О квотировании рабочих мест для инвалидов в Есильском районе на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Есіл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 5-2) және 5-4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету және жұмысқа қабылдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылы Есіл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен камту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Бектасова Айнагүл Кәкімжолқызы) белгіленген квота туралы үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілерді хабардар етсін және квота есебіне бөлінген жұмыс орындарының толықтырылуы мониторингін жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралык ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Т. Мұқашевке жүктелсін.
Басқа 5. 2008 жылы Есіл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін жұмыс берушілердің тізімі.
Есіл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы «21» желтоқсан № 395 қаулысына қосымша 2008 жылы Есіл ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін жұмыс берушілердің тізімі. № Кәсіпорын атауы Жұмыс орындарының саны 1 «Явленка-Норд ХПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 2 «Пушкинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 3 «Дальнее» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 4 «Ильинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 5 «Заградовское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 6 «Столыпинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 7 «Атамекен Агро Есиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 Барлығы аудан бойынша 11