Об организации общественных работ в районе на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармақшасының және 20 бабының 5 тармағы 2 тармақшасының негізінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының бабы тармағының тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2008 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Н.И.Плотникова):
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар өткізу үшін аудандық бюджетте жылға көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа жіберуді іске асырсын;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарды өткізу жөнінде ұйымдармен шарт жасаған кезде әрі қарай жұмысқа орналастырылу мүмкіндігін ескерсін;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың еңбекақысын төменгі айлық еңбекақы есебі мен атқарған жұмыс уақытына сәйкес жұмыссыздар есепшотына қаржы аудару жолымен төлесін.
Тармақ 3
3. Осакаров ауданының қаржы бөлімі (С.Ж.Ыдырысов) қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу ақшалай қаражатты уақытылы бөлуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нүркен Сәйфиддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. 2008 жылы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын ауданның ұйымдары мен мекемелерінің және қоғамдық жұмыстың түрлері мен көлемінің тізбесі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 62/01 қаулысына қосымша 2008 жылы жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын ауданның ұйымдары мен мекемелерінің және қоғамдық жұмыстың түрлері мен көлемінің тізбесі № Ұйымдар және мекемелердің атауы Адам саны Жұмыстар және қызмет түрлері ҚЖ қатысу мерзімі (ай) Жұмыс көлімі 1 Кенттер мен селолық округ әкімдерінің аппаратары 291 - Тұрғындар үйлерін аралау, кенттер мен селолық округтердің әлеуметтік картасын құруға қатысу, статистикалық тексеру; - ТҮКШ-ның аумақтар мен елді мекендер және бейіт маңайын жинауды ұйымдастыру жұмысына көмек көрсету; - құрылыс және жол жөндеу су коммуникациясын орнату, мелиорация жұмысын жүргізу; - тұрғын үй құрылысына және күрделі жөндеу жұмысына қатысу, сондай – ақ әлеуметтік мәдени объектілер маңыздағы құрылысқа қатысу - Ескерткіштерді қалпына келтіру және күзету; - Аумақтың экологиялық сауықтырылуы («Жасыл ел», «Ағаш отырғызу»); - Мәдени маңызды көпшілік шараларды, мерейтой, даталы мейрамдар өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсету. - республикалық аумақтық қоғамдық компания өткізуге, қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізуге көмек көрсету. - Жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету. - «Қайырымыдылық», «Құрылыс бригадалары», «Аула клубы», «Түлек», «Педагог- тәрбиеші» бағдарламаларына қатысу. Медициналық, тігін және шаштараз басқа да қызметтер (қайырымдылық асхана) көрсету жөніндегі әлеуметтік- тұрмыстық орталықтар жұмысын жалғастыру. - ҚР зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заңдарын түсіндіру бойынша кеңес беру нункттерін ұйымдастыруға қатысу; 1-6 0,5-1 1-3 1-3 0,5 0,5 1 1-6 0,5-1 1-11 1-11 9325 аула 200 шақырым 24 объект 8 ескерткіш 1500 дана 77 адам 22 пункт 2 Мәдени - сауық орталығы 6 Абаттандыру, көгалдандыру, орталық мәдени және демалыс паркісі аумағын жинау 2 7 1407 дана 3 Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі 6 6 8 2 - Осакаровка кентінде медициналық, тігін және шаштараз қызметтерін көрсету орталығының жұмысы - Мәдени маңызды көпшілік шараларды, мерейтой, даталы мейрамдар өткізуді ұйымдастыруға көмек көрсету. - Жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету, Қарттар үйіне қызмет көрсету. - Әлеуметтік қызмет: аулалық аралау, материалдық тұрмыстық актісін жасау, құжаттар тігу, істер қалыптастыру. 1-11 2 2000 адам 74 адам 58 тұрғын үй 58 акт 58 іс 4 Осакаров ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлім 9 Азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыруға техникалық көмек көрсету (жеке істерді тігу, шақыру қағазын тарату) 3 3500 дана 8500 дана 5 Осакаров ауданы бойынша салық комитеті 18 Мүлік пен көлік және салығының төлемі бойынша хабарламалар көшірмесін (әрбір аулаға) жазу және жеткізу 3 5000 дана 3000 дана 10000 дана 6 Прокуратура 12 2007 жылғы нарядтар мен істерді тігу, қалыптастыру, мұрағаттық құжаттар тізімдемелерін кұру. Мұрағатқа тапсыру үшін істерді қалыптастыру және мұрағаттық құжаттарды өндеу. 2 2000 дана 7 Әділет басқармасы 8 Мұрағаттық кітаптарды жартылай жаңарту, кітаптарды тігуге әзірлеу және дауындау, аулалық аралау, сұраным жқніндегі ізденіс 3 18000 дана 4560 тұрғын үй 3000 сұрау 8 Зейнетақы және жәрдемақы төлейтін мемлекеттік орталық 4 Ағамдық және ұзақ мерзімді сақталатын мұрағаттық зейнетақы және жеке істерін өңдеу және көшіру 3 13983 іс 9 Қарағанды облысы соттар әкімгерлерінің Осакаров аумақтық сот орындаушылар учаскесі 4 Мұрағат құжаттарын өңдеу, хабарламалар жеткізу 3 1200 іс 10 Осакаров аудандық кітапханасы 6 Жеңіл жөндеу жұмысы, кітап корын тексеруге көмек көрсету 2 800 ш.м. 45000 экз. 11 Осакаровка филиалының «Жылжымайтын мүліктер орталығы» АМК Осакаров филиалы 2 Инвентарлық істерді өндеу және таратып салу 3 6000 дана