.1. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жастарды жұмыспен қамту саласындағы аумақтық еңбек рыногіндегі жағдайды талдау негізінде «жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөнінде шешім қабылдайды.
Шешім қабылдағанда келесі жағдайлар есепке алынады:
- оқу орындарын бітірген жұмыссыздар саны және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы олардың үлесі;
- жастар арасында ұзақ жұмыс істемейтін оқу бітірушілердің санының өсуі;
- бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналасу мүмкіншілігін төмендететін еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша дағдысының жоқтығы.
Тармақ 2.2
2.2. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізу жөніндегі шешімді қабылдағаннан кейін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму және өндірісін кеңейту болашағы бар, жұмыс орындарында еңбек жағдайы бар, «жастар іс-тәжірибесіне» қатысушыларға потенциалды жұмыс беруші бола алатын мекемелер жөнінде ақпарат жинау жұмыстарын жүргізеді.
Тармақ 2.3
2.3. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі оқу орындарын бітірген жұмыссыздарды «жастар іс-тәжірибесіне» қатыстыру үшін іріктейді. Іріктеу жағдайлары төмендегідей болуы мүмкін:
- жұмыссыз ретінде «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі есебінде тұрады;
- іріктеп алу кезінде қатысушыларға лайықты жұмыстың болмағаны;
- жасы 24 жасқа дейін қоса.
«Жастар іс - тәжірибесіне» жұмыссыздардың келісімімен 6 айға дейін жіберіледі.
Тармақ 2.4
2.4. «Жастар іс - тәжірибесін» өткізуді «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдарымен, жастар істері жөніндегі комитеттермен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа мекемелермен бірлесіп ұйымдастырады.
Тармақ 2.5
2.5. Жұмыссыз оқу орынын бітірушіні уақытша жұмысқа алуға келісім берген мекемемен «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік меқемесі келісім шарт жасайды.
Келісім шарт жұмысқа алынатын азаматтар санын, «жұмыс беруші» жұмыссыз жастарды жұмысқа алатын мамандықтар (кәсіптер) бойынша тізімді, «жастар іс - тәжірибесіне» қатысушылардың мамандыққа сәйкес кәсіби білім мен әдіс алуын қамтамасыз ететін міндеттерін қарастыруы тиіс.
Тармақ 2.6
2.6. Отырған келісім шартқа сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «жастар іс-тәжірибесі» таңбасы бар жолдамасымен жұмыссызды кәсіпорынға жібереді.
Жұмыссызды белгілі жұмыс орынына алу жөніндегі шешімді келісім шарт негізінде «жұмыс беруші» қабылдайды. «Жұмыс беруші» жолдаманың үзінді талонын толтырып, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекен жайына жолдайды.
Тармақ 2.7
2.7. Жұмыссызды уақытша жұмысқа алу жөнінде шешім қабылдаған жағдайда «жұмыс беруші» «Еңбек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісім шартта ескертілген мерзімге онымен еңбек келісім шартқа (контрактқа) отырады. «Жастар іс - тәжірибесінің» басталуы алдында жұмыс беруші қажет жағдайда жұмыссызды жұмыс орынына жіберуге міндетті қосымша курстық даярлықтан өткізеді.
Тармақ 2.8
2.8. «Жұмыс беруші» жұмыссызды жұмысқа орналастырған жағдайда «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылдаған мерзімнен 3 күн ішінде еңбек контрактысының көшірмесі мен уақытша жұмысқа қабылдау жөніндегі бұйрықтың көшірмесін береді.
Тармақ 2.9
2.9. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы еңбек тәртібін бұзған жағдайда «жұмыс беруші» бір жақтық тәртіпте келісім шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 2.10
2.10. «Жұмыс берушінің» тарапынан жұмыссызбен келісім шарт бұзылғанда жұмыс беруші «жастар іс - тәжірибесі» қатысушысының жұмыстан босағаны жөнінде 3 күн аралығында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ақпарат береді.
Кәсіпорыннан жұмыстан босатылу Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
Жұмыссыз «жастар іс - тәжірибесіне» қатысуын тоқтату жөніндегі шешімін «жұмыс берушіге» және «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 3 күн ішінде хабарлайды.
Тармақ 2.11
2.11. Келісім шарттың мерзімі өткеннен кейін «Жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне азаматты еңбек келісім шарты (контракт) бойынша жұмысқа қабылдағаны жөніндегі немесе оның жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Тармақ 2.12
2.12. «Жұмыс берушінің» шешімі бойынша жұмыссыз «жастар іс - тәжірибесін» өту мерзімінің аяқталуына дейін тұрақты жұмыс орынына орналаса алады. Онда «жұмыс беруші» «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «жастар іс - тәжірибесіне» қатысушының еңбек келісім шарты бойынша (контракт) жұмысқа алынғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін жібереді.
Тармақ 2.13
2.13. Келісім шарт мерзімі аяқталғанда «жұмыс беруші» «жастар іс - тәжірибесіне» қатысушының «жастар -іс тәжірибесін» өткені туралы пікірлерін ұсынады.
Тармақ 2.14
2.14. «Жастар іс - тәжірибесі» аяқталғанда осы немесе басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыз «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепте тұруын жалғастырады.
Тармақ 3. 3. «Жастар іс - тәжірибесінің» қаржылануы.
3. «Жастар іс - тәжірибесінің» қаржылануы.
3.1. «Жастар іс - тәжірибесінің» қаржылануы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуына бекітілген шығындар сметасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақ 3.2
3.2. Маманды жұмыс орынына жіберуге қажетті қосымша курстық даярлықтың төлемі жұмыспен қамту бағдарламасында жұмыссыздардың кәсіби даярлығына қаралған қаржаттар есебінен жүзеге асады.
Тармақ 3.3
3.3. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушының еңбек төлемі төмендегі мөлшерде жүргізіледі:
- толық айға бастауыш және орта кәсіби білім оқу орындарын бітіргендерге 1 ең төмен еңбек ақы;
- толық айға жоғары оқу орындарын бітіргендерге 1, 2 ең төмен еңбек ақы.
Тармақ 3.4
3.4. «Жұмыс беруші» «жастар іс - тәжірибесінің» қатысушысына өз есебінен қосымша төлем жасай алады.
Тармақ 3.5
3.5. «Жастар іс - тәжірибесі» қатысушыларының еңбек төлемі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржысынан олардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 3.6
3.6. «Жастар іс - тәжірибесіне» қатысушы жұмыссыздарға есептелген еңбек ақыга тиісті заңнамаларға сәйкес салық салынады.
«Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С. Семенова
Басқа 65. Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыздардың және нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
2008 жылғы «14» қаңтардағы
Үржар аудандық әкімдігінің
№ 2 қаулысына № 5 қосымша
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыздардың және нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ережелер «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) өтініш беруші - кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
Тармақша 3
3) нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азамат - қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысаналы топқа енгізілген азамат.
Тармақ 2
2. Облыс және аудан шегінде тұруга, тамақтануға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу өтініш берушіге жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Облыс және аудан шегінде тұру, тамақтану, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шыгындарының өтеуін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемелері жүргізеді.
Тармақ 4
4. Медициналық куәландыру шығындары кәсіби даярлықты анықтауды талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге нәтижесіне қарамастан төленеді.
Тармақ 5
5. Өтініш берушілер медициналық куәландырудан қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемелердің жолдамасы бойынша өтеді.
Тармақ 6
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынган күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен кейін бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыздар, сондай-ақ нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаган азаматтар шығындарды өтеу кұқыгына ие.
Тармақ 2. 2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 8
8. Өтініш беруші қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
Тармақ 9
9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.
Тармақ 3. 3. ҚАЖЕТТІ ҚУЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
3. ҚАЖЕТТІ ҚУЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
Тармақ 10
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымал түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.
Тармақ 4. 4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
Тармақ 11
11. Шығындардың толық өтелуі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру - құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
Тармақша 2
2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) өзге жерден келген өтініш берушілер қалаларда оқып, жатақханаларда тұрған жағдайда - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына төрт айлық есептік көрсеткіштен артық емес. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айына төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақша 2
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа жерлерде оқып, жатақханаларда тұрған жағдайда - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айына екі айлық есептік көрсеткіштен артық емес. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 13
13. Қалаларда оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 4 айлық .есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 5. 5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 14
14. Шығындарды өтеудің төлемі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бағдарламасын орындауға қаралған аудандық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып, қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Өтініш берушіге өтеу шығындарының толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
С. Семенова
Басқа 99. Нысаналы топтарға жататын адамдар:
2008 жылғы «14» қаңтардағы
Үржар аудандық әкімдігінің
№ 2 қаулысына № 6 қосымша
Нысаналы топтарға жататын адамдар:
- қамтамасыз етілмегендер;
- бірде-бір жұмыс істейтін адамы жоқ отбасылардан;
- 16-дан 25 жасқа дейінгі жастар;
- ата-анасының қамқорлыгынсыз қалған 25-жасқа дейінгі балалар мен жетім балалар;
- кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті көп балалы ата-аналар;
-- 50 жастан асқан әйелдер;
- мүгедектер;
- оралмандар;
- Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен бекітілген тәртібімен тұрақты күтімді, көмек пен бақылауды қажет ететін жандары бар азаматтар;
- зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
- Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан босағандар;
- мәжбүрлеп емдеу және бас бостандығынан айыру орындарынан босап келгендер;
- наркотәуелділер;
- ВИЧинфекциялылар.
Үржар аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
С. Семенова