Об организации социальных рабочих мест в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы I тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабын, 7 бабының 5-4) тармақшасын негізгі алып, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу үшін Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы ұйымдар мен кәсіпорындарында құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтарды жұмысқа орналастыру қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2008 жылы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушінің әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздар шығынының жартылай өтемақысының бюджетінен айына ең төменгі жалақы мөлшерінен 50 пайыз көлемінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Жұмыссыздардың еңбекақыларын дербес шоттарына енгізу жолымен қалалық бюджет қаражатынан төленсін.
Тармақ 5
5. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы 2006 жылы 25 желтоқсандағы № ә-23/724 «2007 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2007 жылдың 6 қаңтарында № 1-2-62 тіркелген, 2007 жылдың 11 қаңтарында № 2 (264) «Престиж» газетінде жарияланды);
Тармақша 2
2) Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № ә-5/213 «Степногорск қаласының әкімдігінің 2006 жылы 25 желтоқсандағы № ә-23/724 қаулысына өзгерістер енгізуі (Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 21 маусымда № 1-2-69 тіркелген, 2007 жылдың 5 қазанда № 32 (32) «Степногорск ақшамы» жэне «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған).
Тармақ 6
6. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
Басқа 10
Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № ә-18/608 қаулысымен бекітілген 2008 жылда әлеуметтік жұмыс орындарын құратын ұйымдардың және кәсіпорындардың тізбесі № р/с Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы Мамандық 1. «Қазпошта» АҚ АҚФ Операторлар 2. «Руслан и Жанна» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адам және күзетші 3. «Шаңтөбе - Сервис» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 4. «Рахат» ӨК Әр түрлі жұмыстағы адам және газэлектр пісіруші 5. «Шаңтөбе - Энерго» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 6. Зенченко ЖК Тігіншілер 7. Джиоева ЖК Күзетшілер 8. «Молодежный» ПИК Сылақшы-сырлаушылар, теміршебер-сантехниктер, көгалдандырушылар, маңай тазалаушылар, әр түрлі жұмыстағы адамдар 9. «Весна» ПИК 10. «Вита-СТ» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар және этикетка желімдеушілер 11. «Жатақхана» ЖШС Маңай тазалаушы, сырлаушылар 12. «Джет-7» ЖШС Әр түрлі жумыстағы адамдар 13. «Биоком» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 14. «Школьное питание» ЖСШ Аспазшылар және наубайшылар 15. Волосникова ЖК Асхана жұмысшылары 16. Бекмағамбетова ЖК Асхана жұмысшылары 17. Кенжин ЖК Тігіншілер, сатушы, жүк тасушы 18. «Время» ШҚ Әр түрлі жұмыстағы адамдар 19. «Олжас» ШҚ Әр түрлі жұмыстағы адамдар 20. «Агро-Шанс» ЖШС Күзетшілер және асхана жұмысшылары 21. «Южный» ПИК Сыпырушылар, теміршебер- сантехник 22. «Горняк» ПИК Маңай тазалаушылар 23. «Машзауыт Мұнай» ЖШС Әр түрлі жұмыстағы адамдар 24. «Орман шаруашылығы» Степногорск ММ Әр түрлі жұмыстағы адамдар 25. «МЖК» ПИК Теміршебер-сантехник, кезекші, сыпырушы, жай тазалаушы, ағаш жөндеуші 26. «Заводской» ПИК Сыпырушылар 27. Калимуллин ЖК Әр түрлі жұмыстағы адамдар 28. Нұрахметова ЖК Әр түрлі жұмыстағы адамдар Аббревиатураның толық жазуы: АҚ АҚФ - Акционерлік қоғам акционерлік қоғамының филиалы ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік; ӨК- өндірістік кооператив; ПИК - пәтер иелерінің кооперативі; ЖК - жеке кәсіпкер; ШҚ- шаруашылық қожалығы; ММ - мемлекеттік мекеме.