2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-П Бюджет кодексінің 63 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Төмендегі көлемдегі 2008 жылға арналған аудан бюджеті 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақша 1
1) кірістер- 1 342 773 мың теңге, оның ішінде:
салықтар бойынша- 103 187 мың теңге;
салықтан тыс түсімдер- 626 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер- 3 658 мың теңге;
трансферттердің түсімдері- 1 235 302 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар- 1 342 773 мың теңге;
Тармақша 3
3) перациялық сальдо- 0
Тармақша 4
4) таза бюджеттік несиелеу- 0
Тармақша 5
5) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо- 0
Тармақша 6
6) бюджеттің тапшылығы (артықшылығы)- 0
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (артықшылығын пайдалану)- 0
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес төмендегі салықтық түсімдер есебінен құрылатыны белгіленсін:
жоғарғы тұрған бюджетке аударылатын сомасынан басқа әлеуметтік салықтан;
жоғарғы тұрған бюджетке аударылатын сомасынан баска табыс салығынан;
жеке және заңды тұлғаларға салынатын көлік салығынан;
жер салығынан;
бірыңғай жер салығынан;
республикалық бюджетке аударылатын акциздерден басқа акциздерден;
табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдерден;
республикалық бюджетке аударылатын алымдардан басқа кәсіпкерлік және кәсіби қызметтерді жүргізгені үшін жиналатын алымдардан;
республикалық бюджетке аударылатын мемлекеттік баждар мен консульдық алымдардан басқа мемлекеттік баждан.
Тармақ 3
3. Аудандық бюджеттің кірістері келесі салықтық емес түсімдер есебінен құрылатыны белгіленсін:
Аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүліктерді жалға беруден түсетін кірістерден;
Тармақ 4
4. Аудандық бюджеттің кірістері келесі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен құрылатыны белгіленсін:
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерден басқа жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден;
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған бюджет шығыстарында ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларының қызметкерлеріне отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге төлемдер көзделгені белгіленсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылғы аудан бюджетінде төмендегілерді жүзеге асыру:
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексіне сәйкес жергілікті бюджет есебінен азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы 30 күнтізбелік күн ұзақтығындағы ақылы еңбек демалысын беріп, бір лауазымдық жалақы мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысын және 238 баптың 2 тармағының негізінде ауылдық жерде қызмет ететін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларының азаматтық қызметшілеріне 25% өскен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын төлеу;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бастауыш білім беру қызметкерлерінің бір жұмалық нормативтік оқу жүктемесінің 20 сағаттан 18 сағатқа дейін кемітілуі есепке алынсын.
Тармақ 7
7. 2008 жылға арналған жергілікті атқарушы органның резерві 4 500 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
шұғыл шығындарға - 4 500 мың тенге.
Тармақ 8
8. 2008 жылғы аудан бюджетінің бюджеттік дамыту бағдарламаларының тізбесі инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлумен 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылғы жергілікті бюджеттің орындалуы барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 10
10. 2008 жылға арналған әрбір ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстарында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер көзделгені 5 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 12
12. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте келесі көлемдегі республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер ескерілсін:
Тармақша 1
1) инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға барлығы 154 802 мың тенге, оның ішінде:
сумен қамсыздандыру жүйесіне-154 802 мың тенге;
Тармақша 2
2) жаңадан енгізіліп отырған білім беру объектілерін ұстауға -16 558 мың тенге;
Тармақша 3
3) ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге-12 025 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - 6 743мың теңге
аз қамтамасыз етілген отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақы төлеуге -5 282 мың тенге;
Тармақша 4
4) 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін-32 799 мың тенге, оның ішінде:
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің физика, химия, биология кабинеттерін құрал-жабдықпен жабдықталуына-17 555 мың теңге;
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік жүйесіне интерактивтік жүйені енгізуге-4 161 мың теңге;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қызметшілердің компьютерлік сауаттылығын арттыруға -322
Тармақша 6
6) электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға-5 252 мың теңге;
Тармақ 13
13. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Басқа 27. 2008 жылға арналған Уәлиханов ауданының бюджеті
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 желтоқсандағы №2-4с
шешіміне № 1 қосымша
2008 жылға арналған Уәлиханов ауданының бюджеті
Басқа 28. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттік дамыту бағдарламалардың тізбесі
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 желтоқсандағы №2-4с
шешіміне № 2 қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджеттік дамыту бағдарламалардың тізбесі
Басқа 29. 2008 жылдғы аудандық бюджеттің орындалуы барысында секвестіруге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар Тізбесі
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 желтоқсандағы №2-4с
шешіміне № 3 қосымша
2008 жылдғы аудандық бюджеттің орындалуы барысында секвестіруге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар Тізбесі
Басқа 30. 2008 жылға арналған әрбір ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік Тізбесі
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 желтоқсандағы №2-4с
шешіміне № 4 қосымша
2008 жылға арналған әрбір ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік Тізбесі
Басқа 31. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» атты 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлем жүргізу
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 желтоқсандағы №2-4с
шешіміне № 5 қосымша
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» атты 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлем жүргізу